Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет14/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#124496
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

2- жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді анықтаңдар

Кедей Мұқаш

Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шүнақ қүлақтау, кірпі шаш, қыртыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тайбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрдім. Ә дегенде құнсыз, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Одан соң он беске келгенше Шаманбайдың қойын бақтым. Бақал Бадығүлдың жьілқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашаған жылқыны жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда асаумен, қараңғы ү_зақ түнмен, үрымен алыспаған жылқышы жылқышы емес.

Қосымша сұрақтар:


  • Мәтінді жалғастыр;

  • Диалогтық мәтін құрастыр.

II. Оқушылардың назарын сөздёрдің мағыналарына аударып, оларды сол сипатына қарай топтай білуге баулу.

Тақтаға плакат ілінеді. Онда балаларға бұрыннан таныс қүстардың суреттері бейнеленген. Мұғалім оқушылардан жеке — жеке әр қүстың атын сүрап, оған сұрақ қойғызып байқайды. Мысалы:



  • Қарлығаш. - Бұл не?

  • Қарға. - Бұл не?

  • Үш торғай - Бұл неше торғай ?

- Төрт жапалақ - Бұл неше жапалақ ?

Содан соң тақтадағы плакатты теріс қаратып іліп, балаларға қайта сұрақ қояды.



  • Жаңағы көргендеріңнің ішінде үсті кдра, тамағы мен бауыры
    ақ қүс не?

  • Қарлығаш.

  • Ал, қап-қара үлкен қүс ше?

  • Қарға.

  • Кішкентай көкшіл қүхты не дейміз?

  • Торғай" '.

  • Неше торғай бар

  • Үш

  • Неше жапалақ бар

Ары қарай осылай жалғаса береді.

  • Демек, бұлардың бәрін бір сөзбен не деп айтайды екенбіз?

  • Құстар деп атаймыз.

Ыдыстардың Тұрлері, оқу құралдары бейнеленген плакаттар да осы үлгіде танылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында мұғалім мынадай нәтижеге жетуге үмтылуы қажет.

  1. Оқушылардың сөз мағыналарымен жұмыс істей білу
    дағдысын қалыптастыру. Жоғарыдағыдай үлгілік жаттығуларды
    орындау барысында олар қызметтері ұқсас заттарды атаған сөздердің
    мағынларына ой жіберері анық. Алдағы сабақтарда бұл жұмыс
    керісінше сөздер арқылы заттардың өзіе көз алдына елестеу жолымен
    жүргізеді.

  2. Оқушылар бір заттың жеке өз атауы болатынын, сонымен
    бірге, өзіне үқсас басқа заттармен қосып ортақ сөзбен алатынын
    білгені дұрыс.

III. «Аулада» деп аталатын картина пайдалана отырып әңгіме
өткізу.

Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың алғған түсінігін сөйлеу кезінде қолдана білуге баулу.

3- жаттығу Мәтіннен сан есімді табыңдар. Ақан аппақ тістері ақсия күлді де, жүртқа қарап:

- Жарайды, бір-екі ауыз айтайын.

Жолдан шаршаңқырап келген Ақан теректен ойып жасаған домбырасымен әсем бір саздарды жеңіл қағып тартты да, «Маңмаңгерді» тербеп кетті. Жүрт бірінің-бірі қүлақтарына ғана сыбырласып:


  • Мынау-өзінің Қүлагеріне шығарған әні.

  • Ой, атыңнан айналайын!

  • Шіркін-ай, атты қалай теңдеп қояды!

  • Өй, тыныш Тұр, ән тындайық, - десіп, керімсал, кербез
    әнді

үйып тыңдады. Ән аяқталғанда:

  • Ой, шіркін-ай, қалай-қалай маң-маң басады!

  • Желмаядай екен ғой жүрісі!

- Қалай қоңырлатады! - деп қошеметші жү_р гуілдеп кетті.
Аясы кең көзімен Ақанның әр қимылын бағып, салалы етсіз үзын
саусақтарына тесіле қараған Анна Ивановнаның түсынан Шайынбек
өлең сөзін, Қүлагер жайын түсіндіріп жатыр.

  • Ән де, сөз де өзінікі ме? - деп Анна Иванова тілмашқа
    ақша бетін бүрды.

  • Мұндағы әншілердің бәрі көбінесе өзі шығарған әндерін
    ортаға салады. Ақан - қазақтың ең үлкен композиторы.

Бұл мәтінмен қатар оқушыларға Ақан серінің суреті салынған портрет көрсетіледі.

Суреттін мазмұны оқушыларға таныс болуы керек: Кәдімгі аула. Бір бала қүм үстінде машинасына (ойыншық) қүм тиеп жатыр.



Оның жанында кішкента күректерін ұстап екі жолдасы тү_р. Артқы жақта екі қыз бала доп ойнап жүр.

Мұғалім оқушылардың қатысуымен суреттегі балаларға ат қояды: Мүрат, Сәрсен, Қали, Ләйла, Жазира. Содан соң мұғалім оқушыларға сұрақ қоя отырып, сурет мажмұның айқындайды:



  • Машинамен ойнап жүрген кім?

  • Машинамен Мүрат ойнап жүр.

  • Ал оның достары кім?

  • Сәрсен, Қали

  • Оның неше досы бар

  • Екі

  • Қали не үстап Тұр?

  • Қали курек үстап Тұр.

  • Ләйла мен Жазира не істеп жүр?

  • Ләйла мен Жазира доп ойнап жүр, т.б.

Осындай сұрақ-жауап әдісімен суреттің мазмұны белгілі болған соң, мұғалім оқушылардың түсінігін өз беттерінше айтып беруін сүрау қажет. Әңгіме барысында балалар мен олардың қолындағы заттарға қатысты қандай сұрақтар қойылатыны да тексеріледі.

IV. Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма: 146-жаттығу. Үшінші сабақ



Тақырыбы: Қанша? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға терминдерді айтпай-ақ,

заттың санын білдеретін сөздер жеке


затты және оның көпше Тұрін, ретін
білдіретінін үғындыру. Оларға Қанша?
Нешінші? деген сұрақтарының

қойлыуының мәнін білдіру.

Оқушылардың орфографиялық

сауаттылығын жетілдіру.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дәптерлер, кітаптар.

Сабақтың барысы: I. Оқушыларды заттың санын

білдіретін ■ сөздер бір заттың ретін білдіретінін үғындыру.



Бір зат пен көп затты және олардың қалай аталатындарын оқушыларға байқату қиын емес. Бұрыннан қолданып жүрген қарапайым әдісті алайық. Мұғалім үстел үсхінде жатқан бір дәптерді қолына алып, сұрақ қойып, оқушылардан жауап алады.

  • Мынау не?

  • Дәптер

  • Дәптер нешеу?

  • Біреу.

Енді екінші қолына бірнеше дәптерді ұстап, сү_рақтарын жалғастырады:

  • Ал мыналар нелер?

  • Көп дәптер (немесе дәптерлер деп те жауап берулері мүмкін).
    Қандай жауап болса да, мұғалім бірнеше дәптерді «көп

дәптер» демей «дәптерлер» деп айтқан дұрыс екенін түсіндіреді. Содан соң үлгідегі жұмыс үстел үстіндегі кітаптарға қатысты жүргізіледі. Оқушылар бір және көп заттың қалай атаудың сәнңн үғына бастайды. Мұғалімнің ендігі міндеті оқушылардың ой қызметіндегі осы жұмыстарды жылдамдату ісіне бағытталуы қажет. Ол үшін осы түста әртүрлі бейнелер (Мысалы, жан - жануардар, айналадағы жансыз заттар) салынған суреттерді қима қағаздар қолданылады.

  • Мынау суреттегі не?

  • Қоян.

  • Нешеу?

  • Біреу.

  • Сұрақ қойыңдаршы.

  • Бұл не?

  • Ал мынау неше қоян?

  • Көп қоян.

  • Бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Қояндар.

Осы үлгідегі жұмыс енді класс ішінде, көшедегі көзге көрініп Тұраған заттар төңірегіне ауысады. Мұғалім түсіндіріліп отырған сабақты барлық балалардың тегіс үғынғанын тексеру мақсатамен жекелеген оқушылардан сүрауына да болады.

Шілдің балапаны

Жаздың бас кезі. Күн ыстық. Бір топ бала қарақат теруге бара жатқан. Асылбек пен Жанат өзге балалардан бөлініп кетті. Олар бұлақ басына жете бергенде, алдарынан екі шіл дүр етіп үшты. Қанаттанбаған жиырмадан астам қара қоңыр балапан жан-жаққа шашырай қашты. Шөп арасына тығылып көрінбей кетті. Асылбек артта қалған бір балапанға Тұра үмтылды. Қолын созып еңкейе



бергенде, балапан тас үстіне қүлады. Асылбек балапанды көтеріп алды, алақанында қимылсыз жатыр.

- Өліп қалды, - деді, көзі жыпылықтай қарап.

Жанат балапанды қолына алды. Рас, өліп қалған. Аяқтары бүгіліп, тұяқтары бүріскен. Мойыны былқ-сылқ етеді. Көзі жұмулы.


  • Сенбайқамай басып кеткен шығарсың?

  • Жоқ, мен келсем, өліп жатыр, - деді Асылбек.

Жанат күрсінді де, балапанды тас үстіне қойды. Екеуі балапанға үнсіз қарап Тұр.

Балапан бір көзін ашып қарады. Айналаға қарап жатты да жүгіре жөнелді. Қас қаққанша шөп арасына сіңіп кетті.

Балалар мәз болып күлді.

- Өтірік өлген екен ғой. Қуын қара.

(Ә.Мұсаханов)

Тапсырмадан оқушылардан сан есім Тұрлерін табу тапсырылды.

II. Оқушыларға кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарының қойылу мәнін үғындыру.

Бұл мақсатты іске асыру үшін оны жоғарыдағы жұмыстармен жарыстыра орындауға да болар еді. Бірақ оқушылардың екі ұғымды бір мезгілде қабылдауы қиындау болуы мүмкін. Сондықтан оларды жеке-жеке үғындырып алып, жаттығу барысында ұштастыра пысықтаған жөн. Бұл үшін мұғалім суретті қима қағаздарды қайта пайдаланады.



  • Мына суреттегі кім?

  • Бала.

  • Бала нешеу?

  • Біреу.

  • Оған сұрақ қойыңдаршы.

  • Бұл кім? ( Бала)

  • Ал мына суреттегі ше?

  • Балалар.

  • Осы сөзге сұрақ қойыңдаршы.

  • Бұлар кім? («Кімдер?» деген жауап та болуы мүмкін.)

Егер жауап теріс болса, мұғалім түзетеді, ал дұрыс болса, мақүлдап, кім? кімдер? деген сұрақтардың қойылу ерекшеліктерін түсіндіреді: бір бала - кім?; көп бала, яғни балалар - кімдер?

Осы жаттығу бір дәрігер мен көп дәрігерлер бейнеленген суреттер арқылы да қайталанады. Содан соң не? нелер? сұрақтарынан жауап беретін сөздерді түсіндіруге көшеміз.

- Мынау не?


  • Доп.

  • Доп нешеу?

  • Біреу.

  • Сұрақ қойыңдаршы.

  • Бұл не? (доп).

  • Ал мыналар ше?

  • Доптар.

  • Сұрақ қойыңдар?

  • Нелер? ;

Қорытынды: бір адамға кім? деген сұрақ қойылады, ал адамдарға кімдер? деген сұрақ қойылады. Бір затқа немесе жан -жануарларға не? деген сұрақ, ал олар көп болса нелер? деген сұрақ қойылады.

Оқушылардың түсінген - түсінбегенін бақылау үшін класс ішіндегі заттардың аттарын, нешеу екенін айтқызып, сү_рақ қойғызуға болады. 151-жаттығу жазбаша орындалады.

Қосымша жаттығу жұмыстарының үлгілері:

№1. Тақтаға кесте ілінген. Тапсырма: мына сөздерге сұрақ қойыңдар

Әже - әжелер.

Үй - үйлер.

Қасқыр - қасқырлар, т.б.

№2. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтарын қойып, төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар.

Әпке (...), машиналар (...), автобус (...), оқушылар (...), мектеп (...), парталар (...), қарлығаш (...), қарғалар (...). т.б.

№3. Асты сызылған сөздердің жанына тиісті сұрақтарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Сәуле (...) апасымен бірге дүкенге барды. Дүкенде ойыншықтар (...) көп екен. Апасы доп (...) сатып әперді. т.б.

III. Оқушылардың орфографиялық сауаттылығын жетілдіру.

. Мысалы:

Бала - төрт бала.

Жүлдыз - Үш жүлдыз , т.б.

Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап - ақ қателердің алдын алудың маңызы зор. Осы өтіліп отырған сабақ барысында да бұл мәселеге жаттығу жұмыстары арқылы назар аудара кету керек.

Жаттығу үлгілері:

№1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар. Сөздерге сұрақ қойыңдар.



Бота...ар, үстел...ер, ағаш...ар, торғай...ар, жануар...ар, журнал...ар, қалам...ар, т.б.

№2. Төмендегі берілген сөздердің ішінен дұрысын тауып, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

І.ойыншықдар 2. балалар 3. әпкелер

ойыншықтар баладар әпкедер.



1-жаттығу. Мәтіннен өзара мағыналас, синоним сөздерді көшіріп жазыңдар. Табылған синоним сөздерге антоним сөздер жазыңдар. Сан есім Тұрлерін табыңдар.

Жаз бен Қыс қосарланып, қарсыласып, айтысты. Абырой, даңқтарын айтысып көрісті.

Жаздың Қысқа айтқаны: «Сенен қүхтар, кішкене торғайлар қашып, безіп кетеді. Менде қарлығаш жаңланып, тыншиды. Булбұл Тұрлі үн-әуендермен тәтті сайрайды».

Қыс Жазға былай дейді: «Қар біткеннің барлығы қыста жауады. Содан астық, тары, бидай өніп шығады. Жауыз жаудың өзі қыста тыныш тауып, тыншиды. Сен, яғни жаз келгенде барлық зиянды нәрселер бірге қозғалып, іс-әрекетін бастайды. Сенде шаян, шыбын-шіркей, көкшыбын, жыландар Тұрегеліп, өніп шығады. Жүрттың мазасын алады».

Қыс Жазға тағы айтты: «Адам, ат - бәрі менен тыңайып, әл-жияды, күш алады. Ауру-сырқау да азайып, жоғалады. Адамдардың жаны, тәні қайтадан ширап, бекиді».

Жаздың айтқаны: «Сенде суық түсіп жан-жақты қысады. Қар жауып, дүниені бүркейді. Тән, жан үсініп, тоңып, дірілдеп тітіркенеді.

(М.Қашқари)

Бұдан басқа оқушыларға төмендегідей тапсырмалар берілді:



  1. Берілген мәтін бойынша сөз топтарын тауып, жазу;

  2. Мәтінді жалғастыру;

  3. Қыс немесе Жаздың орнында сен болғанда қалай сөйлер едің;

  4. Диалогтық сөйлеуді монологты сөйлеуге айналдыру;

  5. Көктем мен Күз қалай айтысар еді.

2-жаттығу. Мәтінді оқып раңы, сызылады, қүмарта, бауырында, қүс шуы, шекеңді қыздырды, дала көркі деген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңдер. Осы сөздер мен сөз тіркестерінің орнына мағыналас қандай сөздер қолдауға болады.

Көктем. Мал төлдеп жатқан кез. Даланың ең бір қызықты шағы бұл. Мұндай кезде біздің, балалардың, «Қоянбай» бауырында отырған қойлы ауылдарға баруға жанымыз қүмар. Жақында біздің Түсіп атайдың отары көктеуге көшіп келгелі бері, мен мектепке сол



жақтан қатысып жүргенмін. Ертең демалыс болған соң өзімен бірге үшінші класта оқитын Маратты ертіп бармақ болдым.

Соқпақсыз жердің раңы қалың болып жетілген. Дала көк тарғын. Алыстағы көлден талып естілетін қүхтың шуы тыныш ауада бейне бір сырнай дауысындай сызылады. Төбеде бозторғай шырылдап маңайдың бәрін әніменен тербетіп тұрғандай. Бұл кезде көктемнің жылы лепті сары күні қызуы қайта қоймай, шекеңді қыздырады. Көк бүйра түгі қүлпыра түскен көктемгі дала көркіне қызығып қүмарта қарайсың. Мұндай кезде көңілің көтеріңкі.

(Б.Шаханов)

Қосымша тапсырмалар:


  1. Жаз мезгілін суреттеп жазыңдар.

  2. Табиғатты суреттеген қандай өлеңді білесіндер.

  3. Монологты сөйлеуді диалогты сөйлеуге қалай айналдыруға
    бола-ды.

  4. Мәтіңді өз сөзінмен айтып беріңдер.

Берілген жаттығулар оқушыларға көп қиындықтар туғызды. Себебі, сабақ барысында оқушылар өздерін еркін үстау, өз ойларын дәлелді Тұрде түсіндіру дағдылары қалыптаспағандықтан, мәтінді игеру деңгейлері төмен болды. Мәтінде берілген ауыспалы мағынада қолданылған сөздер көп кездескендіктен және синоним сөздерге антонимдерді табуға ізденімдік дағдыларының жетілмеуіне байланысты оқушылар ірі қателіктерді көп жіберді.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім мысалдарды пайдалана отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта берілген ұғымдарды қалай түсінгенін тексеріп шығады.

Үйге тапсырма: 152-жаттығу.

Төртінші сабақ

Тақырыбы: Кімдер? нелер? Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған

түсініктері мен дағдыларын орнықтыру. Олардың сөз мағыналары туралы ұғымдарды тереңдетіп, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.



Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қима қағаздар, кестелер.

«Біздің көше» деп аталатын плакат.



Сабақтың барысы: I. Оқушылардың өткен сабақта лаған

түсшіктері мен дағдыларын орнықтыру.

Үйге берілген тапсырма тексеріліп, оқушылардың жіберген қателері (бәрі дұрыс орындалып келсе, жақсы жақтары) талданып болған соң, мұғалім өткен сабақта берілғен ұғымдарды мысалдар арқылы қайта бір айтып өтеді де, 153-жаттығуды орындатады. Содан соң әр оқушыға жеке - жеке қима қағаздар таратады.

Үлестірмелі қима қағаздар үлгілері:

№1. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтар қой.

Ай (...), жүлдыздар (...), аспан (...), ғарышкер (...), ғалымдар (...), т.б.

№2. Мына сөздердің қай дұрысының астын сыз. Оларды бөлек көшіріп, жанына тиісті сұрағын жаз.

1. терезедер 2. үшқыштар З.қүлыншақтар

терезедер. үшқышдар қүлыншақдар

№3. Әңгімені оқып шығып, асты сызылған сөздерді бөлек көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Асқар ауылда тұрады. Оның бес қозысы бар. Қозылар өте сүйкімді. Олар қойлар өрістен келгенше, Асқардың жанында болады. Асқар оларға шөп береді. Ауылдағы балалар Асқарға қызығады.

№4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Тас(не?) ...(Қанша?)

кеме (не??) ...(Қанша?)

жылқы (не?) ...(Қанша?)

бақташы (кім?) ...(Қанша?)

Мал баққанға бітеді.

Атам Русланға кішкентай қозы сатып әперді. Қозысы сүйкімді, бір орнында тыныш тұра алмайтын еді. Руслан қозысына күнделікті шөбін, суын беріп, астын тазалап Тұратын. Русланның қозысын көрген көршісі Асан атасына қылқылдап жүріп ол да бір қозы алды. Қозысын бір апта қарағаннан кейін Асанның қызығы басылып, далаға ойынға кетуді әдетке айналдырды. Екі аптадан кейін мүлде қозысын үмытып кетті. Асанның қозысы ауырып, өліп қалды. Атасы осы жөнінде айтып, Русланға ризалық білдіріп, «Мал баққанға бітеді»,- деді.



Бұл тәсіл оқушылардың тапқырлығын, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді, нақты ой болжамын жетілдіреді. Оқушылардың осы ойын арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеттері дамыды. Мәтінді жоспарлау, қорыту, сөйлемдерді байланыстырып жазу дағдылары жетілді.

ә) Берілген бір сөзді қатыстырып мақал құрау тәсілі.

«Мақалды тап» ойыны

Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. Әрбір топтың алдына келіп, бір сөз айтады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақал-мәтелдердерді көп тапса, үтқан болып есептеледі. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, тіл деді, оқушылар тіл туралы мынадай тақпақтар айтты.



  1. Өткір тіл - дарын
    Үзын тіл - жауың.

  2. Тіл — тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  1. Келісті сөз алтын
    жемісті жұмыс алтын.

  2. Тоқсан ауыз сөздің
    Тобықтай түйіні бар т.б.

Мұғалім екінші топтың алдына келіп, еңбек деді. Оқушылар еңбек туралы бірнеше мақал-мәтелдер айтты:

  1. Ердің атын еңбек шығарар,

  2. Еңбек мүратқа жеткізер,
    Жалқаулық абыройды кеткізер.

  3. Еңбегімен танылсын,
    Ердің алтын тұлғасы.

  4. Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.

  5. Егін ексең, тыңға,
    шықтым дей бер шыңға т.б.

Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, сөздік қорлары молаяды. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал-мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым-қатынасқа түсу Тұрткілері артады. Сөйлеушінің сөзінде орынды қолданылған мақал-мәтелдер тыңдаушыға да әсер етеді. Нәтижесінде сөйлесіп Тұрған адамдардың арасында жағымды жағдай қалыптасады.

б) Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөзді орнына қою
тәсілі


«Сөзді тап» ойыны

Мұғалім оқушыларға бір сөзі түсіп қалған мақал-мәтелдерді таратып берді. Мысалы, Су ішкен ... түкірме. Ауру қалса да ... қалмайды. Қайтып кірер ... қатты жаппа. Екі ... таласса, бір қарғаға жем болар. Бірлік түбі - ... тірлік. Тозған ... топтанған қарға алады деген мақал-мәтелдер жазылған кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Әрбір оқушы өз кеспе қағаздарындағы мақалдардың қалып қойған сөздерін тауып дәптерлеріне жазуға тиіс. Мұғалім орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Дұрыс әрі жылдам орындаған оқушы ұтқан болып есептеледі. "

Бұл ойыннан кейін оқушыларда сөздерді дү-рыс қолдану дағдылары жетіледі.

в) Алғашқы қатары айтылған мақал-мәтелдердің келесі
қатарын табу тәсілі.


«Дұрыс тап» ойыны

Мү_ғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал-мәтелдері бар кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Мысалы,



  1. Жақсы байқап сөйлер

  2. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,

  3. Білімсіз адамның сөзі білектей,

  4. Жаман аттан аяғым артық,

Оқушылар мақал-мәтелдерді екінші қатарын тауып жазып, мұғалімге апарады. Мұғалім дұрыс әрі тез шешкен оқушыны бағалайды.

Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс қү_рау дағдыларын жетілдіреді.



г) Сөзжұмбақтардың шешуінен сөзжұмбақты толтыру

«Жұмбақты шешу» ойыны

Мұғалім тақтаға сөзжұмбақ жасырылған тор көзді іліп қояды. Оқушылар осы тор көздерді жұмбақтардың шешуімен толтырады. Мысалы,

1. Үңгірді жайлаған , сүйексіз, тиексіз, жылмаңдап сайраған


Сиыр:

- Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, одан құрт, май


алады, жыл басы болу маған лайық, - деді.

Қой:

- Мен болмасам, адам үйін немен^жабар еді, жүнімді алып,


киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі.
Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалыларың
жоқ, - дейді.

Ит:


- Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп
тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын,
дүшпан көрінсе, үріп, абалап, име хабар беремін, - деді.

Әтеш:

- Мен болмасам, барлық кісі ерте жұмысына бармай


ұйықтап қалар еді. Мен таңертең Тұрып, таң атты деп
шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болады
деп, тағы шақырамын,- деді.

Тышқан:

- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап Тұралық та, кім


бү_рын көрсе, сол жыл басы болсын, - деді.

Мұғалім 1-топтың оқушыларын ертегінің ролін ойнауға шақырды. Бірінші топтың оқушылары екінші топқа қарағанда хайуанаттарды осал бейнеледі.

Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақ берді:

1. Жыл басы қандай хайуанат болды?

2. Жыл басы болған хайуанаттың қандай жақсы қасиеттері
болу керек.

3. Сендер жыл басына кімді сайлар едіңдер?

Бұл оқушылардың өзара пікір таласуына жағдай туғызды. Мұғалімнен кейін оқушыларға хайуанаттар сөзі жазылған кеспе қағаздар үлестіріп, мынадай тапсырмалар берді.

1-топ оқушыларына, мәтіндегі сан есімді табыңдар! Соңынан бір-біріңнің қателеріңді тексеріңдер;

2-топ оқушыларына мәтіннен сан есім Тұрлерін тап.; Антоним сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем құрату;

II. Оқушылардың сөз мағыналары туралы ұғымдарын тереңдету.

Бү_л мақсатты орындау барысында мұғалім екінші сабақта пайдаланған плакаттарды оқушыларға қайта көрсетіп, сол түста берілген ұғымды пысықтайды:

Қүстар: қарлығаш, қарға, торғай, жапалақ.



Ыдыстар: қасық, ақ қүман, тәрелке, табақ.

Оқу құралдары: кітап, дәптер, сызғыш, пенал, қалам.

Сөздердің мағыналарына қарай топтауын оқушылар естеріне түсіріп болған соң, олардың назары тақтадағы басқа кестеге аударылады:

Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе - үй жануарлары.

Қоян, аю, қасқыр, арыстан - аңдар

Жамал, Дәулет, Ержан - оқушылар.

Тапсырмалар:


  1. Оқушылар дәптеріне алдымен кім? деген сұраққа, кейін
    Қанша? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жауы
    керек.

  2. Алдымен не? деген сұраққа, содан соң нешінші ? деген
    сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жауы керек.

Бұл жаттығулардың оқушылар бірнеше заттың не жан-жануарлардың немесе адамдардың жалпылама атауына «кімдер?» деген сұрақ қойылатын біледі. Енді мұғалім оқушылар түсінген осы ұғымды орнықтырып. Оларды сөз мағыналарына қызықтыра түсу мақсатымен жаттығуларды Тұрлендіре түседі. Ол үшін тақтадағы кестені алып қойып, жаттығуды өз бетінше орындау тапсырылады.

Жаттығу №1. Көп нүктенің орнына керекті сұрақты қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Үй жануарлары: ...

Аңдар: ...

Оқушылар: ...

Осы үлгіден жаттығулар бірте - бірте күрделене түседі. Енді оқушылар тапсырылған жұмыстағы керекті сөздерді ойлап табулары қажет.

Жемістер: (нелер?)...

Өсімдіктер: (нелер?) ...

Машиналар: (нелер?)...

Балалар: (кімдер?)...

Жаттығуларды орындап болған соң, жеке затты (жан-жануарды, адамды) білдіретін сөдерге кім? деген сұрақтар қойылатыны, .ал бірнеше заттың жалпылама атауын білдіретін сөздерге кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатын тағы бір рет түсіндіріледі.

Сабақтың қорытындысы ретінде тағы бір жаттығу (мысалы, оқулықтағы 154-жаттығу) орындатуға да болады. Сондай-ақ мына үлгідегі жаттығуды ауызша орындатса да артық емес:

Сөйлемдерді оқыңдар. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Олардың орнына төменде берілген сөздердің тистісін


қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Сол алған сөздеріңе де сұрақ қойыңдар.

Біз тауға шықтық. Мұнда жауқазын, бәйшешек, қызғалдақ өседі екен. Алыстан бәрі көрінеді. Үлкен жолдың бойымен төрт автобус, бес трактор, бір такси кетіп барады. Асан, Сәуле, Мұрат гүл терді.

Берілген сөздер: балалар, гүлдер, машиналар.

III. Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.

«Біздің көше» деп аталатын сурет бойынша әңгіме. (Мұғалім өз мүмкіндігіне орай басқа суретті пайдалануға да болады.)

Суреттің мазмұны: Көше. Қаз-қатар тізілген үйлер. Тал, қайын, теректер өсіп Тұр. Көшеде әртүрлі машиналар өтіп барады. Арқаларына сөмке асынған екі бала мектептен қайтып келеді.

Ең алдымен, әдеттігідей балаларға ат қойылады. Содан соң сурет бойынша мұғалімнің көмегімен оқуышлар ауызша әңгіме құрастырады.

Мұғалімнің сұрақтары



  • Суретте не бейнеленген?

  • Көше бойыда нелер бар?

  • Ағаштарды жеке — жеке атаңдаршы?

  • Жол бойымен нелер кетіп барады?

  • Сабақтан қайтып келе жатқан кімдер? т.б.

  • Неше бала кетіп бара жатыр

ІҮ. Үйге тапсырма: «Біздің көше» деген тақырыпқа өз көшелерің туралы 4-5 сөйлемнен әңгіме жазып келіңдер. Әңгімелерінде кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер болсын.

Қорыта айтқанда бұл сабақтар бастауыш мектепте сан есімді оқыту сабақтарының үлгілері ғана. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту арқылы біз оқушыларға барлық сөз таптары жөнінде мағлұмат береміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет