215
Сүлеймен қарақшы
қан қақсататын Исламқұлға ақыры өкiмет түк iстей алмады ма,
ендi мен Сүлеймен жағындамын. Осы үшiн де “Қоқанбазар”
мен Алтынбесiк ата сағанасы
айналасындағы көп жұрттың
бiр де бiреуiнiң көзiне түсiрмей, тал түсте осы Сүлеймендi
Исламқұлдың алдына апарамын.
— Осы үнемi бұғаудың кiлтiн қашан ашудың, жiп түйiнiн
қалай шешудiң мәнiсiн бiлiп жүретiн жiгiт-ей. Өткен жолы сенi
ләзiреттен қалай шығарудың да жолын осы тапқан-ды. Қане,
қандай жолмен мұны Исламқұлға апармақсың? Айтшы.
Ажан шарт жүгiне, қолдарын сермей, қазiр ғана басына келген
жоспары туралы айта бастады. Бәрi соның сөзiн мақұлдағандай,
бастарын шұлғып отырды.
— Бiзге жаңа айтқаныңдай, ең жақсы уақыт — күн шығар
мезгiл. Бiрақ дәл осы уақытта
көшенiң бас жағындағы қалың
тұттың панасында Аязбек пен Төрекелдi бiздi аттарымен күтiп
тұруы керек. Артымыздан бiреулер оқ атып, қиын-қыстау шақ
туа қалса, дереу қышлақтан кетуiмiз қажет.
— Оны қашан iске асырамыз?
— Ертең болмайды. Ең жақсысы — бүрсiкүнi. Ертең Аязбектер
аттарды дайындасын. Ал өзiм кешке сол жақты бiр шолып
қайтайын. Исламқұлдың да, Шалпардың да үйiнде
екенiне көз
жеткiзейiн. Бәрi де ойдағыдай болса, Аязбек, Төрекелдi үшеумiз
саған келемiз.
— Сонда мен ештеңеге араласпаймын ба?
— Жоқ, Пұсырманқұл. Бала-шағаң бар адамсың. Оларды
қатерге тiкпей-ақ қой.
Сүлеймен Бойтанның үйiнде тағы бiр күндi зорға өткiздi.
Ертесiне түс ауа қос есек жегiлген арбасына мiнiп, Ажан келдi.
— Бүгiн Исламқұлды да, Шалпарды да көрдiм. Екеуi де
үйлерiнде. Аязбек пен Төрекелдi
аттарымен уәделi жерде
күтетiн болды. Ал, ендi, жатып демалайық. Құдай қаласа, азанда
“Қоқанбазарға” қарай жолға шығамыз.
Азанда күн шықпай, екеуiн Бойтан оятты. Асығыс-үсiгiс
бiр-екi кеседен шәй iштi де, жолға жиналды. Жолдары алыс
емес. Бiрақ қауiптi. Сүлеймен арбаның үстiндегi шөп астына
жасырынды. Ажан
қос есектiң шылбырын ұстап, арба алдына
отырды.
— Ыһы, жануарлар. Егер бүгiн екеуiңдi арбамен қосып, тәжiк
қышлақтың ортасына тастап кетсем, менi кешiрiңдер, — деп ұзын
қамшысымен олардың арқаларын сабалай, қақпадан шықты.