Қошақан.
Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді. Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді. Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман - есен жеткізді.
Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді.
Шопан балаларға алғыс айтты.
(50сөз)
Тапсырма: 1.“Ақ, түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап
2”. балаларға” – сөздің сөз құрамына талда.
Көктем.
Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойынына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталады. Мен сақаға отырып жер жырт -
тым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Кешке
басқа адамдар келді.
(60сөз)
Тапсырма: 1. Зат есімнің астын сыз.
2. Фонетика талдау: ренжідік, болды.
Қыс.
Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыс - тан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі - жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Бұл мезгілді, әсіресе аңшылар өте ұнатады. Олар аң аулайды. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыстан біз Жаңа жылды қарсы аламыз...
(55сөз)
Тапсырма: 1. Етістіктің астын сыз.
2. Бірінші сөйлемде аудар.
Ана тілі.
Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Тіл байлығы -
әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, газет - журналдан, радио - теледидардан үйреніп, ана тілін тереңірек білеміз. Ол біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.(57сөз)
Тапсырма: І нұсқа. ІІ нұсқа.
1. Есімдіктердің астын сыз. 1.”Халық” сөзінің синонимін тап.
2. Бірінші сөйлемді аудар. 2. Екінші сөйлемді аудар.
3. Мына сөздерге көмектес септігінің жалғауын қойып жаз: өмір, қатынас, аңшы.
3. Мына сөздерді сын есімнің жұрнақтары арқылы сын есімге айналдыр: ақыл, тұз, сүт.
Бурабай.
Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді. Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқалдары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей боп көрінеді. Дүние жүзіне аты жайылған бұл сұлу көлді солтүстігінен бастап батысқа орғыта келіп, оңтүстігін ала айналсоқтай иіліп, тау қоршап түр.(54сөз) Тапсырма: соңғы сөйлемді аудар.
Су және өмір.
Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің алпыс пайызы судан тұрады. Егер судың мөлшері он - жиырма пайыз кетіп қалса, адам өліп қалады. Су адам ағзасында тазартқыштық қызмет атқарады. Су адам денесіне керексіз заттарды жуып, шайып отырады.
Бір килограмм өсімдік, дән, жемісті өсіру үшін орта есеппен екі тонна су қажет болады. Адам күнделікті тіршілігінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс тонна суды қажетіне жаратады.
(62сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |