Диктант №4 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау Міндеттері



Дата20.01.2024
өлшемі15.09 Kb.
#489507
түріБағдарламасы
эссе Бұлбұл


Диктант №4
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Күй атасы
Күй атасы –Құрманғазы кедей шаруаның баласы. Ол жасынан ән-күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеде отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. Ол азаматшыл оймен күрестен бір сәт бас тартпай өнер күші – домбырасын қару етті.
(67 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар:



Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Күрделі сөздердің астын сыз.

-күрделі сөздердің қалай жасалатынын біледі;

1

2.Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;

1

3.Осы сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің байланысын тап.Сызып көрсет.

-сөйлемдегі сөздердің байланысын біледі;

1

«Менің полициям» шығармашылық конкурсы

Аудан, ауыл: Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Бақасу ауылы
Мектебі: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Мәметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушының аты-жөні: Қайырбек Бұлбұл
Сыныпбы: 4 сынып
Жетекшісі: Такатова Куралай Кабышкызы

Полиция-қауіпсіздік пен тәртіптің тірегі.




Полиция-ел қорғанышы, тыныштығын сақтаушысы және қауіпсіздік пен тәртіптің тірегі болып саналады. Сол себепті менің арманым өскенде полиция қызметкері болғым келеді. Полиция қызметкерлеріне қарап қызығамын да, оларды қатты құрметтеймін. Бұл мамандықты жақсы көремін тамаша мамандық. Полиция қызметкерлері өте қайратты да, батыл, салмақты болып көрінеді және жылдам әрекет етеді. Арнайы киімдері маған қатты ұнайды. Олардың қоғамда алатын орны орасан зор. Заң бұзушыларды қолға түсіріп, тәртіпке шақырады. Қандай да бір қауіптің алдын алу шараларын оқушыларға, адамдарға ескертеді және үйретеді. Біз достарыммен кейде полицей мен заң бұзушы болып ойнаймыз. Мен жол бұзғандарды ұстап, тәртіпке шақырып, бағынбаса жазалайтынмын. Маған осындай ойын ойнаған ұнайды. Сондықтан полицей қызметкері болғым келеді. Бірақ та бұл мамандық қауіпті, қиын дейді. Әр мамандықтың да қиыны мен қызығы болады деп ойлаймын. Менің осы мамандыққа қызығуым елімнің қауіпсіздігі мен тыныштығын, сіңілімнің алаңсыз ойнауына қорған болу .Мен өте батылмын, шапшаңмын, еш қиындықтардан қорықпаймын. Әкеме даладағы жұмыстарына көмектесемін. Әкем менің батыл, қайсар қызым деп отырады. Сол сөздері мені қуантады, сондықтан да полиция қызметкері сияқты болғым келеді. Мен өзіміді болашақта аға-апайларға ұқсап, полиция қызметкері боламын деп сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет