Диплом жұмыс тақырыбы : «Бронх демікпесі ауруларындағы мейіргерлік күтім»



бет16/18
Дата17.04.2024
өлшемі1.17 Mb.
#499049
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
тахмина

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл зерттеуде «Бронх демікпесі бар науқастарға мейіргерлік күтімнің қазіргі аспектілері» бойынша мейіргерлік күтімді жақсарту шаралары қарастырылды. Мейіргерлік күтімді ұйымдастыруда орта медициналық персонал, атап айтқанда мейіргер маңызды рөл атқарады.


Мейіргер мамандығының ажырамас бөлігі-халықпен санитарлық-ағарту жұмыстары. Дұрыс ұйымдастырылған мейіргерлік күтім ерекше рөл атқарады және емдеу процесін ұйымдастыруда оң әсер етеді.
Мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу кезінде біз жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға теориялық талдау жүргіздік.
Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың өз аурулары, негізгі қажеттіліктері мен проблемалары туралы хабардар болуын анықтау үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ересек халықтың БД сырқаттануы бойынша статистикалық деректерге талдау жүргіздік.
Зерттеу негізінде біз келесі тұжырымдар жасадық:

  • Сауалнамаға қатысқан респонденттердің жас құрамының ішінде 56 жастан жоғары респонденттер көп болды және басым бөлігі әйел адамдар екені белгілі болды.

  • Мейіргерлер бронх демікпесін дамытатын қауіпті факторларды жеткілікті түрде түсіндіргенін білдік.

  • Денсаулық мектептеріндегі өзін-өзі күту сабақтары бойынша қандай білімді меңгердіңіз деген сұраққа көп бөлігі небулайзерді қолдану және қалта ингаляторын қолдануды үйрендік деп жауап берген.

  • Мейіргер жұмысының қай түрі сіздің жағдайыңыздың жақсаруына септігін тигізді деген сұраққа ауруды басқаруды оқыту сабақтары деген.

  • Ең жоғары дем шығару жылдамдығының ұлғаю немесе азаюындағы өзгерістерді күнделікке көп бөлігі жазбайтыны белгілі болды.

  • Өзін-өзі бақылау күнделігін көбісі жүргізбеймін және тұрақты емес деп жауап берген.

  • Сауалнамадан алынған сұрақтарға жауап беру кезінде шұғыл жағдайлар пайда болған кезде 80% пациент дәрігерге дейінгі іс-шараларды өз бетінше жүргізе алмайтындығы белгілі болды.

  • Пикфлоуметр мен қалталы ингаляторды қолдануды көп пациенттер білмеймін деп жауап берген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет