Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Тақырыбы: Бастауыш сыныпта Абай шыгармаларын оқыту. Ғылыми жетекші



бет32/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта Абай шыгармаларын оқыту.
Ғылыми жетекші: аеа оқытушы Елеусинова Т.
Орындаған: Малзайдарова Г.

Пікір берушілер:
ф.в.к., Омарова Базаркүл Көлбайқызы
№65 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегірбаева Ж ^
(мерзімі)

(мерзімі)
Шымкент 2005 ж

ПІКІР
Малғайдарова Гүлсара осы аталған тақырып бойынша көп еңбек етті. Жинақтаған тәжірибелері негізіндө үшінші курста курс жұмысын жазып, ойдағыдай қорғап шықты.
Студенттедің ғылыми конференwиясында баяндама жасап, жоғарғы бағаға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.
Малғайдарова Гүлсара тақырыпқа сай көптеген ғылыми теориялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді қарастырған. Қаладағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелерін пайдаланды. Өзі мектептерде педагогикалық іс - тәжірибеден өткен кезде бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқытылу жолын іс жүзінде тексеріп көрді.
Абай шығармаларын оқыту арқылы ұлы ақынның лирикалық өлеңдерімен қара сөздеріндөгі жақсы қасиеттерден үйреніп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге болатынын жұмыста көрсете білген.
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Диплом жұмысының нәтижесін бастауыш мектеп мұғалімдері, болашақ мұғалім - студенттер көмөкші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған. Жұмыс қорғауға жіберілді.

ПІКІР
«Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту» тақырыбы мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруде өте құнды өзекті мәселе болып есептеледі. Диплом жұмысы осынысымен құнды болып саналады. Диплом жұмысына ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қоса, ғылыми - теориялық әдебиеттерді де молынан қарастырғаны көрініп тұр.


Бізді қуантқан нәрсе Малғайдарова Гүлсара тек әдебиеттермен ғана шектеліп қоймай, өзі іc-тәжірибеде болған мектептерінде өз сабақтарында сынап көріп, соның нәтижесін диплом жұмысында көрсеткен.
Диплом жұмысының нәтижелерін қазірдің өзінде бастауыш мектеп мұғалімдері мен осы мамандықта оқитын, болашақ бастауыш сынып ұстаздарына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады деп білеміз.
Біздің тілегіміз Г. Малғайдарова жұмысын осымен доғарып қоймай, әрі қарай жалғастырса, ғылымға ұштастырса.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалған, ал мұның авторы «өте жақсы» дөген бағаға лайық деп білеміз.



ПІКІР
Малғайдарова Гүлсара үшінші және төртінші курста Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық - әстетикалық гимназия мектебіндө педагогикалық іс-тәжірибеде болды. Іс-тәжірибеде болған кездерінде өзі сабақ берген сыныптарда Абай шығармаларын оқыту жолдарына зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізді. Өзі Абай шығармаларынан ашық сабақтар өткізді. Нәтижесі жақсы болды. Абай шығармаларын оқыту жолдары жайлы баяндама жасап студент - мұғалімдер арасында қызу пікір таластар болды. Бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан ұсыныстар ақыл-кеңестер айтылды. Абай шығармаларын оқыту арқылы оқушыларды тәрбиелеу, білім беру өте құнды мәселе. Сондықтан студенттің осы диплом жұмысы студенттерге, бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажетті материал болып есептеледі.


Біз Г. Малғайдаровадан болашақта білгір де, білімді ұстаз шығатынына сенеміз.
Диплом жұмысы «өте жақсы» деген бағаға лайық деп білеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет