Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Дыбыс айту кемшілік түрлерін атаңыздар.
Кейбір дыбыстардың артикуляциясына сипаттама беріңіздер.
Ызың дыбыстарды айтудағы кемшілік түрлерін атаңыздар.
Дыбыстарды қоюдың қандай тәсілдерін білесіздер?
Дыбыстарды түзетудегі жұмыстың кезеңдерін атаңыздар.
Әр кезеңнің мақсаттары мен мазмұнын ашып айтыңыздар.
Ызың, ысқырық дыбыстардың бұзылу түрлерін бейімдейтін себептерін көрсетіп кесте толтырыңыздар.
Түзету кезеңдеріне сабақ үлгісін құрастырыңыздар
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Основы теории и практики логопедии. Р.Е. Левинаның ред. М., 1968
2. Қ.Қ. Өмірбекова, С.Ж. Өмірбекова “С” дыбысын түзетуге арналған жұмыс дәптері. Алматыкітап, 2002
3. Қ.Қ. Өмірбекова, Сөйлеу тілін тексеру әдістері. Алматы, 2010
4. Қ.Қ. Өмірбекова, “Р” дыбысын түзету жолдары. Алматыкітап, 2003
5. Г.С. Оразаева, Логопедиялық жұмыста ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2006
Ринолалия (грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы.
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалияның барлық түрлерінің негізі – сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.
Ашық ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуезділігінің бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз дыбыстардыңда үн әуезділігі бұзылады.
Ашық ринолалия органикалық және функционалды болып бөлінеді.
Органикалық ринолалия іштен туа біткен немесе сыртқы соққылар салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және логопедия үшін маңызды проблемалардың бірі. Таңдай жарықшасының
Барлық дыбыстар мұрындық ренкпен айтылады, әсіресе дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы жоқ таңдай-жұтқыншақ қалқаншасына қарай тартыңқы болады. Соның салдарынан дыбыс айтылуы бұзылады, дыбыстар қырылдап шығады. Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың айтылу кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі –«үйреншікті» ашық ринолалия. Бұл тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін немесе дифтериядан кейін болған парезден пайда болады. Ол жұмсақ таңдайдың қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |