Диплом жұмысы қазақ прозасындағы сал-серілер образы Орындаған: 4-курс студенті С. Сейдикенова



бет7/8
Дата24.07.2023
өлшемі3.09 Mb.
#475802
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-45681 (1) (1)

Қорытынды
Сал-серілердің сан-қырлы өнер иесі болып, бірнеше саланы меңгеруі уақыт, заман талабынан туған жағдайлар деуге болады, себебі сахна мен театры жоқ, цирк пен балеті жоқ далада пайда болған сал-серілер бойындағы драмалық өнердің қасиеттерін көшпелі өмір салты қажеттілікпен, уақыт сынынан іздестірген жөн.
Радиосы мен теледидары, музыка мектебі болмаған революцияға дейінгі қазақ ауылында өнер-білімнің таралу жолы, тәсілі түрлі-түрлі. Жалпақ жұртшылық ортасында өз әлінше ағртушылық, оқутушылыққа пара-пар қызмет атқарды да. Мал соңында жүрген, шаруа қамымен оқшаулау тұрған, әбден зеріккен ауыл өнерпаздарды қуана қарсы алатын, бір үйден домбыра үні шықса, сол үйге ауыл тегіс жиналатын болған.
Сал-серінің бойындағы актерлік, әртістік қабілетінің мәні, халқымыздың өткендегі рухани өмірінде алатын орны ақындық өнерінен бірде кем емес. Алайда мұндай деректердің бұрын арнайы жиналмауы салдарынан оны қайта қалпына келтіріп, қағаз бетіне түсірудің өзі оңай іс болып отырған жоқ.
Жалпы қазақтың Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Мұхит сынды сал-серілері серілікке, махаббатқа өмір қызығы деп қарап, әдеміліктің мәңгілік әсерін ардақтайды. Сал-серілердің махаббат мәселесіндегі кредосы - өзіне барлық жағынан тең, сертке берік адал жармен айырылмас ғұмыр кешу. Көрінген көріктіге көз тастап, жеңілтек мінезді көрсетуге қарсы. Дегенмен, сал-серілер сұлулықты көре де бағалай білген.
Ұлттық психология мен халықтың санасы қоғам дамуы мен тарих заңдылығынан тыс қала алмайды. Рухани құндылықтар ел санасына сіңіп, жаңғырған бүгінгі таңда өткенге үңіліп, ұлт тәуелсіздігі жолындағы сал-серілердің қоғамда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде өзіндік орны бар екенін айта аламыз.
Сонау XVIII ғасыр мен XIX ғасырларда дүниеге келген, Еуропа әдебиетінде кең етек жайған сентиментализм ағымы біздің қазақ әдебиетінде де оның ішінде сал-серілер шығармаларында да кездескенін айтқан жөн. Ала орыс әдебиетінде сентиментализм ағымына қаламтербеген жазушылар ішінде Карамзинге қатар келер адам аз. Дегенмен де Радишев, Фонвизиндерді да айталмыш ағымға өзіндік үлес қосқан жазушылар қосқан абзал. Бұл аталған жазушылар болсын, ақындар болсын, сал-серілер болсын түгелінің түпкі ойы бір. Ол адамның ішкі сезімін, жүрек үнін, жан дүниесін ашып көрсету. Тебіреніс пен сезімге толы, қуаныш пен мұңға толытуындыны жарыққа шығару. Осы жолда қазақтың сал-серілерінің жоғарыда айтып өткендей тер төккені рас. Біржан мен Ақанның, Жаяу Мұса мен Балуан Шолақты, Мәди мен Үкілі Ыбырайдың лирикаға толыән-өлеңдерінің маңыздылығы мен көркемдігі Карамзиннің немесе Стерннің шығармаларынан бірде-бір кем емес. Бұлардың бәрі де өз дәуірі туғызған тамаша туындылар. Сентименталтзмге үлгі тұтарлық шығармалар деп толық айта аламыз.
Азия мен Еуропа, Америка елдерінде құрметті әнші, орындаушы, композитор, ақындық дәрежесіне көтерілу үшін әр дарын иесі, он-он бес жылдар бойы арнаулы оқу орындарында немесе жеке сабақ алып халықтың сый құртетіне жетер болса, қазақ халқының бойындағы көптен бері айтылмай жүрген дарындылығы, арнаулы-кәсіптік білім есігін ашпай-ақ, халқымыздың өнерін, мәдени рухани байлығын өнер мектебі ретінде қабылдап, дарынды тұлға ретінде халқымыздың өнер, білім, мәдениет елегінен өткен әншілік, ақындық, сазгер-композиторлық, орындаушылық-насихатшылық пен саз аспабында да орындап өзін-өзі сүйемелдеуші төрт-бес қасиеттердің бір адамның бойынан табылуы - қазақтың табиғи дарындылығы демеске болмайды. Бұған ақын, сал-серілер, өнер, мәдениет қайраткерлер дәлел бола алады.
Қорыта келгенде, сал-серілер мұрасын бір ғана сөз ретінде қарау жеткіліксіз, оның өнеріндегі күрделі тұтастықты жан-жақты ашу үшін де комплексті тұрғыдан зерделеу қажеттілігі туындайды.
Тарихта мәңгі аты өшпейтін қазақтың сал-серілері Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит сынды талантарымызды келешек ұрпақтарға жеткізу жолында, көптеген ғалымдар аянбай еңбек еті. Сал-серілердің ән шығармашылығы өз заманының әншілері мен тыңдаушыларының көркемдік талғамын қанағаттандырып қана қоймай, біздің заманымыздың өнерпаздары Ж.Елебеков, Қ. Ешекеев, Т.Арғынбаев, М.Ержанов, М.Шалқаров, М.Әбішов сияқты тағы басқаларды еліктіріп, дарындылығын ширата түсуге ықпал жасады.
Осындай баға жетпес тұлғаларымыздың өміріне академик Ә.Марғұлан, С.Қирабаев, С.Негимов, Т.Рахымжанов сынды ғалымдар зерттеу жасаған. Сал-серілер өмірі мен шығармаларын жинап, талдаулар жасаған. Сол ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, өз жұмысымда талдау жасадым.
Сал-серілер жайында әлі талай дүниелер жазуға болады. Сал-сері өмірінен ашылмаған сырлары жетерлік. Олардың өмірі мен шығармалары арқау болатын талай туындылар дүниеге келетініне кәміл сенімдімін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет