4 кезең. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.
Жіңішке дыбыстарды үйрету кезеңінде бала өз айтуында барлық жуан дыбыстарды естіп үйренуі қажет (дәптерде олар әріптермен белгіленген). Жіңішке дыбыстармен жұмыс міндеттері алдын-ала балаға түсіндіріледі. Қосымша бұзылыстар (кереңдік, мүкіс құлақтық, дизартрия т.б.) жоқ болған жағдайда балаға жіңішке дыбыстарды үйрету қиынға түспейді. Көбінесе олар ішкі себептермен пайда болады. Бірақ қиындықтар да, болуы мүмкін.
Жіңішке дыбыстарды айту тілдің арқасының орта жағының артикуляциядағы қатысымен сипатталады. Жуан және жіңішке дыбыстар еріндердің зорлану деңгейімен ажыратылады (айрмашылығы бар).
Сондай-ақ, төменгі артикуляцияның дыбыстары жіңішкертілгенде төменгі ерін белсенді (зорлықпен айтылады), ал, жоғарғы артикуляцияның дыбыстарында –жоғарғы ерін. Бұл құбылыс жіңішке дыбыстарды қалыптастыруда қолданылады. Ерекше назар еріндердің белсенділігіне аудару қажет (ұртты, ауыз бұрыштарын жылжыту). Еріндер қозғалысының симметриясына назар аудару қажет.
Жіңішке дыбыстар ауыз бұрыштарын жеткілікті түрде толық жылжытқанда пайда болады, әрі балаға жіңішке дыбыстарды ауыз бұрыштарын сәл ұзағырақ жылжытып көрсетуге болады. Жіңішке дыбыстармен жұмыс кезектілігін жуан дыбыстардағыдай.
Жіңішке дыбыстар бойынша №3 кестеде белгіленеді, жуан және жіңішке дыбыстардың артикуляциясы салыстырылады.
№3 кесте
Дем алу
|
Дауыссыз
дем шығару
|
Дем алу
|
Дауыспен дем шығару
|
Ауыз суреті
|
Ф ФЬ
|
Ауыз суреті
|
В ВЬ
|
Қойылған дыбыстар балаға түсінікті сөйлеу материалында машықтандырылады.
2 кезеңде дыбыстарды белсенді түрде машықтандыру және ажырату жұмысы жүргізіледі. Дұрыс сөйлеуге үйрету барысында сауаттылыққа үйрету элементтері еңгізіледі. Әсіресе, ол дыбыстар мен әріптерді ажыратуда маңызды, себебі, мұның бәрі фонематикалық қабылдауды дамытуға және дисграфияның алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Оқу материалын көп қайталау нәтижесінде бала ешбір қиындықсыз сауаттылық элементтерін меңгереді.
Сонымен, жұмыстың негізгі (2-ші) кезеңі барысында бала сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын меңгереді. Бұл кезеңде дыбыстарды меңгеру және ажырату кезектілігін белгілейтін №2, №3 күрделенген кестелер қолданылады.
Осы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері төмендегідей болып табылады:
артикуляция мен тыныс алу бойынша жұмыстың параллелділігі;
баланың өзі дыбыстарды айтуын саналы түрде естіп қадағалауы;
танысып жатқан дыбыстарды әріп таңбаларымен белгілеу, кейіннен сауаттылыққа үйретуге дайындық;
дыбыстарды әр түрлі материалдарда машықтандыру және ажырату (буын, сөз, сөйлем, мәтін);
дисграфияның алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |