Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет5/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2. Сөз тіркесі - синтаксистік единиқа. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың негізгі материалы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты Түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кезде керісінше жай сөйлемнің сөз тіркесінің бір нүхқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт Түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И.Убрятова сөз тіркестерінің сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырды, осы пікірді С.Аманжолов та қолдағанды. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік единиқа ретінде арнайы қарастырылып келді. Солай бола береді. Дегенмен, сөз тіркесінің синтаксистік единиқа екені туралы соңғы кезде талас пікірлер де орын ала бастады.
А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым «Словосочетание является ли единиқей языка?» деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар

жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единиқа екеніне баса назар аударды.
Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единиқа екенін дәлелдесе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет