2 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық
материалдар
Тұлға жағынан алып қарағанда, қазақ тіліндегі сөздер бес түрлі тұлғада қолданылады (негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз), олардың әрқайсысының өзіндік тұлғалық ерекшелігі болғаны сияқты, әр қайсысына тән орфографиялық ерекшеліктер де бар. Сөздердің жазылуындағы морфологиялық өлшем негізгі түбір болмақ. Негізгі түбірге қосымша жалғануы арқылы сөз түрленеді, өзгереді немесе грамматикалық қарым-қатынасқа түседі.
Түбір сөздің жазылуының да өзіндік заңдылығы бар. Қазақ ітіліндегі түбір сөздерге тән қасиет олардың кілең жуан дауыстыдан немесе жіңішке дыбыстардан тұратындығы (жұмысшы, мемлекет т.б.). Бұл ерекшелікті негізгі сипат ретінде үйретуі керек. Ескерту ретінде кейбір санаулы сөздерге жуан және жіңішке дыбыстар араласа келетіндігі айтылдады (қызмет, кітап т.б.).
Туынды түбір жасайтын қосымша да (жұрнақ), сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқаратын қосымша да (жалғау) түбір сөздің жуан я жіңішкелігіне қарай үйлесе қосылады (оқы+ған, өнер+лі, бала+ға, іні+ден т.б.). Бұл ережеге бағынбай қосылатын қосымшалар фонетикаға байланысты айтылған. Сонымен бірге қосымшаның басты дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына үндесе ыңғайласады. Орфографиялық бұл ерекшеліктерді үйрету барысында грамматикалық ережелер мен жаттығу жұмыстарын араластыра жүргізу тиімді. Арагідік оқушылардың өздеріне мысал ойлантып отырған да жақсы нәтижеге жеткізетін тәсіл.
Қос сөздер дефис арқылы жазылады деп қана өте шығу жетімсіз. Алдымен қос сөздердің мағыналық ерекшлеіктерін түсіндіріп алу керек. Қосарланып тұрған сөзге мағынасымен қоса тұлғалық та талдау жасалуы жөн. Өйткені қосымшалар қосарланған сөздердің соңғысына ғана қосылмайды, алғашқы сыңарына да қосыла береді {қолма-қол, көзбе-көз, үйді-үйіне, жылдан-жылга, бірде-бір т.б.).
Қос сөздер күрделі сөзге жатады. Сөздер қосарланған жағдайда мағыналық өзгерістер болады. Кейбір қос сөзде мүлде жаңа мағына туса, кейбір қос сөзде мағына түрленеді я үстемеленеді. Тілімізде қос сөздер сияқты дефис арқылы жазылатын, сырт қарағанда қос сөзге үқсас, бірақ тең мағыналас күрделі сөздер де бар: орысша-қазақша (сөздік), үгіт-насихат (жұмысы). Буындағы екі сөз де өз мағынасында жұмсалады. Міне, осы сияқты күрделі сөздер мен қос сөздерді салыстыра оқыту материалды түсініп меңгеруге көмектеседі.
Біріккен сөздерді оқыту барысында жаттығулармен қоса класта 10-15, 15-20 минуттық диктанттар жаздырып, сондағы біріккен сөздерді тапқызу және олардың қандай-қандай түбірден бірігіп тұрғанын айтқызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сөздік дәптерлеріне жазылуы қиын деген сөздер жаздырылады.
Қысқарған сөздерді оқытуда бас әріппен және кіші әріппен жазылатын түрлерінің ара жігі ашылады да, олардың нендей сөздерден қалайша қысқарып тұрғандығы айтқызылады. Белгілі бір күрделі атауларды жаздырып, сол күрделі атауларды қысқарту тапсырылады. Бас әріптері алыныгт қысқарған күрделі атауларға қосымша қосылу ретінде молырак жаттығу жүргізілуі керек. Әріптерден қысқарған сөздерге қосымша соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай қосылады және қосымшалар қысқарған әріптерден дефис арқөылы бөлек жазылады. Мысалы: СССР-дың (әс-әс-әс-әр-дің), КасПИ-ге т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |