Диктанттар жинағы



бет5/7
Дата13.10.2022
өлшемі38.09 Kb.
#462566
1   2   3   4   5   6   7
диктанттар жинағы

Арғы атамыз.
“Арғы атамыз Шыңғысхан жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Одан
кейінгі атамыз Жошы хан ордасын алтыннан тігіп, қазақ елі түгіл, Еділ - Жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.
Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан. Одан кейінгі атаң - Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі – менің қолымда тұрған аға сұлтандық”,- деді Шыңғыс Шоқанға.(54сөз)

Тапсырмалар: І нұсқа.


1. Өзгелік етістің жұрнақтарын көрсет және мысал келтір.
2.”Жошы” сөзіне фонетикалық талдау жаса.
3. Сөз тіркестерін болымсыз түрінде жаз. Жалқау бол, отпен ойна, сабақтан қал.

ІІ нұсқа.


1. Өткен шақ есімшенің жасалу жолдарын көрсет, мысал келтір.
2. “Абылай” сөзіне фонетикалық талдау жаса.
3. Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдыр. Ол саған(беру) жатыр. Айгүл
өлең (жазу) отыр.


Бата.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алды. Халықтың тілек - бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті, бақытты, кешірімді болуын тілейді. Тілек - бата сөздер - халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт - дәстүрін, адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттық, өнер - білім, құт - береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек.
( 72сөз)
Тапсырмалар:
І нұсқа.
1. Тілек - бата деген сөзді септе.
2. Мәтіннен 4 сын есімді теріп жаз.
3. Сан есімдердің топтарын анықтаңдар: жүз, бірінші, үштен бір, бесеу, тоқсандай.
ІІ нұсқа.
1. Жас ұрпақ деген сөз тіркесін септе.
2. Мәтіннен төрт сын есімді теріп жаз.
3. Сан есімдердің топтарын анықтаңдар: елу, төртінші, оннан екі, алтау, отыздай.
4. Мағынасына қарай қандай сын есімдер (қатыстық немесе сапалық) ажырат.
Жақсы Ақылды
Суық Ыстық
Жеңіл Жазғы
Еріншек Жаман
Ағаш тостақ.
Бір жылдары өте қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары естімей, аяғынан жүре алмапты. Дастарханда отырғанда қолдары қалтырап, қасығын ұстай алмай сорпасын үстелдің үстіне төгіп, аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп, қатты ұрысып, жүрегін жаралапты...
Ұлының бұл ащы сөздерін естіген әке - шешесінің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады. Атаны қайтадан дастархан басына отырғызады. Содан кейін үстіне, дастарханға төксе де оған бір ауыз сөйлемейтін болыпты.
(70сөз)

Тапсырма: Септе: ағаш, дастархан.




Кішкентай қыз.
Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді. Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс адамдай араласып кетті. Оны бала да, үлкен де жақсы көрді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны, таппайтын өнері жоқ: неше түрлі ойыншықтар жасайды. Қағаздан сан алуан кестелер ояды. Ал оның үлкендермен араласуы да сыпайы. Бірін әке, бірін аға, бірін әже, бірін апалап салған жерден - ақ өзіне ұйытып алады.
(70сөз)
Тапсырма: етістіктің астын сыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет