96
Сүлеймен қарақшы
бiр соғып өттi. Бiрақ сойыл оған дарымай, атының жамбасына
тидi. Әмiрден қазiрше қайран болмасын бiлген Көбек, сойылын
оңтайлап, әлгi қырғызға қарай шапты.
Қырғыз артқа бұрыла
қашты. Бұл уақытта тобымен шауып келген басқа қырғыздар
Сүлейменге жабыла кеттi. Бұл алғашқыда оларға сойылын
сiлтеп те үлгермедi. Өзiне қарай сiлтенген бiрнеше сойылдан
басын қорғаштай, ат жалына жабыса еңкейдi.
Соққылар
басына тимегенiмен арқасына тидi. Құдай сақтағанда, олардың
ешбiрi зақым келтiрмедi. Сойылдарымен бiр-бiр ұрып өткен
қырғыздар қайта бұрылып келгенше, бұл ес жиып, ат үстiне
тiктеп отырып алды. “Уа, атаңа қоқи, ұры қашақ. Басыңды
мыжғылап тастайын”, — деп шоқпарын қос қолдай ұстап өзiне
қайта шапқан бiр қырғызды сойылымен құлаштай соқты. Анау
сорлы аттан ұшып түстi. Артынша
шоқпарын басынан асыра
көтерiп, атын өңмендете ойқастатып екiншi қырғыз келдi. Ол
бұрын қимылдап, Сүлеймендi шоқпармен бiр ұрды. Бұл да
шапшаңдық танытып, сойылын оған қарата сiлтеп кеп жiбердi.
Сойылдар ешқайсысының денесiне тимей, бiр-бiрiне сақ еттi.
Қырғыздың шоқпары қолынан түсiп кетiп, қарусыз қалған ол,
атының басын бұрып, ұзап кеттi. Нақ осы сәтте он қапталдан
келген тағы бiр қырғыз бастан ұрып үлгердi. Тиген соққыдан көзi
қарау-ытып кеткен бұл, жан-дәрмен оған сойылын сiлтедi. Анау
атының сауырына сылқ ете түстi. Сәл қапы қалса және бiр соққы
өзiне тиетiндiгiн бағамдап, қисайып қалған тымағын тез жөндеп
алып, “тағы қайсысы бар екен” деп артына қарай бергенде,
өзiне таяу тұрған аттылының шоқпары
төбесiнен төнiп келе
жатқанын байқап үлгердi. Лезде ат жамбасына қарай шалқайды.
Ауа құшқан шоқпар ердiң қасына тидi. Бұл бойын тiктеп алуға
шамасы келмеген күйi, сойылдың ұшымен оның iшiне бiр ұрды.
Қырғыз ат үстiнде екi бүктелiп, ары қашты.
Қас қағым сәтте үш қырғыздың бетiн қайтарған айқасудан сәл
босап, жан-жағына қараса, оншақты қадамдай жерде Көбек екi
қолын ат мойнының екi жағына салбыратып, тұлпарының жалын
құшып жатыр. Оны екi қырғыз шоқпармен аямай сабалап тұр. Ал
анадай жерде Әмiр үш-төрт аттыдан далбаңдап жаяу қашып жүр.
Шамасы, аттан құлап қалған-ау. Қолында сойылы да, мылтығы