ЭВФЕМИЗМ СӨЗДЕР (СЫПАЙЫ СӨЗДЕР)
Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай кезде магынасы түрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп сыпайы, жұмсақ сөздер қолданылады. Мұндай сөздер тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизмдер көп жағдайда сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер халқымыздың бүгінгі таңдағы қалыптасқан этикалық, мәдени нормаларының көріністері деп есептеледі.
Эвфемизм — тура айтылатын сөзді сыпайлап айту. Бұл терминнің қазіргі мән-мағынасы қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтута саяды. Мәселен, өтірік айтпа деудің орнына қоспай айтыңыз, жүкті, екіқабат әйел деудің орнына аяғы ауыр, мылжың деудің орнына сөзуарлау деу де сыпайылап айтудың бір түрі. Адам қайтыс болғанда өлді демей, бақиға аттанды, жүріп кетті, дүние салды деген сөздер қолданылады.
ТЕРМИНДІК СӨЗДЕР
Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады. а) Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет. ә) Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек. б) Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексІз үғымдардың атауы болуы шарт. Терминдік жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп айтуға болмайды.
Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі. Мысалы:
1.Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
2. Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б.
3. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
4. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер т.б.
5. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта т.б.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы сөздердің түр-түрі молынан кездеседі. Мысалы man, курес, еқбек, жарыс, жалау, екпін (ударение), сүраным (спорс) ұсыным (предложение), сөре (старт), мәре (финиш), т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |