Диплом жұмысы қазақ прозасындағы сал-серілер образы Орындаған: 4-курс студенті С. Сейдикенова



бет2/8
Дата24.07.2023
өлшемі3.09 Mb.
#475802
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-45681 (1) (1)

Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмыcта зерттеудің әдіс-тәсілдерінің бірнеше түрлері пайданылды. Олардың негізгілері - дәстүрлі сипаттама әдісі, тарихи салыстырмалы, теориялық, типалогиялық салыстыру әдістері.


Пайданылған дерек көздері: Қазақ жазушыларының тарихи романдары, әдебиет сыншыларының мақалалары, ғалымдардың зерттеулері.
Глоcсарий


Сал-сері - ақын композитор, әнші болуының үстіне артистік, бишілік, фокусшылдық қасиеттерді бойына жиған жан-жақты өнерпаздар болған. Серілер таза, әдемі киіну, кербез, кербездіәк мінезімне өз ортасынан өң бойы озық тұрады, олар жомарттық, сопылық, білімдарлық қасиеттерін айналасына өнеге етіп шашатыны, тек өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық, саятшылықпен айналысатын болған.
Жырау - өз жанынан өлең-жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Көркемдік жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті. Жинақтау үшін суреткерге бәрінен бұрын талғампаздық керек. Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң-иірімдерін ғана смес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланады.
Образ - эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. Образдың қазақшасы - көркем бейне.
Авторлық идея - суреткердің о бастағы ой өзегі, объективтік идея нақты шығарманы туатын мақсатының нәтижесі.
Бір шығармадағы бірнеше және алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.
Көркемдік шешім - шығарманың сюжетінде де шешуші кезеңнің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарағн "үкімі", адамдардың арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлардың тартысынан туған нақты нәтиже; Оқиғаға қатысушының ең ақырғы хал күйі; Күллі құбылыс - көріністердің сахнасы.
Шарықтау шегі - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арсындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет