Бүгінгі таңда дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оқыту теорияларын белгілейтін бір саласы және маңызда саласы. Дидактика: 1) оқытудағы таным процесін анализдеу, 2) дидактикалық принциптер, 3)
білім берудің мазмұны, 4) оқыту жұмыстарын үйымдастыру формалары (сабақ туралы ғылым), 5) оқыту әдістері, 6) оқушы білімін бағалау және есепке алу мәселелерін зерттейді. Дидактикада мектепте оқытылатын барлық пәндерге тән оқыту проқестерін жалпы заңдылықтары қарастырылады.
1. Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады. 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3)
әңгімелесу әдісі, 6) кітаппен жұмыс істеу әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау-жинақтау әдісі, 7)
салыстырмалы әдіс, 8) индукқия-дедукқия т.б.
Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындылап, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді
немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.
Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нүсқау Түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі бларлық сипатта кұрылуға тиіс.
Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары.
Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының сезімін оятады.
Баяндау әдісі басқа әдістер әлементтерімен үштастырылып отыруы тиімді.
Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрақ-жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі кұрал пайдалану оқушының тікелей сезінуі және қабылдауын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: