Психологияда «қарым-қатынас» ұғымының түрлі анықтамалары бар. Қарым-
қатынасты философиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М.С. Каган.
Ол қарым-қатынасты субъект аралық өзара әрекеттесу деп түсінді.
Оның көзқарасына
сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі
мұнда біз субъектінің
объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше
қарым-қатынасқа жатпайды. М.С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын
бөліп қарастырды:
•
қарым-қатынас мақсаты субъектілердің өзара әрекеттесуінен тыс;
•
қарым-қатынас мақсаты
өзара әрекеттесудің өзінде;
•
қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне,
құндылықтарына ортақтастыру;
•
қарым-қатынас
мақсаты
инициатордың
өзін
партнер
құндылықтарына
ортақтастыру.
Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады: қарым-
қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне
ортақтастыру ретінде заттық ісәрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысалыретінде
қарым-қатынас іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-
қатынасты
алуға болады; екіншісіне мысал – достық қарым-қатынас; үшісіне – тәрбие;
төртіншіге
өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуде қарым-қатынас мақсаттары мен
құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.
Психологияда қарым-қатынас
мәселесімен Леонтьев А.А., Петровская А.А., Анисимов О.С., Бодалев А.А., Лисина М.,
Павлов К.Г. және т.б. айналысқан. Жоғарыда алғандардың әрқайсысы
«қарым-
Достарыңызбен бөлісу: