Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет75/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
топырақ сеуiп, таңып тастады. Өзiң қалай, Құдай оқтан қақты 
ма?
— Тұқымы құрысын. Әлгiнде найзағайдай жарқылдап 
атылған не пәле? Сәл болмағанда, шиемен бiрге менi де қиып 
түсiре жаздады.
— Тоқымжан айтқан пүлiмөт деген сол. Алла оңдап, дер 
шағында мынау Салықбай тас домалатып үлгердi. Әйтпесе 
бәрiмiздi сол пүлiмөт баудай жапырар едi.
— Анау екi ағайынды қайтты екен? Аман болса екен әйтеуiр.
— Кiм бiледi, қазiрше оларды iздеуге шама жоқ. Таң да атып 
қалды. Мына басмашылар еңiске барып, бiр жерге тығылды-ау 
деймiн. Олар бас-аяғы жиылып кеңесiп алса, бiзге шабуылдауы 
кәдiк. Тас үйлердiң бәрiн қиыршық басып қалды. Ендi кетейiк 
бұл жерден, — дедi Салықбай.
— Сонда қайда жүремiз? Төрекелдi, сенiң жүруге шамаң бар 
ма?
— Менi уайымдама. Екi аяғым сау ғой. 
— Бұлар аттарын қайда ұстайды? Сiрә, сол еңiс жақта ат 
қоралары бар-ау, — дедi Салықбай жан-жағына алаңдай қарап. 
— Е, мен “таң неге ұзап кеттi” деп ойласам, аспан бұлттанып 
қалыпты ғой. Бұлт тұтасып тұр. Қар жауады-ау, әстi.
— Желтоқсан айының ортасы болды. Биылғы қыста қар 
жаумай тұрғаны бiз үшiн оңтайлы. Тек, қыстық қамымызды 
ұқсатып алмағанымыз өкiнiш болды. Боштайдың артында қалған 
жұртынан қолға түскеннiң бәрiн терiп алар едiк, қарашы, үйдiң 
бәрiн тас басып қалғанын. Бүгiн талай оғымызды шығындадық. 
Егер келесi жолы әлдекiмдермен осылай соғыссақ, оқ-дәрiмiз аз, 
халiмiз мүшкiл болмақ-ты, — дедi Сүлеймен. — Мейлi, қармаққа 
бiрде ештеңе, бiрде бiрдеңе iлiнетiн сапарда жүрмiз ғой. Бастысы 
— аманбыз. Қалғаны бiр нәрсе болар.
Амандықтарына шүкiршiлiк етiп, тағы бiрқыдыру 
мезгiл отырған қарақшылар өз “ұяларына” жетiп алмақ боп, 
орындарынан тұрды. Өздерi отырған жерiнен батысқа беттеп, 
Боштай паналаған шатқалды айнала, мекендерiне жеткенше кеш 
түстi. Ұя аузында бұларды Сиязбек қарсы алды:
— “Манағы атылған пүлiмөт барлығыңды қырып салды ма” 
деп ойлап едiм. Жаратқан ием жар болып, Төрекелдi болмаса, 


160
Сүлеймен қарақшы
басқаларың бек сау екенсiңдер. Тәубә. Әйтеуiр төбеден тас 
домалап, басмашылардың шат-шәлекейi шығып жатқанда, оң 
тiзесi мен сол шынтағынан жараланған Аязбектi көтерiп, төменге 
түсiп едiм, олардың ат қораларына тап бола кеткенiм. Қарауылы 
екеу екен. Бiреуiн атып өлтiрiп, бiреуiн ұрып жығып, байлап 
алдым. Оны бiр атқа өңгерiп, Аязбекке бiр ат жетектетiп, өзiм бiр 
ат жетектеп, бес айғыр олжалап әкелдiм.
— Пәлi, олжаның үлкенi сенде болған екен ғой, — дедi 
Сүлеймен. — Салықбай құз төбесiне шығып, тас домалатқанда 
еңiске қарай жөңкiле қашқан басмашылар сол ат қораларын бетке 
алды-ау деймiн. Сендер барда олар онда жетiп үлгерген жоқ па 
едi?
— Бiз бiр шоқы берi асып өткенде, олар сол маңға жеткен-дi. 
Бiрақ басмашылардың аттарына қолдары жетпедi. Мен қалған 
аттардың бәрiн тас қорадан шығарып, қамшылап-қамшылап, 
жан-жақа бытыратып жiбергем.
— Мұның да оң болған. Әй, айтпақшы, Аязбектi қай күркеге 
жатқыздың? Барып, жағдайын сұрайық. Одан соң жаңағы айтқан 
тұтқының қай жақта? Оны ортаға алайық.
Сиязбек Аязбектi өздерi жататын шеткi лашыққа жатқызыпты. 
Ол жарақатын ауырсына қиналып жатыр екен.
— Сиязбек жарақат орнын дер кезiнде таңды. Бiрақ оқ сүйекке 
қадалып тұр ма бiлмеймiн, аяқ пен қолым зырқырап алып барады.
Оған көрсетер көмек-амалдары жоқ қарақшылар тұнжырап 
отырды. Бұлар осылай отырғанда, Сиязбек қолы артына байлаулы 
тұтқынды алып келдi. Байғұс қорыққанынан дiр-дiр етiп, әсiресе 
Сүлеймендi көргенде көзi атыздай болды.
— Қане, жөнiңдi айт, жiгiтiм.
Басмашы сарнай жөнелдi. Өзiнiң Боштайға қалай қосыл-
ғанын, оның тобында қанша адам бар екенiн, өздерiнiң шатқал 
түбiнде қалай күн кешетiнiн, қандай жолмен азық табатынын, 
бәрiн-бәрiн жайып салды. Сосын Төрекелдiге қарады:
— Мына кiсiге Бешташтағы Ергешқожа тәуiптi әкелсеңдер 
ғой.
— Бешташың қай жерде?
— Осыдан бiр күншiлiк жер. Ханқорғанның үстiнде.
— Онда бүгiн бiздi сол қышлаққа ертiп барасың, — дедi 
Сүлеймен.
Түн түсе Сиязбектi жаралы Төрекелдi мен Аязбектiң жанына 
қалдырып, Сүлеймен мен Салықбай атқа қонды. Тұтқынның 


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет