Дін философиясы Жоспары



бет4/9
Дата18.04.2024
өлшемі27.66 Kb.
#499134
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дін философиясы

Агностицизм (грек. agnostos танымға жатпайтын), адамның дүниені шынайы тану мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық ілім. Осы пззицияны белгілеу үшін ағылшын ойшылы Т.Гексли 1869 ж. агностицизм терминін енгізді.


Иерархия. Шіркеу иерархия бойынша өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады және конфессионалды жағдайлар мен дәстүрлерді сақтайды, өндейді және жеткізеді. Шіркеулік иерархия (грек. hieros қасиетті және arche билік, яғни қасиетті билік) төменнен жоғары қарай бағыныштылық тәртібіне байланысты шіркеулік шендердің жиынтығы; христиан шіркеуіндегі қасиетті үш сатының жалпы атауы: епископ, пресвитер және диакон. Согласно М. Веберге байланысты христиан шіркеуі Христостың харизматикалық тобынан және оның шәкірттерінен тарихи пайда болған. Ұстаздың өлімінен кейін харизма біртіндеп көпшіленеді, сенім дәстүрге айналады, қаумдастық үлкейеді, көпшілікке ауысады және рахаттың тәжірибесін жоғалтады. Догматизация, конфессионализацияның және ұйымдардың қажеттігі шіркеуді тудырады.


Шіркеу және секта.
Вебер шіркеуді сектадан универсалдылық критерийлері бойынша айырады. Шіркеу жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол канондық территорияда туылған адамның қатыстылығы міндетті түрде. Шіркеу өзінің құрамына сенуші адамды туылғаннан бастап оның еркіне қарамастан енгізеді. Сонымен қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, священник административті түрде бекітіледі.
Шіркеуге секта қарама-қарсы тұрады (лат. secta ойлар образы, іс әрекет образы, ілім, мектеп, бағыт). Секта сенушілердің аз және жабық тобы, олар өз еріктерімен ұйымдасады және де олар саналы түрде шешім қабылдайды. Секта аскетизмді жақтайды, дүниелік тәртіптерді сынайды, барлық мүшелердің теңдігін қолдайды; рухани қайта жаңғыруға ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.


Конфессионализм. Сенушілердің өздерінің шіркеулеріне қатынасы тең, қатаң және либералды болуы мүмкін. Конфессионализм (көңіл ақтарылу) ойлардың және мінез-құлықтың қатаң образы суреттелінеді, ол өз шіркеуінің барлық догмаларға, бекітулерге жауап береді. Конфессионализмнің ортодоксальдығы және консервативтілігі либерализмге қарама-қарсы, ол кейде дін саласында модернизм немесе индифферентизм формасына көшеді. Шіркеуден тыс және конфессионализмнен тыс дінилік ол діннің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған.
Шіркеу және мемлекет
Шіркеу мен мемлекеттің тепе-теңсіздігі мен қажеттілігімен айырмашылығы біріншіден христиан дінінде жақсы дамыған. Онда қоғамдық қажеттілік діни және саяси сферада анық көрсетілген. Сонымен бірге шіркеу мен мемлекет халықтан заңға бағынуды бірдей талап етеді. Бұл христиан дүниесіндегі екі саланың бастапқы бөлінуі адам бостандығын нақтылаған батыс демократиясының пайда болуына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет