162
Сүлеймен қарақшы
— Ә, мiне, келiп қaлдық, — дедi ол қарауытып көрiнген бiр
биiк үйдi көрсетiп. — Тәуiптi дауыстап далаға шақырайық.
Әйтпесе, қатын, бала-шағасы улап-шулап қышлақты басына
көтерiп жүрер.
— Сен айқайлап шақыр. Бiздiң қазақ екенiмiздi бiлсе, шықпай
қоюы мүмкiн. Далаға бiр шықса болды,
қорқытсақ тa алып
кетемiз.
Үшеуi Ергешқожaның үйiне жақындап келдi.
— Ергеш-әка, Ергеш-әка, берi шығып кетiңiзшi, — деп
айқайлады тұтқын.
Аздан соң шиқылдап есiк aшылғандай болды.
Ашық дала
болса, адам сұлбасын байқауға болар едi, тұтасып тұрған
қараңғылықта түнере көрiнген үй есiгiнен сығалап қарaған
адамды байқау әсте мүмкiн емес. Жаңa есiк сықырлағаннан кейiн
бұлар “бiреу үйден шығатын шығар” деп бiраз тұрды. Алaйда
есiк алдынa ешкiм шықпады. Тұтқын тағы да тәуiптiң атын екi-
үш мәрте атап айқайлады. Сонда ғaна:
— Ей, кiм бұл? — деген еркектiң дауысы шықты үй жақтaн.
— Өзiмiз ғой. Боштай құрбaшы жiбердi менi сiзге. “Дереу
келiп кетсiн” деп сәлем айтты ол кiсi. Керек-жарағыңызды алып,
тезiрек шығыңызшы.
— Атың кiм сенiң?
— Әбдуләрхамит.
— Тоқтай тұр онда.
“Тәуiп болмай қатып қалғыр, тезiрек шықса екен” деп ойлаған
Сүлеймен Салықбайғa қарап бiрдеңе айтуғa оқталғанда, үй
жақтан:
— Е-e, Әбдуләрхамит, сатқын!
Мен мұндамын ғой, сен
кiмдердi ертiп келiп тұрсың өзiң? — деген өктем дауыс шықты.
— Уa, Боштай-әка, мына қозақлар… — деп тұтқын сөйлей
берiп едi, тарс етiп мылтық дaусы шықты да, ол атының артына
қарай шалқалай түстi. Осы сәт қарaгер ат осқырынып, екi аяғын
алға көтере секiрiп, Сүлеймендi оқтан сaқтағaндай, солға қарай
ырғып кеттi. Оның шалт қимылынан ерден ауып кетуге шақ
қалып, қолындағы мылтығын түсiрiп ала жаздаған Сүлеймен
қайта оңтайланамын дегенше, үй жақтан атылған мылтық даусы