Диплом алып, сенімді ақтадым мен Азаматтық борышымды атқарған соң Жас маман боп оралдым мектепке мен



Дата15.12.2023
өлшемі14.54 Kb.
#486620
түріДиплом
стих


Мамырдың он үшінші жұлдызында,
Тудым мен жылдың 96ында
Қазақтың баласымын тегі бүтін,
Елім бар жасайтұғын ер үмітін.

Айтайын өзім жайлы, өз атымды,


Тағы да өз руымды, әулетімді
Атым бар Бақонат затына сай
Керейдің шерушісі , көңілі жай

Тудым мен Моңғолияның Қобдачында,


Жер жәннаты Баян-Өлгий аймағында
Оралдым мен ата-жұртым Қазақстанға
Алдыңызға түстім бүгін үлкен сынға

Әкем бар асау тұлпардай


Анам бар сұлу сұңқардай
Аға сүйер ағадарым тағы бар
Отбасыммен мақтанам үлгі тұтар

Білім алдым, өсіп өндім есейдім мен,


Диплом алып, сенімді ақтадым мен
Азаматтық борышымды атқарған соң
Жас маман боп оралдым мектепке мен

Арман қуған мектептегі ұлы маман


Эйнштейннің жолын қуған физик болам
Сыйлымын әріптестер ортасында
Беделдімін әсем Ақкөл саясында

Іздеп жүріп таптым сұлу жарымды


Гүлжан сынды аруымды тартымды
Мөп мөлдір көздің қарасын
Зерендіден ғана табасың

Қоғамдық жұмыстарға белсендімін


Өлең оқимын, ән айтам , би билеймін
Спорттың туын биік желбіреткен
Мықты балуан боламын мен күрестен

Мақтанамын, жеңісіммен, марапатпен


Түрлі сайыс жорықта алдамын мен
Жаңашыл ұстаз атты байқауында
Бас жүлдені қанжығыма байладым мен

Жылдың үздік жас маманы төсбелгісі


Жарқырап тұр мына менің кеудес тұсы
Бағындырар биік болсын көп асулар
Болсын мұндай марапаттар ер үлгісі

Қарсыласым қамықпа артта қалма


Тілейтінім сәттілік , тек жасыма
Әділғазы берсін бүгін бағасын
Жігіттердің сұлтаны мәңгі жасасын

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет