Дыбыс табиѓаты



бет14/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Дыбыс табиѓаты

СИНОНИМ СӨЗДЕР
Қазақ тілінде де тұлғасы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-бірімен жақын сөздер көп-ақ. Мысалы: жақын, таяу, жуық, деген үш сөздің мағыналары бір-бірінен алшақ емес, бәрі де «бір зат пен екінші заттың арасы алыс емес» дегендегі алыс деген сөздің орнына қашық, жырақ, деген сөздердің бірін қойып «Екі ферманың арасы қашық емес» «... жырақ емес» деп айта беруге болады. Осы секілді уақыт, мерзім, мезгіл, кез деген сөздер тобы да мәндес, мағыналас.
Синоним сөздердің мағынасы бір-біріне қанша жақын болғанымен, өзара бір-бірінен сәл-пал айырмасы да болады, әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, am, есім деген синоним сөздердің өсім дегені тек адамға байланысты айтылады. Ал мекеме, қала, өзен, may т.б. атауларға байланысты ат сөзі айтылады да, (өзеннің аты, көлдің аты, ағаштың аты). Сондай-ақ, көрікті, келбетті, ажарлы, өңді, көркем, әдемі, сұлу деген синоним сөздер өзара мәндес, мағыналас сөздер болғанымен, әмісе бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, көрікті адам, келбетті адам, ажарлы кісі, өңді кісі, сұлу қыз деп айтылады да, бұл синонидердің әрқайсысын қала, үй, ат деген сөздермен тіркестіріп: келбетті қала, ажарлы қала, келбетті үй, өңді am деп айтуға болмайды.
Қазақ тіліндегі синоним сөздер қосарланып та қолданылады. Мысалы: күш-қуат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге азып-тозу т.б. Екі синоним қосарлағанда бұлардың жеке мағыналары жалпыға айналады, білдіретін ұғым кеңейеді.
АНТОНИМ СӨЗДЕР
Сөздердің бәрі бірдей өзара мағыналыс бола бермейтіні секілді кез келген сөз өзара қарама-қарсы мағынада келе бермейді. Мысалы, киім, дәптер, қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) табылуы мүмкін емес. Тіл-тілде көбінесе сапалық үғымды білдіретін сөздер немесе сапалык белгісі бар сөздер өзара
бір-бірімен антонимдес болып келеді. Мысалы, әдетте, ащы деген сапалық белгіге тұщы деген сапалық белгі қарсы қойылып айтлады.
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі-жас, дұрыс-бұрыс, тузу-қисық, адал-арам, оң-теріс, үлкен-кіші, ірі-ұсақ т.б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік-шын, пайда-зиян, бай-кедей т.б.
Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Мысалы: ілгері-кейін, жоғары-төмен, ерте-кеш. Сонымен, сын есімдерден басқа сөз таптарынан жасалған антонимдер тілде сирек ұшырасады.
Сөйтіп, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөзді антоним дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет