Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет40/119
Дата15.06.2023
өлшемі5.44 Mb.
#475088
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Соңғы талап мәтіннің қолжетімділігімен байланысты. Бұл талап 
мәтінді тасымалдаушының түрі қандай (қағаз, электронды) екендігіне 
байланысты емес. Қолжетімділік мына белгілерге сәйкес шектелуі мүмкін:
* қызметтік құпия;
* коммерциялық пайда іздеу;
* техникалық және ақпараттық шектеулер.
Қағаз немесе электронды түрдегі мәтін мемлекеттік немесе 
корпоративтік құпияны сақтаумен байланысты мамандар мен көпшілік 
үшін жабық болуы мүмкін.
Дереккөзге жету жолында экономикалық кедергілер тұруы мүмкін. 
Егер мәтін коммерциялық сайтта орналастырылған және сізден 
тіркелуден бөлек банк карточкасының нөмірін сұрайтын болса, бұл оны 
жарияланым тізімнен алып тастауға негіз бола қоймас, себебі журнал 
ақылы болуы мүмкін, дегенмен мәтін бағасы қалың көпшілік үшін жоғары 
болса, мұндай мәтіндер ішкі құжаттар ретінде саналуы мүмкін.
Келесі жағдай мынадай: мәтін ешқандай да жасырын емес, бірақ 
таралу мүмкіндігі жағынан шектеулі. Егер сайтты ашу мен ондағы мәтінді 
жүктеп алу техникалық тұрғыдан қиын болса, бұл мәтіннің жарияланым 
саналу мүмкіндігі күмәнді болады. Осы айтылғандар таралу аумағы өте 
тар басылымдарға да қатысты. Мысалы, кей жұмыстарда аудандық, 
шағын қалалық деңгейде өткен дөңгелек үстелдер, конференциялар 
жинағында жарияланған көлемі 0,1 баспа табақ материалдарға сілтеме 
жасалады. Бұл жинақтың таралу аумағы аз болғандықтан, ол жинақтың 
өзін табу да қиындық тудырады.
Сонымен тағы да қайталап айтамыз, аталған талаптар сақталған 
жағдайда қағаз немесе электронды түрдегі мәтіндер арасындағы 
айырмашылық азаяды. Қазіргі кезде барлық көрсеткіштері бойынша 
жарияланым деп саналатын электронды мәтіндер саны көбейіп келеді. 
Жарияланым мәртебесіне сай келмейтін қағазға басылған материалдар 
да көп. Осы ретте жұмысыңызда пайдаланылған мәтіндердің бәріне 
сілтемежасай алатындығыңызжәне сілтемежасауға міндетті екендігіңізге 
байланысты дереккөздерді іріктеу ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған 
дұрыс.
53


3.9 Дәйексөз (цитата)
Д әйекеөз (лат. Сііо - келтіремін, 
шақырамын) -
түпнұсқадан сезбе-сез алынған үзінді. Автордың ойын 
беделді 
пікірлермен тиянақтау, 
біреудің пікіріне сын 
айту, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. 
Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек.
Дәйексөз
негізінен, 
баспасез 
материалдарында, 
ғылыми 
еңбектерде, кітаптар мен әртүрлі қолжазбаларда, баяндамалар және 
сөйлеген сездерде келтіріледі. Дәйексөздөрді ғылыми еңбектерде 
пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан 
қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа 
деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. 
Әдетте, зерттеу еңбектерінде ғалымдар мен әдебиет, мәдениет, енер 
қайраткерлерінің пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады. Мұның өзі 
үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға септігін 
тигізеді.
Дәйексөз, көбінесе, ықшам түрде алынады. Сейлем ұзақ болған 
жағдайда керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына көп нүкте қою 
шарты бар. Дәйексөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті 
түрде дәйексөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде 
анық, нақты көрсетілуі тиіс.
Дәйексез тырнақшаға алынады және автордың жазған стилін сақтап, 
дереккөздегі қалпындағы грамматикалық формада беріледі. Ғылыми 
жұмыстарда қандай да бір материалды оған сілтеме жасамай, тікелей 
иеленуге жол берілмейді.
Нақты дәйексездің нақты емес дәйексезден қандай айырмашылығы 
бар?
Накты дәйексөздеөзгеніңм әтіні сөзбе-сөзберіледі. Мұндай дәйексөз 
тырнақшаға алынып жазылады, дәйексөзден кейін дәйексез алынған 
жұмыстың беті көрсетіліп, сілтеме беріледі. Сілтеме тікжақшамен беріледі. 
Мысалы, «Академиялық жазылым дағдысын білу - бүл академиялық 
ортада табысты болудың негізі», - дейді Ресей ғалымы И.Б. Короткина 
[1, 20]. Сыни ойлау психологиясын зерттеуші ғалым Д. Халперн: 
«Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды 
пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» 
деген ой айтады [2, 15].
Ғылыми жұмыс авторы нақты емес дәйексөзді қолдана отырып, 
сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді. Мұндай дәйексөз 
тырнақшаға алынбайды, бірақжұмысқа міндетті түрде сілтемежасалады. 
Мысалы, Қазіргі кезде студенттің өз бетінше жүмыс істеуінің маңызы


артты, себебі аудиториялық сағаттар көлемінің айтарлықтай 
деңгейде қысқаруы, осыған орай студенттің ездік жұмысына (СӨЖ) 
белінетін сағаттың кебеюі студенттің ез бетінше білім алуы мен 
өзін-өзі дамыту қабілетін, ез бетінше еркін сыни ойлау дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді [7, 89].
Дәйексөздерді ресімдеу
Кімге және қайда сілтеме жасау керектігін анықтадық, енді 
пайдаланылған әдебиетке сілтемені қалай ресімдеу керектігіне келейік. 
Алдымен, жұмыста кездесетін Е скерт у деп аталатын белгілерге 
тоқталайық. Әңгіме сіздің түсіндіруіңізді талап ететін, мәтініңізге керекті 
қосымша ақпаратты қамтитын, негізгі мәтінге кіргізудің соншалықты 
қажеті жоқ, дегенмен жалпы жұмыс үшін маңызды мәтін фрагменттері 
туралы болып отыр.
Орналастыруға байланысты Ескерт удіекіге бөлуге болады. Біріншісі
- беттің төменгі жағына орналастырылатын жазбалар. Оқырман ескерту 
берілген ақпаратты ұмытып қалмай, бірден танысуы үшін ескертуді 
ресімдеудің осы түрі қолданылады.
Екіншісі - мәтіннен тыс, жұмыстың соңына, негізгі мәтіннен кейін 
орналастырылатын ескертулер. Егер ескертулер негізгі мәтіннің ішіне 
енгізбей-ақберугеболатынжекешағынзерттеулердіқамтыса, ресімдеудің 
осы түрін қолдануға болады. Мәтіннен тыс ескертулер - негізгі мәтінді 
жеңілдету үшін оның мазмұндау логикасын бұзбай қосымша ақпарат 
берудің кең таралған және ыңғайлы түрі.
Енді дереккөздерді көрсетуге келейік. Өзгелердің мәтіндерін 
дәйексез ретінде келтіру немесе келтірмеу кезінде жиі кездесетін 
қателіктер мынадай:
* дәйексез алынған дереккөзге сілтеме жасамау;
* дәйексөз алынған дереккезді толық сипаттамау;
* ұзақ дәйексөз келтіру;
* дәйексөзді қате беру;
* сілтеменің библиографияға сәйкес келмеуі.
Бірінші жағдай плагиат деп аталады.
Плагиат д егеиім із - езге адамның идеялары мен сездерін алып, 
езінікі ретінде ұсыну; дереккезге сілтеме жасамай, езгенің идеясын 
пайдалану. Бұл авторлық құқықтар туралы заңнама талаптарына сай 
заң алдында жауаптылыққа тартуға әкелуі мүмкін. Плагиатпен айналысу 
құқықтық жауаптылықпен қоса кәсіби академиялық этиканың ережелерін 
бұзу болып саналады. Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Интернет 
жүйесінің дамуы да плагиат мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Болашақта бұл 
жағдай өзгереді деп ойлаймыз. Академиялық көпшілік плагиат жасаумен 
айналысқан студент жұмысына қанағаттанарлықсыз баға қойылуы керек
55


деп санайды. Кейбір шетелдік оқу орындарында мұндай студентті оқудан 
шығару тәжірибесі де бар.
Екінші қателікке сіз өзгенің сөзін тырнақшаға алып, авторын көрсетіп, 
бірақ дереккездің сипаттамасын анық бермеген немесе ондай мәліметті 
мүлде көрсетпеген жағдайда ұрынасыз. Сырт қарағанда, ешкімді алдап 
отырған жоқсыз, бірақ тиісті талаптарды өрескел бұзып отырсыз.
Үшінші қателік те кең таралған. Сілтеме тиісті түрде ресімделген, 
бірақ келтірген дәйексөзіңіз тым келемді, беттің жартысын алады, тіпті 
кейде бір бетке дейін кетеді. Мысалы, кейбір жұмыстарда «зерттеуші 
атап көрсеткендей, автордың ойыншау> деп басталатын сөйлемнен 
кейін тырнақшаға алынған сол автордың бір бет мәтіні келтіріледі. Бұл 
дәйексөз келтіру нормасын бұзғандық болып саналады.
Тертінші қателік дәйексөзді дәл бермеумен байланысты. Дәйексөз 
соңғы үтір, нүктесіне дейін дәл берілуі тиіс. Егер автор сезді курсивпен 
немесе қою әріптермен берсе, сіз де дәл солай қайталауыңыз қажет. 
Қазіргі грамматикалық немесе стилистикалық нормаларға сай келмейтін 
ескі материалдармен жұмыс жасасаңыз да, дереккөзді езгертпей 
бергеніңіз жен. Мәтінге сәл болса да езгеріс кіргізсеңіз (сез қосасыз, 
курсивпен жазасыз т.б.), бұл туралы жақша ішінде ескертуіңіз керек, 
мысалы, «(курсив біздікі)» деп жазу қабылданған.
Келесі қателік алдыңғылары сияқты өрескел болмағанымен, кең 
таралған қате. Барлық дәйексөзіңізге тиісті сілтемелер келтірілген, алайда 
олар пайдаланылған әдебиеттізімінде көрсетілмеген немесе берілу реті 
сәйкес келмейді. Бұл кемшілікті дұрыстау оңай деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет