Дыбыс табиѓаты



бет28/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Дыбыс табиѓаты

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАР
Көптік мағына қазақ тілінде үш түрлі жолмен, тәсілмен, жасалады.
1.Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді. Мысалы: cy, cym, copna, қымыз, ұн, құм, тұз, жүн; қазақ, орыс, mamap, қытай; шіркей, қой, мата, шөп;
2.Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді. Мысалы бес кісі, жеті дәптер, елу орындық, ондаған (он шақты) адам, қыруар ақша т.б.
3.Морфологиялық тәсіл көптік ұғымдардың жеке сөзге тиісті қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Оған төмендегі қосымшалар жатады: көптік жалғауы -лар, -лер, (дар, -дер, -map, -mep) түбір сөзге жалғанып, көптік мағына тудырады: бала-лар, кітап-map, біз-дер, сен-дер, осы-лар, мына-лар, әркім-дер, өзен-дер т.б.


ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛАР
Иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің кітаб-ым, менің шеше-м, сенің жолдас-ың. Тәуелдік жалғауы бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде, зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: балам, қызым дегендер зат есім болса, Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді (мақал). Осылардың жақсысы да, жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені, жақсысы, жаманы дегендер — заттанған сын есімдер. Алты жылқышы төртеуі түнге, екеуі күндізге. дегендегі төртеуі, екеуі деген сөздер зат есім қызметін атқарып түрған жинақтық сан есім сөздер. Еріншектің ертеці таусылмас деген мақалдағы ертеңі заттанып тұрған мезгіл үстеу.
Тәуелдік жалғау үш жақта: жекеше көпше, II жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады.


ТӘУЕЛДІ ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫ



Сөздің соңғы дыбысы

I жақ

II жақ

III жақ

Дауысты дыбыс болса










одан кейін

-м -н,

(-ңыз, -ңіз)

-сы, +сі

Дауыссыз дыбыс болса,










одан кейін

-ым, -ім

-ың, -ім

-ы, -і







(-ыңыз, -іңіз)






Тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақтауына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламыңыз, оның қаламы. Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз жекеше тәуелденіп түрса, бір зат бір ғана адамға (я затқа ғана) меншікті екендігі білінеді. Tәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. Мысалы: өлеңім менің бөбегім... Қайратым мәлім, Келмейді әлім... Бірдің табысы мыңның игілігі т.б.
Тәуелдік жалғауы түсіп қалмайды, әмісе ашық қолданылады. Кейде тек біздің, сіздің деген жіктік есімдіктерімен байланысты айтылатын сөздердің ғана жалғаулары түсіп қалады. Мысалы; біздің үй, сіздің үй.
Тәуелдік жалғаудың синонимі болады. Ол -нікі, -дікі, -тікі. Тәуелдік мағынаны білдіретін иемесе иелік мағына туғызатын жұрнақ меншікті заттың өзіне жалғанбайды, оның иесіне жалғанады. Мысалы: кітап менікі, дәптер біздікі т.б. Тәуелдік заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын тұрады. Тәуелді затты айтатын ешбір қосымша қосылмайды. Мысалы: үй біздікі. Бұл жұрнақтың жуан варианты жоқ, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: Қалам Асандікі, Өнер халықтікі т.б. Тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақтың жақтық мағынасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет