Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас» деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды: «Сүйтіп, іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және баяндауыштың тиянақты қалыпта болатындығы. Бұл екі қасиет іргелес құрмаластарды салалас құрмаласпен жақындастырады. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сыйпаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады... Ал іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан сабақтасып байланысады да, сыртқы байланысу формасы жағынан салалас болып келеді» [Н.С., 36-б.]. Тіл білімінде бұған қарсы көзқарастар да жоқ емес.
Бірде іргелес салалас, бірде жалғаулықсыз салалас, бірде үлестес сабақтас деп берілетін сөйлемдердің өзіне тән төмендегідей қызметі көрсетіліп жүр:
Іргелес салалас сөйлемдер сөзді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады.
Іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады ( «ҚГ», 696-б).
Іргелес салаластарды тұрақты (үнемі жалғаулықсыз қолданылатын) және ауыспалы іргелестер (бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз қолданылатын) деп бөліп қарастырады.
Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
алдыңғы компонент (І) көсемше формалы негізгі етістік+отыр еді/еді – кейінгі компонент (ІІ) баяндауышы жедел өткен шақ формасында;
І: жедел өткен шақ+ болды, шартты райлы етістік + болғаны;
І: жедел өткен шақ+ақ;
І: тұйық етістікті бастауыш + мұң еді баяндауышы;
ІІ: сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік сөздердің қатысы арқылы.
Қарсылықтық іргелес салаластардың жасалуы:
І: бұйрық райлы етістік;
І: өткен шақ көсемше+еді;
І: -атын, етін тұлғалы есімше – ІІ: тежеу мәнді оқиға;
І: келгендей, алғандай, келетіндей, алатындай тұлғалы есімшелі баяндауыштар.
Себептік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
І: бастауышы есімше- баяндауышы сол –ІІ: оқиғаға себеп болған хабар;
ІІ: бастауышы есімше-баяндауышы сол;
І: көргендей, көретіндей тұлғалы есімше.
Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
І: жедел өткен шақ+ бар ғой
І: келер шақ есімше+ бар
І: жедел өткен шақ/есімше-ған + екен;
І: өткен шақ етістік +ба;
І: бұйрық райлы етістік.
Достарыңызбен бөлісу: |