Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Мақсаты — окушылардың логикалық ойлауын, түйсіну әрекеттерін жетілдіру. Міндеті



бет4/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#124496
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мақсаты окушылардың логикалық ойлауын, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.

Міндеті — көмектес септігі арқылы жасалған сөз тіркестерін таба білу. Нәтижесі:

  • тілдік бөлшектердің тіл жүйесіндегі орнын ажыратты;

  • оның маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті
    іскерлік — дағдыларын қалыптастырды.

2-жаттығу. Екі сыңары да зат есімнен болган сөз тіркестерінен сөйлем қүрап жазыңдар.

Үлгі: Агаш күрекпен қар күреа жүрген Маратты ол алыстан байқап келеді.

1. Күрек, киім, әдемі, үңгір, оқыған, жіп, еріншек, арқан,
бусаған, қалам, кішкене.


2. Аяқ, жер, ағаш, аймақ, ине, өзен, тас, қыз, қыл, бала, кендір.
Мақсаты
- сөз тіркестерінің түрлері сөз таптары негізінде топтасатына
көздерін жеткізу.

Міндеті - ойлау қабілеттерін жетілдіру. Нәтижесі:

  • әрбір сөз табының морфологиялық белгісін ажыратты;

  • зат есімнің ерекшеліктерін қайталап еске түсірді;

  • тілдік талдау жасады.

3-жаттығу. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болган

сөз тіркестерін қүрастырып жазыңдар.

Үлгі: тұнъқ су.

І.Су, самал, тай, қауын, ағаш, дәптер, бала.

2. Асау, тұнық, салқын, биік, тәтті, жас, таза.

Мақсаты - сөз тіркестерін құрату.

Міндеті - сөз тіркесін білу үшін мағыналық байланыстың басты рөл

атқаратынын меңгерту, үйрету.



Нәтижесі:

  • дұрыс құралмаған тіркестерді қайта үйлестіріп құрап үйренді;

  • морфологиядан алған білім дағдыларын салааралық байланыста
    қайта жетілдірд;

- шығармашылық қабілеттерін арттырды.
4.жаттығу. мына сөз тіркестерінен бес сөйлем құраңдар.

Жылы жаңбыр, мөлдір бұлақ, ашық аспан, әдемі жазу, қызыл ту, кең өріс.

Мақсаты - сөйлем құрап үйрету, тілін дамыту.

Міндеті - сөз тіркесі мен сөйлемнің арақатынасын ажырата білуді қалыптастыру. Нәтижесі:

  • қиялын дамытты;

  • сөйлемді дұрыс құрастыруға талпынды;

- жеке басына тән интеллектуалды, жалпы және жеке оқу
біліктерін қалыптастырды.

5-жаттығу. Мына тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем қүрақдар



Қой аузынан шөп алмас. Ит жанды. Мұзға отырғызы кету. Жұмған аузын ашпау. Көзді ашап жұмғанша. Салы суға кету. Мақсаты - тұрақты тіркестерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде пайдалану.

Міндеті - тұрақты тіркестің жеке өзі сөз тіркесі бола алмайтынын тілдік фактілер ретінде дәлелдеп көрсету.

Нәтижесі:

- тұрақты тіркестердің синонимін тапты;

тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктерін анықтады;


  • ойды әсерлі берудегі мәнін түсінді;

  • сөз тіркесі мен тұрақты тіркестердің айырмашылығын саралады;

  • тұрақты тіркестердің синонимдес сөзді бір сөйлемде ауыстырып
    қолданып, олардың әсерлігін салыстырды.

Жоғарыдағы шығармашылық сипаттағы жаттығулардың мақсаты — оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, кез-келген толық мағыналы сөздер сөз тіркесі бола алмайтынын дәлелдеп көрсету, сөз тіркесі болу үшін мағыналық тіркесімділік болуы шарт екендігіне көздерін жеткізу, тұрақты тіркестердің сөз тіркесі бола алмайтындығын мысалдар арқылы үйрету, сөйлем кұрату арқылы тілдерін дамыту.

Осы жерде сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту мәселесін де айта кеткен жөн тәрізді. Оқушылардың жазба тілін дамытудың бір тармағы - байланыстырып сөйлеу тілін дамытумен байланысты мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету әдістемесі. Бү_л салада Т.А.Ладыженская, Ф.Новожелова, Н.Белянкова, В.Мамушина, В.Дзуқев, П.Ивченков, Г.Смағүлова, Н.А.Иппометова, И.А.Шаповалова еңбектерін атауға болады.

Т.А.Ладыженская редакқиясын басқарған «Методика развития речи на уроках русского языка» оқу құралында оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерінің бірі - мәтінмен жұмыс :касауға үйрету делінген.

Мәтінге тілдік талдау жасау — талдаудың маңызы компоненттерінің бірі. Әдістеме саласында тілдік талдау жасаудың қажеттілігін ең алдымен В.А.Добромыслов айтқан.

Әдәстеме саласында байланыстырып сөйлеуді үйретуге арналған жаттығулар жете қарастырыла қойылған жоқ. Әдетте, мақсатына қарай дайындық, үйрету; өту орынына қарай сыныпта, үйде; ойжы жеткізу формасына қарай жазбаша, ауызша; ойлау операциясына қарай аналитикалық, синтетикалық, аналитика - синтетикалық, деп бөлінеді. Т.А.Ладыженская: «Во-первых, упражнения по обучению связной речи должны быть охарактеризованы по их содержательной стороне, упражнения, направленные на овладение умением раскрывает тему высказывания, строить рассуждение, выступает с докладом и т.д.; во вторых, по заданиям, которые программируют усвоения учащимися определенных знаий и спосов деятельности», - дей отыра оңы бес түрін көрсетеді.

Мәтінді құру сөйлемді құрудан, оны әр типтегі, әр түрлі стильдегі, әр түрлі жанрдағы мәтінді қызыға білуге үйретуден басталады. Мазмұндама, шығарма жазу мәтін құраумен тығыз байланысты болғандықтан, оқушылардың осы ұғым туралы теориялық білімі болу



шарт. Осы Тұрғыда А.Тагиев өз ғылыми еңбегінде оқушылардың мәтін күрауда көп қате жіберетінін айта келе, бағдарламаға арнайы «Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» тауаын және «Мәтін теориясы» тақырыбын енгізу қажеттігін айтады. В.Мамушин өзінің докторлык диссертациясында мәтінді құрумен (конструкциялау) байланысты оқушылардың жиі жіберетін қателерінің жүйесін жасаған. Ол шығарма мен мазмұндама жазуда алғаш құрған мәтінді жөндеу долдарын білудің және оның оқушы тілін дамытудағы рөлін айқындап ашып берген.

Осымен байланысты төмендегі мәтіндеремен әр түрлі жұмыстар жүргізу сөз тіркесінің грамматикалық ерекшеліктерін, оның синтаксистен алатын орнын аша түсуге және оқушының тілді шығармашылық негізде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Білім мазмұнының жаңаруына байланысты оқыту үстінде көзделген басты мақсат - білім берудің ұлттык моделін жасау. Осы бағытта іріктелетін оқу материалы - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытатын тақырыптық мәтіндер. Атап айтқанда, Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты мәтіндер, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері, ғылымынан хабардар ететін танымдық, тәрбиелік маңызы бар материалдар қамтылды.

Сөз тіркесін оқытумен байланысты шығармашылык сипаттағы мынадай мәтіндерді жұмысымызда пайдаландық:



Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші

Сонау бастан, о бастан Бір-біріне жарасқан. Жаралы Қара жер, Жаралы Көк аспан. Естеби мен Бумынның Адамзаттан бағы асқан. Төрт бұрышы дүниенің Солармен санасқан.

Бұл - ¥лы Дала төсіндегі осыдан дәл 1450 жыл бұрынғы, яғни 551 жылғы ахуалды архау еткен жырдың сілемі.

2001 жылдың 18 мамырында, еуразия қосқұрлығының қақ
ортасындағы Астана шаьарында, Қазақстан Республикасы атты
тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес,
бүкіл Тұркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып Тұрып алатын
орасан оқиға болды десек, ешқандай артық айтуға жатпас. Осы күні
көне Тұркі заманның үлы ескерткіші Кұлтегін жазуының ғылыми
көшірмесі оның заңды мүрагері — Қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп
орнатылды. (И.Тасмағамбетов).


Жоғарыдағы мәтінді орындаудағы алға қойған мақсат пен міндет - оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оялату, тәуелсіздіктің біз үшін қымбат екендігін ұғындыру, өзінің еліне, тарихына, тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптаста отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашып Тұрған сөз тіркестерін таптыру, оларға талдау жасату, осы тіркестерді пайдалана отырып, өздеріне қысқа мәтін құрату.

Нәтижесі:



  • оқушы алдымен мәтінді оқып шыққан соң, оған тілдік
    түсініктеме жасады. Яғни мәтіннің қысқаша мазмұнын айттып
    шықты;

  • түсініксіз сөздердің мағынасын ашып көрсетті;

  • мәтіндегі ойды жеткізуге тірек болып Тұраған сөз тіркестерін
    тапты (тәуелсіз мемлекет, қазақ халқы, Тұркі дүниесі, орасан
    оқиға, үлы ескерткіші, Кұлтегін жазуы, ғылыми көшірме, заңды
    мүрагері, қазақ елі).;

  • аталған тіркестерді байланыстыру тәсіліне, қай сөз табынана
    жасалғанына, байланысу формасына талдау жасады;

  • сөз тікесіне үқсас тұлғаларды (бұл жерде атаулық тіркестерді)
    ажырата білуге тырысты.

Жаттығу жұмыстарын жүргізуде, тест арқылы оқушы білімін тексеруде, оқушыларға сапалы білім беруде қолданылатын жұмыстардың бірі - көрнекті құралдарды тиімді қолдана білу. Сөз тіркесін оқытуда көрнекті құралдарды қолданудың тиімді екенін бақылау, оқыту тәжірбиесінже байқалады. Әдістемелік, дидактикалық еңбектерде айтылып жүргендей, көрнекті қолданудың негізгі мақсаты, біріншіден, оқытудың көрнекті принципін жүзеге асыру болса, екіншіден, оқу материалының мазмұнын аша түсуге, окушыдардың грамматиканы, яғни таза тілді қабылдауын, оны практикада қолдана білуін неғұрлым жеңілдетеді. Осы Тұрғыда көрнекіліктер кескінделген және техникалық оқу күралдары немесе әкранды дыбыстық деп бөлінеді.

Кескінделген көрнекі құралдарға дианамикалық, грамматикалық кестелер, схема, сурет, үлестірме кесте қағазы, перфоркарта, альбом, бүктеме т.б. жатады.

Әкранды - дыбыстық көрнектіліктерге диапозитив, слайд, кинофильм, диафильм, телехабар, бейнежазба, үнтаспа, фонохрестоматия, компьютер т.б. жатады.

1. Сөз тіркесін оқытумен байланысты ең жиі қолданылатын көрнектіліктің Тұрі - дианамикалық кестелер, схемалар.



а) Сөз тіркесі мен оған үқсас тұлғаларды игеруге арналған кестелер.






Сөз

Күрделі

Тұрақты

Сөздердің

Атаулы

Атаулық

тіркесі

сөздер

тіркес

салалас

сөилем

тіркестер










қатары







Боз

Бозторғай

Жүрек

Сүлу да

Жаз. Түн.

Опера және

кілем

жолдас-

жүтқан,

сымбатты.

Аспанда

балет

үйге

жора

көзді ашып

қыз бен

жүлдыздар

театры,

келді




жұмғанша

жіпт

жымыңдаиды

қант
















қызылшасы

Бұл көрнекілік құралдың мақсаты - мысалдар арқылы сөз тіркесін өзіне ұқсас тілдік тұлғалармен салыстыра отырып түсіндіру, олардың айырмашыльщтарын анықтау, айқындау. Көру сезімі арқылы окушының есінде сақтап қалуына жәрдемдесу.

ә) Ал екінші кестенің мақсаты - сөз тіркесін топтастырудың Тұрлерін айқындау, кесте арқылы сабақты бекіту, толықтыру.



Сөз тіркесінің түрлері

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Биік ағаш, әдемі қала, отыз бала, ауылдың баласы

Асығып сөйледі, үйге келді, баламен әңгімелесті, сабақтан соң қалды

Нәтижесі:

  • көру сезімі арқылы сөз тіркестерін естерінде қалдырды;

  • морфологиядан алған іскерлік дағдыларын пайдаланды;

б) Схема арқылы сөз бен сөздің байланысуын, яғни сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгерді.

Бұл схеманың мақсаты - кез-келген толық мағыналы екі сөздің сөз тіркесі бола бермейтіндігін, сөз тіркесі болу үшін, жоғарыдағы қасиетіне қосымша мағыналық байлыныстың болуы шарт екендігін үғындыру.





Асыл

Биік

қол жетпек ^^- арман көп ^^ ОКУ



алдағы

түншен


2. Үлестірмелік кеспе қағаздары оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Оның оқу белсенділігін, пәнге деген қызыгушылығы арттырады. Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс оқушының сөз тіркесін жете түсуіне, оның білімін тексеруге кететін уақытты үнемдеуге және олардың білімін тексеріп, жөндеуге (коррекқия) мүмкіндік береді. Үлестірмелі кеспе қағаздардағы тапсырма окушының шығармашылық мәнде, өз бетімен ойланып жұмыс істеуге дағдыландырады және саралап оқыту принципін жүзеге асырады. Атап айтқанда, диалогтық, монологтық сөйлеуді меңгерту, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқу, дайын материалдарды талдау, шығарма жаздыру, мәтіндегі негізгі ойды ажырату, бөлім-бөлімге бөлу, ат қою сияқты тапсырма жұмыстары арқылы сөз тіркесін, оның алуан Тұрлі қыр-сырын ашуда мына тапсырма түрлерін пайдалану тиімді болды.

1-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылган, жазушы табигатты қалай суреттеген. Табигатты суреттеуде қандай сөз тіркестерін пайдаланган, сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер.

Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарлады... үзілмей, қатаймай, бір қалыптап желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы жолман қүлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... Дала емес - теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. (М.Әуезов). Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін таба білу.

Міндеті - тілін дамыту, жазушының тіл байлығына назар аударту арқылы, сөз тіркестерін меңгерту. Нәтижесі:

  • әдеби тілдің нормаларымен танысты;

  • ауызекі сөйлеумен көркем әдебиет тілінің айырмашылығын
    түсінді;

туған елдің табиғаты туралы әсер алды;

- тыныс белгілерінің жазушының ойын жеткізуде атқарып Тұрған


рөліне назар аударды.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушынық қай шыгармасынан үзінді екенін айтықдар. Мәтіндегі сөз тіркестерін ауызша айтып беріқдерг байланысу формаларын, тәсілін айтыңдар.

¥зын бойлы, аршын, ақ сұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп рып алып, алақанына үйкеп жіберді де, аспандағы бурашы шабынып шыға келді. Кеспектей дембел қара жігіт талтаңдай басып қарыс барды. Есік пен төрдей жерге келгенде, аңға шығатын жолбарыстай екуі де арбасты.

(Ж.Аймауытов).
Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін тауып, байланысу формаларын, жасалу тәсілін анықтау, сын есімнің мәтінде қолданылу мақсатына назар аударту.

Міндеті - әдебиет пәнімен байланыстыра отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың творчествосын таныстыру, мәтіндегі сын есімдердің Тұрлеріне талдау жасату. Нәтижесі:



  • мәтінді түсініп оқып, оны қайтадан ауызша айтып беруге
    тырысты;

  • сөз сөйлеудегі кемшілігін жоюға жаттықты;

  • ойлау қабілетін дамытты;

  • естігені, білгені жайындағы мағлұматтарды еске түсірді;

  • сын есімнің түрлерін қатыстырып, өз айналысындағы бір адамға
    мінездеме беріп, сөзбен портрет жасауға дағдыланды.

Тапсырманың екі түрі берілді. Қалғандары қосымшада қамтылған.

3. Техникалық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.

Сөз тіркесін, оны өзін үксас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитафонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитафон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.

Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақраып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.

1. Сабақтың тиімділігін артыруда кодоскоптык (әпидиаскоп) атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқыдлы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, оқулықта берілген 22-24-беттегі схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады:


1. Схема бойынша сөз тіркесін құраңдар.

  1. сын есім - зат есім.

  2. есімдік - зат есім.

  3. сан есім - зат есім.

  4. сын есім - етістік

  5. зат есім - етістік




  1. Кодоскоптан тақтаға сурет түсіріледі. Осы суретке карай
    отырып, сөйлемдер, соның негізінде мәтін құрап, оның ішіндегі сөз
    тіркесінің құрлысына талдау жасалады.

  2. Үнтаспаға жазылған мәтін оқылады, мәтінен сөз тіркестерін
    тапқызып, лексика-грамматикалық мағынасын анықтау тапсырылды.



Қазақ тілі

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, баү_ ардың. Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардық. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен, тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ көңіліңмен тарта аларсың, сен, тілім.

(М.Жұмабаев).

Осы тәрізід сабақта қолданылған көрнекі құралдар сөз тіркесі туралы алған білімдерін қалыптастыруға көмектеседі. Сапал да терең білім алуға негіз болады.



III. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері тілді меңгертудің жоғарғы сатысы. Оны шығармашылық деңгейде қолдана білуге үйретуде мына жұмыстарды жүргізуге болады;

  1. Пікір сайыс (ой толғақ, дебат);

  2. Рөлдік ойындар (симуляқия, драмалық шығармаларды сахналау).
    1. Пікірсайыс - итнерактивті әдістердің жиі қолданылатын

әдістерінің бірі. Бұл әдіс өткен материалды толық, оқушының саналы Тұрде игеруіне көмектесті. Пікірсайыста қолданылатын сұрақ қою, жауап іздеу, оны өзі құрастыру, өз сөзімен жеткізу, өз ойын білдіруі соған қатысушының ойлау процесін күшейтті, оның сол тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

Осымен байланысты диплом жұмысымызға сәйкес «Сөз тіркесі әлемінде» тақырыбында «Есімді тіркестер тобы» және «Етістіктер тіркестер тобы» болып өткен сабақтың алдында оқушыларға



пікірсайыстытың болатындығын хабарлай отырып, оларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берілді. Тапсырмалар баяндама жасау, рефарат жазу, мақала жазу түрінде жүргізілді. Сабақтың үлгісі қосымша берілді.

2. Ал, рөлдік немесе оқу (грамматикалық) ойындары сабақты қызықты, тартымды өтуіне мүмкіндік берді, оқушының ойлау, шығармашылық қабілетін арттырды. Драмалық әдіс «тілдік матеиалдарды меңгертудегі іске асатын сөйлеу іс- әрекетінің оқу, жазу, тындаужәне сөйлеу - төрт Тұрі қолданылады, яғни оқушы тілдік комуникативтік, қарым-қатынас жасау деңгейінде қолдана алды.

Сөз тіркесін меңгерту барысында оқушының сөздік қорын байытып, оның сөйлеу тілін дамытуда мынадай жаттығулар пайдаланылды:


  • өлең, мәтіндер жаттау (олардың ішінде сөз тіркесін тапқызу):

  • әдеби кейіпкер бейнесін жасауда жаттаған өлең, мәтіндерді
    пайдалана білу;

  • мәтіндерді толықтау (көркемдік, композициялық, құрылымдық
    жағы, сөз тіркестерінің кү_рылысы, т.б.)

Сонымен қарат грамматикалық ойындар, көбіне сөзжұмбак, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешу, жанылтпаштар айту түрінде жүргізіледі. Аталған грамматикалық ойын түрлері сөз тіркесі мәселелеріне құрылып, соны дү-рыс шешуге, сапалы түрде түсінуге көмектесті. Мынадай ойын түрлері пайдаланылды:

«Сөз тіркесі әстафетасы» ойынының мақсаты — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөз тіркесінің байланысу формалары жөніндегі түсініктерін бекіту.

Ойынның шарты. Бір оқушы матасу байланысына мысал айтады да, қолындағы орамалды кестесі оқушыға тастайды. Ол окушы ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын өтейді. Нәтижесі:

  • рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген
    ынтығарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де
    жетектеді;

  • рөлдік ойынның мәні ойын барысында оқушының тілдік
    қатынас жасауға деген талабын ашты;

- қажетті сөздерді дәл тауып айтсам деген ойды да туғызды.
«Қызықты адаммен интервью» ойынын сөз тіркесі туралы

мағлұмат алу мақсатында ойнатылды. Бір оқушы журналисттің рөлін атқарды, екінші бір оқушы белгілі бір маманының рөлін ойнады. Журналист-оқушы тіл маманы-оқушыдан сөз тіркесі туралы өзіне қажетті мағлү-маттар алды.



«Сөзді тап» ойыны

Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін үғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет