Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.
Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.
Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.
Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мүндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің максаты.
Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Қүдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді.
Қүдай туралы Кант былай дейді: ... Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады. .Гегель (1770-1831): Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.
Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Qларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:
- дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;
- дін дегеніміз - әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;
- дін - рухани өндіріс аймағы;
- дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |