124
Сүлеймен қарақшы
Жайшылықта өз аулында болса,
ананың бұлай сөйлегенi
үшiн ат сауырына алып, өлiмшi етiп тастайтын едi. Ат шабар кең
жазығы жоқ, оның үстiне кiлең мылтық кезенген адамдардан аз
да болса сескенген Сүлеймен, айтқандарын iстеп, аттан түстi.
Жерге аяғы тигенде әлгi кiсiлердiң бiрi жүгiрiп келдi де қарагердiң
шылауына жармасып, оны әрiрек сүйреп әкеттi. Сүлеймен өңкей
сақал-мұрты өскен, түрлерi қорқынышты мылтықты адамдардың
қоршауында қалды. Олар өздерiнен әлдеқайда биiк,
зор денелi
мұны бiрден байлап тастауға жүрексiнгендей, бiраз тұрды.
— Қайдан келе жатырсың?
— Жаңа айттым ғой. Қоратай құрбашы мен Елсапа деген кiсiнi
iздеп жүрмiн.
— Қоратай бiзбен басы бiрiкпейтiн адам. Оның досы — бiзге
жау. Қолыңдағы сойылды таста, — дедi жалпақ бет, шүңiрек көз,
пұшық бiреуi. Сосын жанындағыларға ақырды: — Сендер неғып
тұрсыңдар? Қол-аяғын байлаңдар мұның. Үңгiрге апарған соң
кiм екенiн анықтармыз.
Оның қатарында тұрған жiңiшке бiреуi мылтығын ар-қасына
асына салды да, белiндегi ораулы арқанды шешiп, Сүлейменге
беттедi. Оның соңынан қалғандары iлестi. Осы күнге дейiн қол-
аяқтарын бiреуге байлатпақ түгiлi басынан сөз асырмайтын
Сүлеймен,
мыналардың әрекеттерiн көрiп, сойылын оңтайлай
көлденең ұстап, тiстене сөйледi:
— Жақындап көрiңдер. Шеттерiңнен қырып саламын, түге.
Атпақ түгiлi денемдi паршалап шауып тастасаңдар да, өзiмдi
байлатпаспын сендерге.
— Арқасына қамшы тимеген асау айғырдай құтырынған екен
бұл қазақ. Жабылыңдар да жерге жығып, байлап тастаңдар. Жүдә
болмаса, иттей қылып атып тастап кетемiз, — дедi пұшық тағы.
Алайда ол қанша ақырса да, жiгiттерi Сүлейменге бата алмай,
оны айналшықтап жүрдi де алды. Бiр кезде қолындағы арқанның
бiр ұшын салбырата айналдырып жүрген жiңiшке жiгiт айқайлап
тұрып, жiбiн Сүлейменге қарай лақтырды. Нақ осы сәтте пұшық
мылтығын аспанға қарай бiр атты. Мылтық даусы шыққан жаққа
жалт қараған Сүлеймен, мойнына анау лақтырған арқанның
қалайша орала кеткенiн сезбей де қалды.