43
Сүлеймен қарақшы
— Әй, мынау тақылдап, неге үнiн өшiрмейдi. Тастан,
қалтаңдағы жiңiшке жiптi әкелшi. Аузын керiп байлап кетейiк.
Әрi бiз кеткен соң даланы басына көтерiп айқайламай жатсын.
Содан төртеуi бiрдей дөңес астындағы Әмiр күзетiп тұрған
аттарға қарай жүгiрдi. Мұнда келсе, Елсапа мен Көбек те осында
тұр екен.
— Төртеуiң жабылып, үш күзетшiнi
зорға дегенде жай-
ғадыңдар-ау деймiн. Әйтеуiр бiреу-мiреуiн өлтiрiп қойған
жоқсыңдар ма?
— Жоқ, ә, Елеке. Өлтiрiп немiз бар оларды. Бiрақ мынау
Сүлеймен болмағанда, анау
аюдай бiреуi шетiмiзден жер
қаптырып тастайтын ба едi. Әзер дегенде байлап тастадық. Тiптi
айқайламасын деп жiппен ауыздарын да керiп қойдық.
— Олай болса, мiнiңдер аттарыңа. Жылқыларды айдайық.
Сойылдарыңды тақымдарыңа қыстырып алыңдар да,
құрықтарыңды
оңтайлаңдар.
44
Сүлеймен қарақшы
VII
Атқа қонған жетi ұры жай аяңмен дөңестi айнала өтiп, ағаш
шарбақтың iшiндегi жылқыларға келдi. Өздерiне келген бiр қауiптi
сездi ме, әйтеуiр үйiр iшiндегi бес-алты айғыр қасқыр көргендей
ащы дауыспен оқыранып-оқыранып қойды. Ал кейбiр биелер
құлақтарын қайшылатып, құлындарын
бауырына ала айналып
тұрды. Кендiр атынан түстi де, шарбақ есiгiне көлденеңiнен
байланған ұзын екi ағашты шешiп, былайырақ лақтырды.
— Көбек, Әмiр, iшке кiрiп, жылқылардың артынан айдаңдар.
Басқамыз шарбақтан шыққан жылқыларды тауға қарай бұрайық,
— дедi Елсапа.
Көбек пен Әмiр шарбақ iшiне кiрiп, иiрулi атарды ұзын
құрықтармен ұрып, “шу-шулап” айдай бастады. Бағанағы
Елсапаның айтқаны рас екен. Үйiрбасы
дәу айғыр шарбақтан
бiрiншi болып атып шықты. Қалғандары соңынан ердi. Сырттағы
ұрылар оларды тауға қарай бағыттап, жан-жақтан қыса, айдай
жөнелдi. Қараңғылыққа әбден көздерi үйренген барымташылар
сол күйiнде үйiрдi шашау шығармай қиялап бiраз жүрген соң,
Көбек Елсапаны тоқтатты:
— Теректi шатқалына жақындап қалдық, Елеке. Ендi сен қайта
бер. Көмегiң үшiн рахмет. Өзiңе тиесiлi үлестi бiздiң ел жаққа
барғанда аларсың. Таң атпай үйiңе жетiп алуға тырыс. Ал бiзден
қам жемей-ақ қой.
Елсапа кеткесiн, топ жылқыны айдаған ұрылар ұзамай Теректi
шатқалына аяқ iлiктiрдi. Сүлейменге оның қандай шатқал екенi
белгiсiз. Бар көргенi екi жақ
қапталда қараңғылықтан әзер
байқалған екi жоталы құздың сұлбасы болды. Айдалған малдар еш
жаққа бұрылып кете алмай, сол екi құздың табанымен алға қарай
шұбай түстi. Олар кейде үш-төртеу болып қапталдаса жүредi
де, тар қуыстарда бiр-бiреуден тiзбектелiп, айдаушылардың
ыңғайына оңай көнiп барады. Бағана шатқалға кiрер кезде Көбек
үш ұрыны жылқылардың алдына салып жiберген. Сүлеймен
мұның мәнiсiн түсiнбеген.
— Көбеке, Тастандарды жылқының алдына неге салдыңыз?
— Мұндай шатқалдың iшiнде бiреу алда, бiреуi артта жүрiп,
екi-ақ ұры мың жылқыны айдап кетуге болады. Көрiп келе
жатырсың ғой, қазiр бұл жануарлар
ешқайда бас бұрып кете
алмайды. Ал ұзыннан-ұзақ шұбырған жылқы шатқалдан шыққан
кезде арттағы айдаушы оларды қуып жете алмайды. Сондықтан