Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған) Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut kz»



бет22/23
Дата07.02.2024
өлшемі205 Kb.
#491085
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
диктант 5-9

Сәлемдесе білеміз бе?

Есікті ашқан кісіге ең алдымен не деу керек? Әрине, сәлемдесу керек. Дұрыс. Жер шарын мекендейтін халықтардың бәрінде де сәлемдесу рәсімі бар. Тіпті кейбірі бірін-бірі көргенде белін бүгіп, төмен иіледі. Екіншісі маңдайын жерге тигізеді. Үшінші біреулер мұрынға мұрын тигізеді. Тілін көрсетіп сәлемдесетін халықтар да бар. Ал сәлемдеспеу, сәлем алмау-қайсы халықта болмасын – әдепсіздік деп есептелген.


Өйткені сәлемдесу рәсімінде «Мен сізді көрегеніме қуаныштымын. Өзіңізді сыйлаймын. Сізге барлық жақсылықты тілеймін. Денсаулығыңыз зор болсын» деген мағына жатыр. Демек, амандасу жай нәрсе емес. Ол өз көңіліңді, тілектестігіңді білдіру. Бірақ кімге қалай сәлемдесу керек, мәселе сонда. Әрқашан сәлемің түзу, дұрыс болсын. Абай айтқандай: «Адам бір-біріне бұл өмірде қонақ».
(98 сөз)
Қайың

Қайың – сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.


Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы – ғажап сурет.
Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде, қыркүйек айы туады.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.
(93 сөз)
Қаныш Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздың тұңғыш ғалымы – Шоқан Уәлиханұлы туралы біраз ізгі сезіммен жазған.


Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариндер туралы да көптеген еңбектер жазған. Қ.И.Сәтбаев «Абай жолы» - қазақ халқының он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы өмірі мен тұрмысының шын мәніндегі энциклопедиясы деп аталған.
Қаныштың бір ерекшелігі – ол химикпен де, тарихшымен де, филологпен де өздерінің тілінде, ғылыми тілінде сөйлесе білген. Замандастары осынау ұлағатты тұлғаның өз өмірінде соншалықты көп істер тындырғанына таң қалады.
(95 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет