94
Сүлеймен қарақшы
заманнан-ақ түндi пана, тәуекелдi байлам еткен талай жанкештi
барымташылар ары-берi ойқастап өткен. Бұл жол — арысы
қалмақ, берiсi орыс басқыншылары кезiнде Ақсу мен Күреңтi
бойын жайлаған дүйiм қазақ пен қырғызға ықтауға пана, қашуға
таса, тығылуға қалқан iспеттес маңыз атқарған.
Көбек бастаған топ ат тұяғын кетiлдiрер бiресе құзды, бiресе
шыңды жолмен үш күндей жүрiп, Күреңтi
жайлауы-ның қақ
төрiне аяқ iлiктiрдi.
Күреңтi даласы жайқалып тұр. Қазақтар тартқан жұт зардабын
қырғыздар тiптi сезбеген де. Елi тоқ, өрiсi малға толы. Бұған iшi
қызған Көбектер бұл жолы барымталайтын жылқыларын ұзақ
аңдымады. Бiр күн Ойтас маңында жақсылап тынығып алды да,
кеш бата Ақшы өзенiнiң бойында жайылған жүз қаралы жылқыға
тап бердi. Қас қылғанда, жылқы күзетшiлерi дереу атқа қонып,
бұлардың iзiне түстi.
Жылқыларды алтауы алты жақтан қыса айдап, Күреңтi
шатқалына жақындай бергенде, үйiрбасы дәу қара айғыр айдауға
көнбей, керi қарай қашты. Әмiр оны ұзын құрығымен сабалап,
қайтарам деп қанша тырысса да ол ары ойқастап, берi ойқастап,
шатқалға кiрер жолға жолар емес. Жол басшыларының керi
қашуға әрекет жасағанын көрген
басқа жылқылар да iлгерi
баспай, бiр орнында иiрiлiп тұрды да қалды.
— Тастан, Кендiр, анау айғырға барып, үшеулеп айдауға
ұмтылыңдар! Бiз мына жылқыларды шашау шығармай ұстай
тұрайық, — дедi Көбек.
Әмiрге бой бермей ары-берi қашқақтаған
дәу айғырға ендi
үшеулеп жабылды. Бiрақ қара айғыр бәрiбiр бұлар айдаған жаққа
жүре қоймады. Айғырдың айдауға көнбесiн бiлген Көбек:
— Әрiпбай, атып тастай сал оны. Басқа амал жоқ. Ол тiрi
тұрғанда жылқылар шатқалға әсте кiре қоймас. Бол тез. Оқта
мылтығыңды! — деп бұйырды.
Бұйрықты екi етпеген Әрiпбай бердеңкесiн оқтап, үш ұрының
алдынан қашып кете алмай, жанталаса шапқылаған қара
айғырдың жанына шауып барды.
Қара айғыр өзiне төнген ажалды сездi ме, басын төмен тұқырта,
бiр орнында айнала аласұрды. Оған үш-төрт
қадамдай тұрған