Динаева б. Б., Сапина с. М


Ғылыми мақала жазу үлгісі



Pdf көрінісі
бет45/119
Дата15.06.2023
өлшемі5.44 Mb.
#475088
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

1
Ғылыми мақала жазу үлгісі
ТІЛДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ЖҮЙЕСІ 
ВекжаІ В. Оіпауөуа
Кагакһ ипіуегзііу оНһе Нитапіііез апсі Іа\л/, Азіапа, Кагакһзіап
ЗаЬіга М. Заріпа 
Кагакһ ІІпіуегзііу оНһе НитапШез апсі 1_а\л/, Азіапа, Кагакһзіап
АБСТРАКТ
Мақала тілді меңгеру деңгейін бағалаудың қазақстандық жүйесі -
ҚАЗТЕСТ жүйесінің қүрылымын талдауға арналған. ҚАЗТЕСТ жүйесі -
халықаралықстандарттарға негізделген қазақстандықжүйе болғандықтан, 
бұл жүйенің тіл меңгеру деңгейін бағалайтын басқа да халықаралық 
жүйелермен ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері анықталады. 
Зерттеудің мақсаты - ҚАЗТЕСТ жүйесінің Қазақстан Республикасының 
қоғамдық-саяси еміріндегі алатын орнын, езіндік ұлттық ерекшеліктерін, 
кемшіліктерін 
керсету. 
Бұл 
үшін 
ҚАЗТЕСТ жүйесі 
құрылуының 
алғышарттары, қоғамда атқаратын релі керсетіледі, жүйенің Қазақстан 
Республикасында мемлекеттік тіл саясаты мен тіл стратегиясын жүзеге 
асыруда тиімді жұмыс жасап келе жатқан құрылым екендігі мысалдармен 
дәлелденеді. Кепұлтты мемлекеттерде тіл саясаты ұлттық саясаттың 
ажырамас белігі болып табылатындықтан, көтеріліп отырған мәселе 
езекті болып саналатындығы даусыз.
Тірек сөздер: білім беру, білім деңгейін бағалау, тестілеу 
тілді білу деңгейі, деңгейлік бағалау, ҚАЗТЕСТ, қазақстандық жүйе, 
коммуникативтік құзырет, тіл саясаты, тілдік жағдай, көпұлтты 
мемлекет, мемлекеттік бағдарлама,
Кіріспе
Білім беру әлеуметтік жүйелердің ішінде маңызды орын алады. Қоғам 
дамуының қазіргі кезеңі білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп отыруды алға 
қойып отыр. Осы ретте алынған білім деңгейін бағалау білім беру жүйесінің 
маңызды құрамдас белігі болып есептеледі.
Көптеген мұғалімдер мен педагогтердің пікірінше, тестілеу - оқу 
материалын игеру дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін барынша 
объективті әдіс. Білім алушының шығармашылық әлеуетін, білімінің 
тереңдігін жан-жақты көрсете алу мүмкіндігінің жоқтығы, білім алушының 
психологиялық, физикалық (дене) кемшіліктеріне/артықшылықтарына 
байланысты баға шынайылығының езгеруі сияқты кемшіліктеріне 
қарамастан, тестілеу әлемнің кептеген елінде білім деңгейін бағалаудың 
бірден-бір жүйесі болып отыр [1], [2], [3].
65


Тестілеу арқылы тілді білу деңгейін бағалау - жалпы білім дәрежесін 
бағалаудың ортақ межелеріне сәйкес келгенімен, өзіндік ерекшеліктері 
бар жүйе [4], [5]. Тілді меңгеру дәрежесіне баға беру деңгейлік бағалау, 
жалпы бағалау және тұлғаның кәсіби құзыретіне байланысты қойылатын 
талаптарына сәйкес тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруді 
бағалау сияқты бөліктерден құралады.
Тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелерін құру кез келген ұлттық 
мемлекет үшін қажетті іс деп санаймыз, себебі тілдік білімді игеру сол 
тіл мемлекеттік тілі болып саналатын елдің мемлекеттік құндылықтарын 
құрметтеу, қоғамдық құндылықтарын ұстану жәнетұлғалық құндылықтарды 
иемдену тұрғысынан ете маңызды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып саналатын қазақ 
тілін білудің деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ деп аталады. ҚАЗТЕСТ 
жүйесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ¥лттық 
тестілеу орталығы әзірлеген. ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006 жылдан бастап іске 
қосылды. Бұл жүйе Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мемлекеттік 
тілдің қолданысын дамыту, оның бәсекелестік қабілетін арттырумен 
байланысты мемлекеттік тұрғыдан іске асырылып жатқан шаралар 
аясында жұмыс жасап келеді [6].
Зерттеудің басты мәселесі құрылымы, мазмұны, ұйымдастыру мен 
басқару тетіктері қалыптасқан кешен - ҚАЗТЕСТ жүйесін тілді меңгеру 
деңгейін бағалаудың қазақстандық үл гісі ретінде таныту, оның құрылуының 
алғышарттарын, өзіндік ерекшеліктерін, кемшіліктерін керсету.
Мақала авторлары ҚАЗТЕСТ жүйесінің 2006-2009 жылдары лексика- 
грамматика бөлігінің, 2009-2011 жылдары оқылым бөлігінің, 2014 жазылым 
бөлігінің тест тапсырмаларын әзірлеушілері және сарапшылары ретінде 
жұмыс тобының мүшелері болған және 2012 жылдан бастап жетік деңгей 
тапсырмалары бойынша емтихан тапсырып келеді.
Негізгі бөлім
ҚАЗТЕСТ жүйесінің мақсаты мен міндеттері, оны енгізу мен дамытудың 
басты бағыттары, жүзеге асыру тетіктері 2008 жылы қабылданған 
Тұжырымдамада көрсетілген [7]. ҚАЗТЕСТ жүйесін құру мақсатында тілдік 
білімді бағалаудың көп жыл бойы қолданылып келе жатқан халықаралық 
жүйелері зерттелді. Бұл зерттеулер қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін 
есепке ала отырып, тілді білу дәрежесін бағалаудың қазақстандықжүйесін 
құруға мүмкіндік берді.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің басты мақсаты - қазақ тілі бойынша тілдік білімді 
бағалау. ҚАЗТЕСТ - құрылымы жағынан, негізінен, американдық ТОЕҒЬ 
(Тезі оТ Епдіізһ аза Ғогеіпд І_апдиаде)және ресейлікТОГСҒЦТезІоШиззіап 
аз а Ғогеідп І_апдиаде) сияқты тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйелеріне 
сәйкес келеді. Сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық жүйе.
ТОЕҒЬ ағылшын тілі ана тілі болып саналмайтын адамдардың тілдік 
білімін, ТОКҒІ_ ресейлік және шетел азаматтарының орыс тілін меңгеру 
деңгейін бағалау тестілері. Ал ҚАЗТЕСТ арқылы Қазақстан Республикасы
66


азаматтары және Қазақстан аумағында қызмет атқаратын шетел 
азаматтарының қазақ тілін (мемлекеттік тілді) білу деңгейі анықталады.
ТОЕҒІ_ сертификаты ағылшын тілді мемлекеттердің оқу орындарына 
түсу үшін, бизнес қүрылымдар мен ғылыми орталықтарда жұмыс жасау 
үшін қажет. Білім гранттарын ұсынатын үкіметтік құрылымдар, хал ықарал ық 
ұйымдар да осы сертификатты талап етеді. Сертификат екі жыл мерзімге 
жарамды болып саналады. ТОІЧҒ[_ сертификаттары 
инженерлік- 
техникалық, гуманитарлық және басқа салалар бойынша Ресейдің 
жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Сертификаттардың 
жарамдылық мерзімі шектелмеген. ҚАЗТЕСТ сертификатының өзгешелігі 
мынада: белгілі лауазымнан үміткер мемлекеттік қызметшілер, ұлттық 
компаниялардың қызметкерлері, халықаралық «Болашақ» бағдарламасы 
бойынша шетелдік оқу орындарында бакалавриат, 
магистратура 
мамандықтарында, докторантурада білім алғысы келетіндер, Назарбаев 
зияткерлік мектебінің мұғалімдері тапсырады. Сертификат мерзімі - үш 
жыл.
ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылғаннан бері тестілеуден өтушілердің сандық 
көрсеткіші:
1-кесте
2006
жыл
2007
жыл
2008
жыл
2009
жыл
2010
жыл
2011
жыл
2012
жыл
2013
жыл
169
639
1633
2252
адам 
адам 
адам 
адам
6400
адам
7084
адам
10250
13708
адам 
адам
[7]-
2006-2007 жылдары ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуге, негізінен, 
мемлекеттік қызметшілер, орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары 
мен студенттер қатысқан. 2008 жылы бакалавриат, магистратура 
мамандықтары бойынша шетелде білім алуға мүмкіндікберетін «Болашақ» 
бағдарламасының үміткерлерінің қазақ тілін білу деңгейін анықтау 
ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылатыны туралы шешім қабылданды. 
Осы жылдан бастап халықаралық «Болашақ» бағдарламасының 
стипендиясынаоқығысы келетіндертесттапсырабастады [8]. 2009жылдан 
бастап қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын орта мектептің дарынды 
оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейінен олимпиаданың соңғы 
қорытындысы кезеңінде ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тестілеуден өткізілетіні 
туралы шешім қабылданды. 2010 жылы білім берудің автономды ұйымы 
«Назарбаев зияткерлік мектептері» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді 
білу дәрежесін ҚАЗТЕСТ арқылы тексеретін болды. 2013 жылы Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының 
кадрлық резервіне алу үшін үміткерлердің мемлекеттіктілді игеру деңгейіне 
талаптар қойылып, ол талап Қазақстан Республикасында азаматтардың 
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі - ҚАЗТЕСТ арқылы 
орындала бастады. 2013 жылы қазақ тілін білу дәрежесін анықтауға тест 
тапсырған мемлекеттік қызметшілердің сандық керсеткіші:
67




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет