Кімде бар болса талап,
Отырмас ол бойын балап.
Жүрер, әрқайдан ізденер,
Алар өз сүйгенін қалап,-
деп талапты адамы ойлаған мақсатына жеткенше тыныш жатқызбайтын жетекші, бастаушы іс деп білген.
«Бес асыл істің» екіншісі -еңбек. Талап еңбектің нәтижесінде іске асады, еңбексіз талап тұл қалады.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас,-
деп, адам болудың негізгі шарты ерінбей еңбек етуде дейді 42-сөзінде: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі -жұмысының жоқтығы»,-деп, адамды аздырар, жаманшылықтың өсіп-өнер мекені жалқаулық екенін шығармаларында әр қырынан айтқан. Сондықтан Абай халқына 4-сөзінде: «Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп.еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді,құр тастамайды»,- дейді.
«Бес асыл істің» үшіншісі - терең ой. Талаптың бастауымен, еңбектің нәтижесінде істеген іс, оқыған оқу тек терең ойдың арқасында ғана жемісті болмақ. «ісің өнсін десең ретін тап» дейді, ретін табу үшін ойлап істеу керек емес пе?
«Бес асыл істің» төртіншісі - қанағат. Қанағат-халық ұғымында аса ілтипатпен айтылатын өнегелі сөз. Абай да оны адам болар адамның асыл ісінің бірі деп атаған.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Көрсеқызар, жалмауыз,-
деп, қанағаттан айырылған, ашкөз замандастарының аса жағымсыз, ұяттан да, адамшылықтан шығып қалған бейнесін береді.
Талаптың бастауымен еңбектеніп тапқан дүниеңді оймен орнына келтіресің, алайда кей адам дүниеқорлыққа, салынып ашкөзденіп кетеді де, адамшылықтан айырылады. Дүниеге, мансапқа қанағат қылуды естен шығарып, адамшылық тізгінін қанағат қылуды естен шығарып, адамшылық тізгінінен ажырап қалады. Бұл жайында Абай:
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,- дейді. Қанағат-адам арыныңтазалығының, парасаттылығының белгісі.
«Адам болам десеңіз» қағидасындағы «Бес асыл істің» бесіншісі- рахым, яғни адамның мейірім шапағаты, адамға істеген қамқорлық-жақсылығы, 38 - сөзінде: «ьәр кісі де мархаббатты, шапағатты болмақты айтып бұйырды, бұл рахым болса керек»,-дейді. Рахым-Абай шығармаларында кейіннен үлкен өзекті тақырып болған гуманизмнің алғашқы көрінісі. Талап, еңбек терең оймен табылған дүние, меңгерілген білім адамның өзі үшін ғана болса, адамшылдықтың орны болмайды екен. Абай адамның адам болуын адамға істеген жақсылығымен, мейір шапағатымен бағалайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың»,-дейді 37-сөзінде. Сонда «Адам болу» қағидасындағы «Бес асыл істің» алғашқы төртеуінің құйылар арнасы-рахым екен.
Ана тілі. 3 «а» сынып. Сабақтың тақырыбы:
«Адам болам десеңіз». Сабақтың мақсаты:
1. Білім беру - қазақ халқының ұлы ақыны Абай
Құнанбаевтың өмірімен және
шығармашылығымен таныстыру.
«Адам болам десеңіз» өлеңінің мәнін ашып, меңгерту, ой-өрісін кеңейту, мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.
-
Дамытушылық - сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру. Сөздік қорын молайтып ойлау,
көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік - жақсы мен жаман әдет -
қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы
қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге
талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа білім беру. Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері:
Ой шақыру әдісі, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп айту.
Сабақтың құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері:
-
Абайдың портреті.
-
Кітап көрмесі.
-
Плакаттар.
-
Карта
-
Үнтаспа
-
Оқулық
-
Тақта
Сабақ барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі.
А) Сабаққа назарын аудару.
ә) Мақсатын хабарлау.
б) Қазір қандай сабақ екенін сұрау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма беріліп еді? -Мақал-мәтел жаттау.
Оқушылардан жаттап келген мақал-мәтелдерін сұрап, мағынасын аштырамын.
III. Үй тапсырмасын бекіту.
-Мақал-мәтел дегеніміз не? -Мақал-мәтелдің қандай түрлерін білесіңдер?
Яғни, балалар «Сөздің көркі мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніііді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақалды көп оқып, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.
Мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір Тұрі. Мақал-мәтелге көбінесе ақыл-нақыл сөздер жатады.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Абай туралы не білеміз? Оқушының өз ойын білу.
Зере
Ибрагим
болма әрнеге
Ғылым таппай мақтанба
ыс
Құнанбай
¥лжан
¥лы ақын
Жазғытұры
Әсемпаз
Үнтаспада «Көңіл тасқыны» күйі.
Балалар, біз бүгінгі сабақ барысында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармашылығымен танысамыз. «Адам болам десеңіз» өлеңінің мәнін ашып меңгеріп, сауатты оқуға жаттығамыз.
1. Кіріспе әңгіме. Картамен ұғындыру.
Қасқабұлақ Жидебай
^Семей
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы. Абайдың шын аты - Ибрагим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің алтыншы жұлдызында қайтыс болған.
Абай Семей облысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.
Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы ¥лжан - ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді еркелетіп «Абай» деп атаған.
Қос ана қазақтың ертегі, аңыз-жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя
білген.
Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан үш-төрт жыл сабақ алады. Әкесі Абайдың зеректігін байқаған соң оны Семейдегі Ахмет - Риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.
Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлеі-щеріне 20-дан астам әндер шығарған.
Абай үлкен аудармашы Лермонтов, Пушкин, Крылов өлеңдерін қазақшаға аударған.
Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады.
А. Құнанбаев - ұлы ақын. (1845-1904)
Семей, Қасқабұлақ
|
ч
|
|
/
|
|
Ғабитхан молда
|
|
|
Ақын портреті
|
/
|
|
|
|
|
Ахмет риза
медресесі
|
|
X
|
Лермонтов Пушкин Крылов
|
Осы сызба нұсқа арқылы түсіндіремін.
Содан соң оқушыларды кітап көрмесіндегі Абайдың кітаптарымен, өлеңдері, шығармаларымен таныстырамын.
Оқушылардың кітабын жапқызып ортадағы партада тұрып, жатқа, мәнерлеп айтып беремін. Осыдан кейін өлеңнің әрбір жолын оқып тұрып, балаға түсінікті тілмен, өз сөзіммен түсіндіремін.
2. Сөздік жұмыс:
Рақым - адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.
Қанағат - барға риза болу.
Бекер мал шашу - қолда бар дүниені, ақшаны, мал-мүлікті дұрыс пайдалана алмау.
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба...» - дегендегі орын деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты -не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену.
Бес жаман істе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.
Өсек - біреуді сыртынан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).
Өтірік - бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен, азғын адамды жатқызады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлесемін).
Мақтаншақтық, даңғайлық.
Ондай адамдар өзін мақтануды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе сөзге құмар. (Осы арада оқушылардың пікірін білемін сөйлетемін).
Адам бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы еріншектік (мысал келтіру) талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық кедейлік - бәрі осыдан шығады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).
Бекер мал шашу - қолда бар қаржыны, мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамды айтады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).
Ал осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы «Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.
3. Шығармашылық жұмыс.
Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып мақалды жазу.
-
Өрге баспас сөз өтірік.
(Өтірік сөз өрге баспас)
-
Түбі - қорлық ұрлық, ұрлық.
(¥рлық, ұрлықтүбі - қорлық).
-
Ертеңі таусылмас еріншектің.
(Еріншектің ертеңі таусылмас).
-
Жалқау жатады, белшеден қарызға батады.
Ал жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті таңдайық.
Талап - талаптың ішіндегі ең негізгісі - бұл бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығару, болашаққа талпыну.
Еңбек - Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
(Оқушының пікірін білемін сөйлетемін.)
Терең ой - адамды барлық жан-жануардан айырып Тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі -ақыл, ой, екіншісі -сөз.
Нағыз адам өткен - кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен қарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлауы керек. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.
Қанағат - барға риза болу, місе тұту. «Әке мен бала» көрініс.
Рақым - адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі. Рақымдылықтың негізі - жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау.
4. Дәптермен жұмыс.
Осы бес жаман қасиет пен бес жақсы қасиетті дәптерлеріне жазып алуын қадағалаймын.
5. Кітаппен жұмыс.
«Адам болам десеңіз» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқытамын.
Ү. Қорытынды.
Жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта Отанын сүйер азамат болып шығарымыз сөзсіз.
Сұрақтармен жұмыс жүргіземін. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.
|
|
Адам болам десеңіз
|
|
|
|
|
ғ
|
|
|
1 Г
|
|
|
Бес асыл іс
|
|
Бес дұшпан
|
|
|
|
ү
|
|
|
1 г
|
|
|
Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рахым
|
|
Өсек Өтірік Мақтаншақ Еріншек Мал шашпақ
|
|
|
|
Жүрек
|
|
|
|
|
|
|
|
Ақыл ч
|
\
|
/
|
Қайрат
|
|
|
|
|
\
|
/
|
|
|
|
|
Білім
|
| -
Адам болуға кері әсер ететін қандай қасиеттерді білесіі-ідер?
Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді
атап табады.
-
Ал адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек
екен?
Осы сұраққа да жауап бере отырып сызбадан адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап табу.
А. Құнанбаев былай деген:
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық, қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын ғылым.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей үста, сонда толық боласың, елден бөлек. Яғни осы үш қасиет бірігіп біліммен көзге түседі.
ҮІ. Үйге тапсырма.
-
Өлеңді мәнерлеп оқы.
-
Өлеңнің өзіңе ұнаған жолдарын жаттап ал.
4-сыныпта ана тілі оқулығына ақынның 38-сөзінен мына үзіндісі келтірілген. Соны оқушыларға түсіндіру жолын қарастырдық.
Отыз сегізінші сөз
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек:
Әуелі - надандық, Екіншісі - еріншектік, Үшіншісі - залымдық.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы. Дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Түсінік
Данышпан ойшыл: адам баласы үш нәрседен 1) надандықтан 2) еріншектіктен 3) залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады дейді. Бұдан нағыз адам атына лайық болу үшін білімді, еңбекқор, басқаға қиянат жасамайтын болу керек деген қорытынды шығатынын түсіндіреміз.
Білім - ғылымсыз адам ешнәрсенің байыбына, мәніне түсінбейді, демек мал есепті.
Еріншек ештеңені үйренбейді, яғни қолынан түк келмейді. Демек, нағыз қор, нағыз сорлы -сол, - деп оқушыларды одан бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болуына баулимыз.
Залымның адам баласына жаны ашымайды. Демек, оны адам хисабына, яғни адам санатына, есебіне қосуға болмайды - деген қорытынды шығарып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейміз.
ІІ-Тарау.
2.1. Абай шығармаларын меңгерту арқылы пәнаралық
байланысты жүзеге асыру
Пәндерді бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушыларға жүйелі білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Себебі көптеген ғылымның жалпы табиғатында, шығу тегінде туыстық бар. Мысалы тіл мен әдебиет ғылымдарының төркіні - ортақ. Ол -тіл. Солай бола тұрса да бұл екі ғылымның әстетикалық әсері, құрылымы, жасалу жүйесі сияқты бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан бұл екі пәнді өзектестіре оқыту ісі мұғалімнен жан-жақты білімділікті, мол тәжірибені талап етеді. Көркем шығарма адамның психологиялық болмыс, бітімін бейнелейді, азаматтық рухты, халықтық қасиеттерді, уақыт тынысын, заман сипатын өрнектейді. Әдеби туындының сол қасиетін жақсы түсініп, одан рухани нәр алуы үшін оқушы тілдің, оның түрлі заңдылықтарын жете түсінуге тиіс.
Демек, оқушының әдеби шығармаларының табиғатын терең, жан-жақты түсініп, одан рухани-әстетикалық әсер алуына тіл ғылымының тигізер көмегі аз емес. Сондықтан мұғалім оқушылардың 2-4 - кластарда қазақ тілінен оқыған сөз және оның лексикалық мағынсы, тура, ауыспалы мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним, диалект, кәсіби, архаизм, неологизм, термин сөздер, фразеологиялық тіркестер, т.б. мәліметтерді көркөм мәтінмен байланыстыра оқыту керек. Себебі, әдебиет сабағында көркем шығарманың идеялық мазмұнымен қоса оқушылардың сөз байлығын молайту, оларды мағынасын айыра білуге, оны орынды қолдануға, ол арқылы өз ойын жүйелі айтып жеткізугө дағдыландыруды мақсат еткен орынды. Мұнан шығатын қорытынды, оқушы сөздің түпкі мағынасын терең ұғынса, көркем шығарманы да соншалықты жете түсінеді. Сол арқылы ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығады. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап ана тілі сабағын қазақ тілі сабағымен, тағы басқа пәндермен ретті жерінде байланыстыру барысында, көркем шығармаға жоспар құру кезінде сұраулы, лепті, хабарлы, атаулы сөйлемдердің қолдану ерекшеліктерін айыруға көмектеседі. Ана тілі мен грамматика байланысының оқушылардың көркем мәтінді ауызша, жазбаша жүйелі мазмұндау кезінде, алынған үзінді, қитата, сөз тіркестерін өз сөздерімен кірістіре әңгімелеп үйренуге тигізер пайдасы мол.
Оқушыларды шығармашылық ізденіс пен көркем шығарманы мәнерлеп айтып үйренеді.
Пәнаралық байланыс жайлы жазылған әдістемелік құралдар аз, санаулы ғана, сондықтан әрбір мұғалімдер өздерінің ізденістерімен білім дәрежелеріне сүйеніп жүргізуде.
Көбіне ана тілі мен қазақ тілінің байланысы сөздік жұмыстарын жүргізу кезінде орындалады. Ел басшыларының Қазақстан халқына Жолдауында, бүгінгі жастарымыз ғылым, білімнің әртүрлі саласынан хабары бар, заман талабына лайықты бүгінгі техника тілін жете меңгерген азамат болып өсулері керек - деп атап көрсеткендей, пәнаралық байланыс оқытудың осындай өскелең талабынан туып отыр.
Оқушылар бойына әсемдік сезімін дарытып, әстетикалық сезімдерін оята отырып, өнерге, тарихқа, дүниетануға деген білімдерін арттыра отырып, елін, жерін, әдет-ғұрыптарын қадірлейтін азамат тәрбиелеуде пәнаралық байланыстың алар орны ерекше. Осыған орай бастауыш сыныптың ана тілі пәнінде оқытылатын Абай шығармаларын қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология салаларымен байланыстыра оқыту арқылы оқушыларды сөйлемді сауатты жазуға, жатық сөйлеуге, тыныс белгілерін орынды қолдана білуге болатынын мектепте өткізген іс-тәжірибемізден байқағандарымызды ортаға сала отырып, Абай шығармаларын өткен кезде қолданған әдістерімді диплом жұмысында көрсетіп, жазып отырмын.
4-сыныпта Абайдың "Күз" өлеңін қазақ тілі сабағымен былай байланыстырдым.
Сабақтың кіріспе бөлімінде "Күз" суреті бойынша қысқаша әңгіме өткіздім. Өлеңді оқыр алдында оқушыларға жапырағы сарғайып, түсіп сиреген ағаштарға, қоңырқай тартқан көлеңке басқан сұрғылт күздің суретіне назар аударып отыруды тапсырдым. Өлеңдегі түрлі-түрлі көрініс - суреттерге негіз болып тұрған заттар: жер, бұлт, аспан ағаш, жапырақ екенін тақтаға жазғызып, енді осылардың түрі - түсін сипаттап тұрған сын есіммен тіркестіріп жазғызамын. Сонда оқушылар сұрғылт аспан, сұр бұлт, қоңырқай жер, сарғайған жапырақ, жалаңаштанған ағаш, -деп тауып жазады.
Осыдан кейін өлеңді өзім мәнерлеп оқып беремін. Сонан соң өлеңді бірнеше оқушыға кезектесіп оқытамын. Өлеңнен күз бейнесін беріп тұрған суреттерді теріп оқытып, қазақ тілі дәптерлеріне жазғыздым. Бейнелі сөздің астын сызғызып, дәлеледеп, сұрақтарын қойғызып, талдаттым. Сонда оқушылардың көпшілігі мына шумақты көшіріп жазды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан...
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Күзеу тозған, оты жоқ, елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
Оқушылардан өлеңдегі күздегі бұлт, ағаш, қурай, тұман күзеу елдің маңы сөздерінің қай сөз таптарына жататынын сұрадым.
Оқушылар бұл сөздердің зат есімдер екенін, оларды сұр, түсі суық, қайыршы шал, кемпірдей түсі кеткен, жапырағынан айрылған, дымқыл, тозған, оты жоқ - деген тәрізді сөздердің сипаттап тұрғанын айтады.
Бұлар сөз табынан сын есім екенін, бірақ жай сын есім емес, бейнелі сын есімдер, яғни ана тілінде ақын заттың қасиетін көзге әсерлі, көңілге қонымды етіп суреттеген поәтикалық сөздер екеніне оқушының көзін жеткізу үшін жай сын есімдермен ауыстырып дәлелдедік.
Мысалы; "Қайыршы шал - кемпірдей түсі кеткен ағаш қурай" -дегенді "жапырағы түсіп, сиреген ағаш қурай" деп ауыстырып қай сөз тіркесінің көңілге әсер қалдырып тұрғанын оқушының өзіне тапқыздым.
Осыдан кейін оқушыларға өздік жұмыс бердім. Өлеңде күзді бейнелеп тұрған өлең жолдарын өздерін қара сөзбен жазыңдар да, ішіндегі сын есімдерді тауып астын сызыңдар деген тапсырма бердім.
Қайназаров деген оқушы былай әңгімелеген: "Күзде аспады сұр бұлт қаптайды. Жөрге дымқыл түман түседі. Жердегі шөп қурап, сарғаяды. Жаз күндеріндегідей бәйшешектер болмайды. Жапырақтары қурап түскен ағаштар қайыршы шал-кемпірге ұқсайды. Кішкене жел соқса, шөбі қурап, жалаңаштанған жердің жапырағы аспанға көтеріледі".
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қай ауылда көрсең де жабыраңқы,
Күлкі -ойын көрінбейді, сейіл - серуен,
Кемпір -шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа -су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап қайда көрсең.
Осы жолдардағы малма сапсу, қара суық, шуда жіп, кемік сүйек - тіркестерінің мағыналары анықталғаннан кейін, 3 оқушы осы тіркестерді қатыстырып, өлеңді өз сөздерімен әңгімелеп шықты. Кейбір оқушы "Шаруа адамның жайы" десе, енді бірі "Күздегі ауыл тіршілігі" тағы біреулері "Күздің қара суық кезіндегі шаруа адамдардың хал-жағдайы" - деп атады.
Қара суық, көңілсіз, жаздағыдай ойын-күлкі жоқ, балаларда шулап ойнамайды. Кемпір - шал бүрсең қағып, жабыраңқы. Кемік сүйек, сорпа-су болмағандықтан ауылдың маңында иттер де көрінбейді. Олар да аулақта тышқан аулап кеткен, - деп жазады Дәмегүл деген оқушы.
Оқушылардың назары "Күз" өлеңіндегі бейнелі сөздерге, тіркестерге аударылғанмен, оның әпитет, не теңеу екені анықталған жоқ. Оқушыларға мұндай әдебиет теориясы ана тілі сабағында әпитет, теңеу жайлы айтқанмын. Сондықтан да өздерінің ауызша мазмұндауында ол сөздерді, тіркестерді орынды қолданады. Міне, Абайдың бұл өлеңін өтуде қазақ тіліндегі зат есім мен сын есімді қайталап естеріне түсірдім. Олардың қазақ тілінен алған білімдерін ана тілі сабағында бекітіп, кезінде практикалық дағдыға айналдырып қолдана алатын болады деп ойладым.
Сондай-ақ, 4-класта Абайдың "Қыс" өлеңі оқытылады. Бұл өлеңді өткен кезде қазақ тілінің лексика тарауымен байланыстырыла өткізіледі. "Қыс" өлеңінің соңында берілген сұрау-тапсырмаларда да өлеңніңтілдік құрылысына көңіл бөлінген. Оқушыға мынадай тапсырма береміз.
1. Өлеңдегі теңеу, балау мағынасында қолданылған сөздерді
табыңдар!
-
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау сөздері
сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын тапқызуға
болады. (анықтауыш).
-
"Кейіпкер" - деген сөздің синонимді сыңарын таптыру
(кейіпкер, қаьарман, герой).
-
Өлеңде ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді
анықтау. (ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау, кәрі құдаң).
-
Берілген ауыспалы мағыналы сөзді қатыстырып өлеңді
мазмұндап, әңгімелетуге болады.
Міне, осындай тапсырмалар арқылы қазақ тілі грамматикасындағы сөздің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді, синоним, омоним сияқты тақырыпты қайталап, еске түсіруге болады.
Ана тілі сабағында берілген көркем тексті инсқенировкаға (сахналық көрініске) айналдырып жаздыру арқылы да пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Мұндай сахналық көрініске жаттықтыру үстінде оқушылардың назары мәтіндегі автор сөзі мен төл сөздерге, диалогтарға, қаратпа сөздер мен сөйлемнің түрлеріне аударылады. Мысалы А. Құнанбаевтың И. Крыловтан аударған аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" мысалының сахналық көрінісін сыныпта оқушылармен бірігіп талдадық. Көріністі қара сөзбен былай суреттеп балаға түсіндірдім.
Қақаған қыстың алғашқы сәті. Айналаны тұтас жапқан аппақ қардың бетінде шөптің басы қылтияды. Осы айдалада бүрсеңдей жортып шегіртке жүр.
Ол салымдағы жылы илеуінде жинаған азығы (дән) мол, тамағы тоқ құмырсқаны кездестіреді.
Шегіртке жығыла - сүріне келе құмырсқаның аяғына бас иеді. Жыламсырап, жалынышты дауыспен:
-Қарағым жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра - дейді. Аяғына жығылып, жылап тұрған шегірткеге құмырсқа: -Мұның жаным сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай, қылмап па ең?
Шегіртке өзінің құмырсқадай еңбекқор, шаруашыл еместігін мойындай, бәсең дауыспен:
Мен өзіңқей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме.
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме? Құмырсқа кекесінді дауыспен:
Қайтсін қолы тимөпті,
Өлеңші, әнші есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер.
Мұнан оқушыға мынадай тапсырма бердім.
1). Мәтіндегі автор сөзін табу;
2). Оқиға болған мезгіл - мекен жайын суреттеген жолдарды тап!
3). Жыл мезгілдерін рет - ретімен жүйелеп жаз!
Бұл мысалдың негізгі түйіні - сауықшыл, жалқау, іске қырсыз, басқаның еңбегімен күн көруге дайын тұратын адамдардың психологиясын бейнелеу.
Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші әнші, есіл ер,
Ала жаздай ән салсаң,
Сөлкілде де билей бер!
Автордық айтайын деген негізгі ойы да осы шумақ арқылы ашылған. Оқушыларға осындай жаттығу жұмысын ауызша аударғаннан кейін мәтінді сурет-көріністер түрінде хабарлы сөйлемді қолданып жазу тапсырылады.
Сонда оқушылар былай орындайды.
I. көрініс.
Жаз. Көгал, айнала қалың шөп. Соларды аралап ән салып, билеп жүрген шегіртке.
II. Көрініс.
Жер беті сарғайған. Күн суық, жаңбыр жауып тұр. Тоңған, жүдеген шегіртке селкілдеп, дірілдеп тұр.
Бұндай жұмыс яғни, сурет-көрініс жасатып үйрету арқылы, көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігін таниды, шығарманың мазмұнын анығырақ біледі, қазақ тілімен байланыстыра отырып, сөйлемнің мағыналық түрлерін қайталап ойына берік сақтайды, керекті жерінде хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді ана тілінен өтіліп жатқан шығарманың мәтінімен байланыстырып қолдануға үйренеді.
|