Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының белгілі ағартушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы, зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды. Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша - қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі. Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар ашылып, ескерткіштер орнатылды. Ол – балалар әдебиетінің атасы.
(53 сөз)
Тапсырма: көптік жалғауды табындар.
Қорқыт.
Қазақ музыкасымен, ән - күймен бірлікте аталатын есімнің бірі - Қорқыт ата. Ол күллі түркі халықтарына ортақ данышпан адам. Қорқыттың мазары Сырдария бойымен жүріп отырсаңыз, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында тұр. Теміржолмен, басқа көлікпен әрі - бері өткендер ата аруағына сыйынып, ішпей дұға оқиды. Даналығымен ел есінде сақталған қасиетті бабамыздың бойындағы дарыны - кейінгі ұрпақтарына да үлкен өсиет. Ол - өзінің өмірінде халқы үшін жанын аямаған өр тұлға.
(60 сөз)
Тапсырма: “Даналығымен” сөзді сөз құрамына талда.
Алматы көлі.
Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әр түрлі болып құлпырады. Таң атып, күн шыққан кезде, көл жап - жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны “Жасыл көл” деп айтады. Бұдан жүз жыл бұрын осы көлге келген орыстың атақты саяхатшысы - Семенов – Тянь-Шанский оны көріп таң - тамаша болған. Ол бұл көл жайында былай деп жазған: “Жасыл көлдің” ғажап көрінісі еш уақытта менің ойымнан кетпейді”. Алатау өңірінде мұндай көлдер, сұлу жерлер өте көп.
(78 сөз.)
Наурыз мерекесі.
Наурыз халық мейрамы. Наурыз мерекесі – жыл басы, күн мен түннің теңелген күні. Мейрам күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеді. Наурыз мейрамында ән айтылады, адамдар әдемі киім киеді, түрлі ұлттық ойындар өткізіледі, көже пісіреді. Көже пісіру жеті тағамға деген сый, құрмет көрсету. Ол су, сүт, ет, дән, ұн, тұз, майдан жасалады.
Наурыз – көктем мезгілінің, көркі, берекесі ретінде саналады. Біз наурызды асыға күтеміз.
(63сөз)
Тапсырма: екінші сөйлемді аудар.
Достарыңызбен бөлісу: |