Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет18/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
керек. Дегенмен мұның бiр сыры бар. Жаңағы Әрiпбайдың бiр 
аты ғана емес, бұл жерден өтем деп үмiттенген талай адам ат-
матымен суға кеткен.
— Құдай сақтасын. Бұдан былай бұл жолмен өткiзбешi бiздi.
— Ойпырмай, Көбек-ау. Сен де қорқaды екенсiң-ау, ә? Бұрын-
соңды мұндай әңгiменi сенiң аузыңнан естiмеушi едiм.
— Жасың елуден асқанда әр нәрседен үркек келедi екенсiң. 
Оның үстiне соңыңнан ерген мына жас балдардың бiрi жазатайым 
болып қалса, ел алдында да, Досекеңнiң алдында да мен жауапты 
болмаймын ба? Қара жердiң үстiнде болса, келген тажалды көрiп 
алармыз. Ал мына тiлсiз жау — су патшасы Сүлеймен назаланса, 
оған қылар айламыз, әлбетте, жоқ.
— Жә, Көбек, қой ендi. Бар қауiп артта қалды. Жайылма 
өткелiмен айналсақ, Қотырбұлаққа таң ата бiр-ақ жетер едiк. 
Қиын болса да, төте жол тауып бергенiме ырза болмайсың ба? 
Киiмдерiңдi сығып болсандар, атқа қонайық. Қaтты желiспен 
жүрейiк. Аттардың денесi жылынсын.
Ұрылар тауды бетке алды. Орталарындағы “тұр” десе 
тұратын, “жат” десе жататын, өзiндiк билiгi жоқ Сүлеймен 
тағы ойға батып келедi. “Кеше ғой, Көбек “Әулиетасты” қалай 
табу керектiгiн ашып айтпады. Ендi мына Елсапасы арқыраған 
тажалсудың ортасындағы өткелдiң құпиясын айтпайды. Сiрә, 
ұрылар қанша дос болса да, бiр-бiрiне сырларын айтпайды-ау 
деймiн. Әнеукүнi үйiнде отырғанда Көбек: “Әр ұрының сезгiш 
ит сияқты бөлекше бiр сезiмi болады. Бiрақ оны басқаларға 
айтпайды” — деп бiр ойдың ұшын шығарып едi. “Ол қандай 
сезiм?” — деп сұрамаппын-ау сонда. Әй, сұрасам да айтпайтын 
шығар. Қай жерде келе жатырмыз өзi? Көбекең де қызық. Осы 
жердiң бәрiн қолы боста маған күндiз бiр аралатып көрсетпей 
мa? Мынау ғой ендi, осылардың жетегiндегi малдай болып, қай 
жерде екенiмдi бiлмей дал болудамын».
Бiр кезде: “Қотырбұлаққа жақындадық. Осы жерге аялдайық”, 
— деген Елсапаның даусы шықты. Бәрi аттарының басын iрiктi. 
Тоқтаған жерлерi қай тұс екенiн Елсапа мен Көбек ажыратпаса, 
Сүлейменге қара түнек басқан бұл маң бөтен әлем. Сол қара 
түнекке қадала, алды жаққа көз салып едi, сонадайдан жылтырап 


39
Сүлеймен қарақшы
жанған от көрiндi. От сай iшiнде, бұлар тұрған жерден пәсте 
жанып тұр. Ол өздерiнiң төбе басында екенiн сонда ғана барып 
аңғaрды.
— Анау жанып тұрған отты көрдiңдер ғой, — дедi Елсапа. 
— Жылқышылардың оты. Ол оттың басында қазiр үш, болмаса 
екi адам жылқыларды қарауылдап отыр. Сендердiң бiрiншi 
мiндеттерiң — еппен барып, оларды қолға түсiру. Бiрден барып 
бас салған кезде айқaйлап, ақырып-бақыратын болса, үндерiн 
өшiру үшiн аямай соққыға жығып тастаңдар. Бiрақ өлтiрiп алушы 
болмаңдар. Айтпақшы, олардың иттерi бар. Иттердiң назарын 
басқа жаққа аударып әкету үшiн бiз Көбек екеумiз оларға еңiс 
жақтан атпен жақындаймыз. Иттер бiзге шабалана үрген кезде 
бiз қашқан сияқты боп, керi шабамыз. Иттер екеумiздi қуып 
әлектенгенде, қалғандарың күзетшiлердi жайғап, аттарыңа 
қонып, әзiр тұруларың керек. Бесеуiңнiң үш күзетшiге әлдерiң 
келетiн шығар. Екi сойылды iштерiңдегi қалаған екеуiң алып 
алыңдар.
— Арамызда бес адамға татитын бiреуiмiз бар. Ол мына — 
Сүлеймен. Үш күзетшiнi бiр өзi жығып берсе, қалғандарымыз 
олардың аяқ-қолдарын байлаймыз, — дедi Әрiпбай күлiп.
— Бұл жiгiтiңде қара күш бар сияқты. Бiрақ жүректiлiгiнiң 
қандай екенiн кiм бiлсiн. Сондықтан да бесеуiң бiрдей 
жабылыңдар. Ал, Көбек, сен екеумiз былай қарай жүрейiк. 
Әрiпбай, сендер осы төбенi көктей жүрiп, күзетшiлердiң сырт 
жағынан шығыңдар. Ал, iске сәт!
Көбек пен Елсапа бiрден ылдиға түсiп кеттi де, қалған бесеуi 
батысқа беттедi. Бұлар жүрген сайын жаңағы көрiнiп тұрған отқа 
жақындай түстi. Бiр кезде от жақтан иттердiң арпылдап үргенi 
естiлдi. Iле-шала шапқан аттың дүрсiлi шықты.
— Аналар иттердi соңдарынан ертiп әкеттi. Ендi бiз де тез 
қимылдайық. Әмiр, сен аттарды күзетiп осында қал. Қалғандарың 
менiмен бiрге жүрiңдер. Тастан, Кендiр, сойылдарды сендер 
алыңдар. От басындағыларды бiз Сүлеймен екеумiз бiр жақтан, 
сен екеуiң бiр жақтан бассалайық. Күзетшiлермен алысып-
жұлысып жатқанда, бiр-бiрiңнiң аттарыңды атаушы болмаңдар, 
— дедi осы жердегi басшылықты өз қолына алған Әрiпбай.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет