Жырау домбырасын тастай беріп, енді қолына найзасын алды (І. Е.).
Тең-тең олжа артып, үйір-үйір жылқы айдап қайтпаса да, сұлтан бұл жорығына риза (Ә. Қ.).
Екеуі де ортақ бастауышқа, бір субъектіге (жырау) негізделген бұл сөйлемдердің алғашқысының баяндауыштары бірінен соң бірі орындалған, біртектес іс-әрекетті баяндап тұр. Ал екінші сөйлемде субъект (сұлтан) біреу болғанымен, қос компоненттің баяндауыштары әр түрлі сөз табынан жасалып, әр түрлі жай-күйді баяндап тұр. Салалас құрмаластарда да кездесетін мұндай жағдайда ортақ субъектілі біртектес іс-әрекетті бірыңғай баяндауышты күрделенген жай сөйлем деп танып, ал әр сөз табынан жасалған немесе әр шақта тұрған баяндауышты сөйлемдерді құрмалас деп тану жөн көрінгенімен, аталған мәселеде тағы да қайшылықтарға тап боламыз. Сондықтан, біздіңше, компонент (құрмалас сөйлем компоненті) ұғымының мәні айқындалғаны жөн.
Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем” субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiн айқындауда мынадай белгiлер негiзге аланады:
Компоненттiң белгiлi шамада сөйлемдiк мағына дербестiгi болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдiк мағынаға ие болады.
Баяндауыш формасы есiмше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бiрге шылаулардың тiркесуi арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
Бағыңқы компонент дербес бастауышты болады.
Бағыңқы компонентке тән интонация тиянақталмаған интонация.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегi күрделi мәселесiнiң бiрi – оның түрлерiн саралау. Қазақ тiл бiлiмiнде бiр кездерi бағыныңқы сөйлемдердi саралауда орыс тiл бiлiм-дей, алдымен, функционалды принцип үстемдiк алды, яғни бағ-қының қызметiн жай сөйл-ң тұрлаусыз мүшесiнiң қызметiмен бара-бар санады (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) (анықтауыш-толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).
Достарыңызбен бөлісу: |