Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту



бет35/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

1.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту
Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімгө жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті.
Ендеше, Абай мүрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас үрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.
Азат елдің азаматы егеменді елінің тұтқасын қолына берік ұстайтын, тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты әкономика құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет. Ол үшін бүгінгі үрпағымызды осы талапқа лайықты азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздар алдында үлкен міндет тұр. Сол міндеттің бірі -бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға жан-жақты білім беру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу тілі отбасынан басталып, мектепте қалыптасып дамиды. Дүниеге көзін ашқан бала алғашқы сөзді үйде үйреніп, ана сүтімен бірге бойына сіңіреді. Әрі қарай сөздік қорды көбейту жолын мектепте жалғастырады. Отбасында балалар кейбір заттардың атауларын білгенімен, оның мағыналық жағына көңіл аударуға қабілеті жете бермейді. Айтылар сөздің нәзік сырларына терең бойлай алмайды. Мүны оларға үйрететін - мұғалімдер. Бұл міндетті атқаруда ана тілі пәніне сүйену керек. Ана тілі пәнін жүйелі, жан-жақты оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге көркем шығармаға дегөн сүйіспеншілігін де оятуға болады. Өркениетті елдерде өз ана тілін терең меңгерту осы тілді көркейтуге үлес қосқан әрбір ақын-жазушыларды білу басты парыз.
Ана тілі пәні арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, тіл байлығы артады, өмірге деген көзқарасы оянады. Осыны түсінетін тақырыптарды өткенде заман ағымына сай сабақ беру әдісін жетілдіруді ойлауы қажет. Сол арқылы сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру үшін шығармашылдықпен ізденгені орынды.
Оқушылар көптеген ақын-жазушылардың өмірімен, шығармаларымен бастауыш сыныпта-ақ танысады. Осы кезден бастап баланың тіл байлығын оның әдеби даму дәрежесіне көңіл бөліп, назар аударып отыру қажет. Ол үшін баланы сөйлету керек: сөйлеу арқылы ой өрісі мен тіл орамы байқалады. 2,3 - сыныптан бастап өлең, әңгіме, ертегі оқып жүргенін, түсінігін қалай айтып береді, кітап оқуға құмарлғы, ынтасы қандай екенін бақылау үшін сұрақ-жауап түрінде өткізуге болады. Әңгіме үстінде оқушының сөзін бөлмей, қысылмай, еркін сөйлеп, өз айтатын ойын еркін жеткізуіне жағдай жасап отырған жөн. Ана тілінен әрбір өтіліп жатқан шығармаға деген оқушы қызығушылығын оятуда мұғалім өзі үлгі көрсетіп, яғни мәнерлеп әдемі дауыспен оқи білуі, шебер тілмен, түсінікті де жатық сөздермен, тиімді көрнекіліктерді пайдалана отырып, жан-жақты дайындықпен жеткізе білу ауадай қажет. Ол үшін тек өтілетін тақырыппен шектеліп қалмай, соны жазған автор туралы шығармадағы басты кейіпкер, оның балалық, жастық кезеңдерінен үзінділер айтылып, оны байланыстыра отырып, соларға лайық суреттерін көрсетіп, оқушының ойын оятып, жанын баурап, қиялына қанат бітіретін әсерде сабақ өту қажет. Сонда ғана оқушының ана тілі пәніне, сол арқылы көркем шығармаға деген қызығушылығы пайда бола бастайды. Бастауыш сынып бағдарламасында қазақтың көптеген ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер берілді дедік; осылардың ішінде Абай Құнанбаевтың туындыларын өткен кезде ұлы адамның балалық-жастық шақтарынан қандай үзінділер айтуға болады, соның бірсыпырасына тоқталайық. Бастауыш сыныпта Абайдың «Күз», «Адам болам десеңіз», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым» деген өлеңдерін өтуге 5 сағат бөлінген. Осы кезде бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті - оқушылардың бойында поәзияға, лирикаға деген түсінігін ояту. Себебі бұл жастағы балалар әсершіл, еліктегіш, тез қабылдағыш келеді. Сондықтан осы әсерлерді Абай шығармаларын өткен кезде шебер, орынды пайдалана білуге болады. Олай дейтініміз, Абай - қазақ мәдениетінің тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да ақынның әрбір шығармаларын өткенде өмір жолынан бірте-бірте күрделендіріп мәлімет беріп отырамыз. Ондағы мақсат оқушылар Абай шығармаларын шын ықыласымен оқып, үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатындай етіп тәрбиелеу.
«Асыл сөзді іздедесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, жаттап оқы көңілге», - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан - теңіз. Абайдың ақын болып қалыптасуына жастайынан ықпал еткен жағдайларды жекелей анықтап, дәлелдей оқытамыз.
Себебі, жалпы тәрбие, білім, оқуға құштарлық, мәдениет жайлы алғашқы түсініктер отбасынан басталып, өсе келе қоршаған ортадан, жора-жолдастарынан, ұстаздарынан үйренеді, үлгі алады.
Абайдың балалық кезеңінде де осы жағдайлардың әсері болғанын біртіндеп түсіндіреміз. Абай жайлы алғашқы түсінікті былай бастаймыз.
«Абай осы күнгі Семей облысында Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руында Құнанбай жанұясында 1845 жылы дүниеге келген. Сырт көзге момын, сылбыр, аңғал көрінетін Абайды «ата-балаға сыншы» - дегендей, әкесі Құнанбайдың ерте танығанын, оны Семейдегі діни медресеге оқуға бергенін айта келіп, сол кездегі суреттерін көрсете отырып, жас Абай діни оқумен шектелмей өз-бетінше бастауыш орыс мектебінде оқығанын, арабша да хат танығанын, көркем әдебиеттерді өзінше оқып, білімін жетілдіріп отырғанын айтамыз». Осыған орай, қазіргі заман талабын да естеріне сала кетіп, шәкірт Абайдың білімге деген ынта-ықыласын оқушыларға үлгі ете әңгімелейміз.
Мейірімді Зере әжесінен көп ертегілер, халықтың өткен тарихы жайлы әңгімелер тыңдағанын, сол арқылы халықтың бай мұралары, ауыз әдебиетінен сусындағанын қызықты, түсінікті тілмен жеткіземіз.
Одан кейін 3-сыныптағы шығармаларын өткенде 2-сыныптағы Абай жөнінде алған білімдерін сұрақ-жауап әдісімен жинақтап, қорытып алып, Абай жөнінде түсінігін тереңдете түсеміз. Ол үшін Абайдың кітапты өз бетінше көп оқығанын ертегі, жырларды, дастандарды, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді Зере мен ¥лжан сияқты дана аналардан ғана естіп қоймай, Барлас, Байкөкше сияқты ақын-жыршылардың қасында айлап болып, солар айтқан халық дастандарын, батырлар жырларын сүйіп, тыңдап, жаттап, қүлағына құя, қанына сіңіре білгенін, әкесі Құнанбай Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп, үлкен өнегелі отырыстарды көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің асыл сөз, абзал қасиеттерін әділ биліктерін тыңдатып, сабақ еткенін айтамыз. Абай құнарлы бай тілді, адамгершілікті, парасаттылық пен имандылықты халықтан алды. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан-балаға жалғасты. Абай да өз балаларын оқытып, халық адамы етіп тәрбиеледі. Имандылық тәрбиені үлгі ете отырып, адам болу жолын ғылыми тұрғыдан шығармаларында көрсете білді. Мысалы; «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Баламды медресеге біл деп бердім», -дей келіп, өз өмірін кейінгі жастарға сабақ етеді. Өзінің айналасындағы соңына ерген жастарды жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиеледі. Міне, ұлы Абай бойындағы осындай игі қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының санасына әрбір Абай шығармасын өткенде бірте-бірте сіңіре отырып, алған білімдерін дағдыға айналдырған дұрыс. Абай атасы сияқты кітап оқуға, халқының асыл мұраларын қадірлеп, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар міндеті деп білеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет