«Миға шабуыл» әдісі.
Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Қолданылуы: Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті)
Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Қолданылуы: Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
«Сұраққа жетіп ал» әдісі (А.Ж.Егізбаев бойынша)
Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Тиімділігі: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.
Қолданылуы: Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.
«Джигсо» әдісі (Элиот Аронсон бойынша)
Мақсаты: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
Тиімділігі: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
Қолданылуы: Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. [33]
Мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым бірдей және білім министрлігі бекітетін оқу бағдарламасына негізделген. Бұл жұмысымызда білім алушылардың ағылшын тілін үйренуге және әлеуметтік қызметке қызығушылығын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылған.
Оқыту әдісі – оқыту мазмұнында қарастырылған білімді, іскерлікті және дағдыларды беру және игеру нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша отандық педагогикада оқыту әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік, көрнекі, практикалық (оқу материалын баяндау көзі бойынша);
Репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, зерттеу, проблемалық және т.б. зерртеу (оқу-танымдық іс-әрекет сипаты бойынша);
Индуктивті және дедуктивтік (оқу материалын баяндау және қабылдау логикасы бойынша).
Танымдық мотивтерді дамыту үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолдандық, олардың қатарына ертегі, сабақ өткізудің стандартты емес нысандары, оқылатын материалды ұсынудың ерекше нысандары, конкурстарға қатысу, зерттеу қызметі, жобалау жұмыстары, ағылшын тілінен сабақтан тыс жұмыстары кіреді.
Оқу – танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау әдісі үшін : ауызша, жазбаша тексерулер және білім, дағды мен дағдыны меңгеру нәтижелілігін өздігінен тексеруден өттік.
Оқу – танымдық қызметті ынталандыру әдістері үшін: білім, білік және дағдыларды меңгеруде мотивация, жауапкершілік, міндеттемелер, мүдделерді қалыптастырдық.
Оқыту практикасында оқу материалын қабылдаудың саналы дәрежесіне негізделген оқыту әдістерін анықтаудың басқа да тәсілдерін қолдандық: пассивті, белсенді, интерактивтік, эвристикалық және т.б. Бұл анықтамалар одан әрі нақтылауды талап етті, өйткені оқыту процесі пассивті бола алмайды және оқушылар үшін әрқашан ашылым болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |