Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет29/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Бұл тестің мақсаты - сөз тіркесі синтаксисі туралы алған білімдерін анықтау, тексеру.
2. Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуін анықтау;
Бұл тестің мақсаты — оқушылардың сөз тіркесін өзіне үқсас
тұлғалардан, сөйлемнен, күрделі сөздерден, атаулық тіркестерден, Тұрақты тіркестен, сөздердің салалас қатарларынан ажырата алатындыктарын тексеру.
3. сөйлемдерді сөзтіркесіне талдау мүмкіндіктерін тексеру;
Бұл тестің мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөз тіркесі туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана алтындықтарын байқау, анықтау (тест үлгілері қосымшада берілді).
Қорыта айтқанда, бастауыш мектепте сөз тіркесін осындай әдіс-тәсілдермен оқыту жұмыстары нәтижелі болады.



Қорытынды
Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік кұбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жү_мыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді.Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Қорыта келгенде, сөз тіркесін меңгертуде қолданылатын жұмыстардың барлығы оқушыға сөз тіркесі синтаксисінен жан-жақты, терең білім беруге септігін тигізді. Сөз тіркесі, сөйлем құрау дағдыларын жетілдірді. Сауатты сөйлем құрау дағдыларын жетілдіріп, шешендікке баулыды. Жаттығулар, көрнекіліктер, рөлдік ойындар, тест үлгілері арқылы сөз тіркесін етән қасиеттерді меңгертіп, оқушылардың ойлау жүйесін дамытты. Тұрақты тіркестер мен сөз тіркестерінің өзіндік белгілерін анықтап. Оларды ауызекі сөйлеу жән ежазба тілінде орынды кірістіріп, колдана алуға септігін тигізді. Тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіруге, адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеуге, таным белсенділігін күшейтуге көмектесті. Оқушының сауаттылығын арттырды. Әрбір тілдік бөлшектердіңжалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік дағдыларын қал ыптастыр ды.
Сөз тіркесін оқытумен орай жүргізілген практикалық жұмыстардың негізінде оқушылар грамматиканы, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, көптеген практикалық дағдыларды меңгерді.
Қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, сапалы, тиянақты білім алуларына негіз болды.

Атап айтқанда, жаттығулар жүйесін жаңаша құрастырудың үлекн маңызы болды. Грамматикалық жаттығулар жұмысын орындау сипатына қарай екі топқа бөліп жүргіздік: ауызша және жазбаша орындалатын жаттығулар. Ауызша жаттығу үш топқа бөлінді: аналитикалық, синтетикалық, шығармашылық сипаттағы жаттығулар.
Жазбаша жаттығуларды да осылай үш топқа бөлдік. Бү_л жаттығу жұмыстарының қай-қайсысы болса да өздерінің тиімділігін байқатты. Әр оқушы ізденуге , алдына қойған мақсаттарын орындауға тырысты. Сондай-ақ, теориялық материалдарды бсрік , саналы меңгерулеріне жол ашты.
2. Сөз тіркесін оқытуда ең тиімді әдіс — кескінделген көрнекі
құралдары пайдалану. Динамикалық, граммтикалық кестелер, сызбалар
(схемалар), сурет, үлестірмелі кесте қағазы, перфокартаны пайдалану да
жақсы нәтиже берді. Әсіресе, сөз тіркесі мен оған үқсас тұлғаларды бір-
бірінен ажыратуда динамикалық кестелердің ерекше рөлі болды.
3. Сөз тіркесіне арналған мәтіндерді магниттаспасы аркылы талдау
жасату да оқушы зейінін аударып, олардың белсенділігін артыруға
себепші болды.
4. Бір тақырыпты оқытуда грамматикалық ойын Тұрлерін де
қолдандық. Мысалы: сөзжұмбақ, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешу,
жанылтпаштар айту т.б.
5. Жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сабақтың
тиімділігін арттыра отырып, оқушының алған білімін тексеру де
маңызды жұмыстардың бірі.
Соның бірі - оқушы білімін тест тапсырмалары арқылы тексеру. Бұл әдістің тиімділігі де орасан зор. Біріншіден, уақытты үнемдейді, сыныптағы әр оқушының теориялық білімін тольщ тексеруге мүмкіншілік жасайды. Ол арқылы оқушының ойлау қабілеті дамиды.
Жинақтай келгенде, сөз тіркесін меңгертуде үхынып отырған әдіс-тәсілдер сөз тіркесі синтаксисін жан-жақты, терең білім беруге септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет