Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім)-деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылады.
Тілдегі жеке сөздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфологиялық тұлғаларды қабылдап, өзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байланысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайды. Сөйлемдегі сөздер, ең алдымен, өзара байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады. Мысалға Бұл оқиға бір кішкене қалада болған еді (A. K,.) деген сөйлемді алатын болсақ, бұл сөйлемде жеті сөз бар. Ол сөздер өзара байланысқан бұл оқиға, бір кішкене, кішкене қалада, болған еді, оқиға болған еді, қалада болған еді деген жеті түрлі сөз тіркестерін құрап тұр. Бірақ тіркестер тарихи қалыптасқан, жігі ажырамайтын тұрақты тіркестер емес, әрбір сөздің бастапқы мағыналары мен грамматикалық мағыналары толық сақталған, морфологиялық тұлғалары мең тіркестегі орындарын ауыстырып қолдануға келетін ерікті тіркестер.
Тілдің тарихи даму процесінде бірқатар сөздер белгілі морфологиялық тұлғада бірте-бірте қалыптасып, белгілі бір мағынада қолданылатын тұрақты сөз тіркестеріне айналады. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан шөп алмайтын, деген сөз тіркестері ойла, ойлағаны болмады, момын деген ұғымдарда қолданылып тұр. Бұл тіркестегі сөздердің жеке мағыналары мен тіркес күйіндегі беретін мағыналары бір-біріне сәйкеспейді және бұл тіркестегі сөздерді синтаксистік apa-қатынастарын ажыратып талдауға келмейді. Біртұтас тілдік тіркес ретінде, бір ұғым түрінде қолданылып тұр. Бұл сияқты сөз тіркестерінігі қалай жасалып, қалай бір ұғым ретінде қалыптасқандығын дәлелдеу қиын.
Сөйтіп, бір ұрымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін ф p a з e о л о г и я дейді.
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері беретін мағыналарына, тілдегі қолданылатын қызметіне қарай өзара идиомалық тіркестер және мақал-мәтелдер болып бөлінеді.
Идиома. Тарихи ұстала келе бір ұғым ретінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері, жалпы алғанда, бір тектес, бірыңғай болып келсе де тіркесте енген сөздердің арақатынастары, өзара мағыналары жөнінен бірдей бола бермейді. Белді бекем буу, ата жолын қуу, қол қусыру деген сияқты тіркестер мен қырғи қабақ болу, жүрек жалғап алды, бүйрегі бұрды деген тіркестегі сөздерді салыстырсақ, олардың өзара байланысу тәсілдері мен мағыналары бірдей емес екенін байқауға болады. Алдыңғы сөз тіркестеріндегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары мен сол тіркеске еніп тұрғандағы мағыналары бір-бірінен алшақ емес және тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынастарын анықтауға болады. Ал кейінгі тіркестегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары тіркеске еніп тұрған күйіндегі мағыналарына сәйкес емес. Ол сөздер бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұтас мағынаға айналған. Ол тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынас жағынан мүшеге бөліп талдауға келмейді. Мысалы, жүрек жалғап алайық дегенде жүрек деген нәрсе бар, оны жалғауға болады деген ұғым шықпайды. Ac ішейік деген ұғым шығады. Бұлардың алдыңғылары жай фразерлогиялық тіркестер де, соңғылары идиомалық тіркестер.
Сөйтіп, жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін, бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын түрақты сөз тіркестерін и д и o м a л ы қ т i p к e c т e p немесе и д и o м a дейді.
Идиомалық тіркестерге қабырғаңмен кеңес, қырық пышақ болу, түйе үстінен сирақ үйту, жүрек жалғay, көз тігу, сағы сыну, екі аяғын бір етікке тығу, жүнін жығу сияқты жеке тұргандағы мағыналарынан не мүлде, не жартылай айырылып, өзара жымдасып бір ғана ұғым ретінде ұсталатын сөздердің тұрақталған, қалыптасқан тізбектері жатады. Мұндай тіркестегі сөздерді өзге тілге сөзбе-сөз аударса, ешқандай түсінік бермей сөздердің мағынасыз тізбегі болып шығады. Сондықтан идиомалық сөз тіркестерін өзге тілге жалпы логикалық мағынасына қарай аударуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |