Диплом жұмысы шифр-мамандық атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата20.05.2022
өлшемі41.98 Kb.
#457971
түріДиплом
1   2   3
Диплом жұмысы Салтанат

Диплом тақырыбының зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысының әдістемелік базасын отандық және шетелдік ғалымдардың аталған тақырыптағы еңбектері құрайды.Атап айтсақ, туризмді, оның ішінде, іскерлік туристік қызметті дамыту мәселелерін В.С.Боголюбов, А.И. шаприо, В.С. Сенин, қазақстандық экономитс ғалымдар С.К. Сұрағанова А.Т. Тілеубердинова, Ж.М. Шаекина, Р.А. Асанбаева және басқаларының еңбектерін көрсетуге болады.
Дипломдық жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде ҚР Статистика агентігінің мәліметтері, конференциялар, форумдар мен семинар материалдары, салалық мерзімді баспасөз құралдарына жарияланған санақ мәліметтері,түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, газет-журналдар, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Зерттеудің нысаны: Алматы қаласының іскерлік туризмінің дамуы мен оны жетілдірудің жолын қарастыру.
Зерттеудің пәні: Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің дамуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Алматы қаласында іскерлік мақсатты турларды жоспарлау, ұйымдастыру жіне құрастыру.

Зерттеу мақсатынан туындайтын жұмыстың негізгі міндеттері:


- нарық жағдайындағы іскерлік туризм түрін талдау;
- іскерлік туризм түрінің қалыптастырудағы басқару мәселелерінің анықтау;
- іскерлік туризм түрінің негізгі міндеттерін айқындау;
- іскерлік туризм түрін қалыптастыруға қатысты ұсыныстар беру;
- іскерлік туризмді дамытудің жолдарын атап көрсету;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Алматы қаласындағы іскерлік туризмді дамытудың дәстүрлі бағыттарын заман талабына сай жаңашыл көзқараспен негіздеу болып табылады.


Зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қазіріг нарықтық экономика мен орын алып отырған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің дамуын теориялық негіздеу болып табылады. Тәжірибелік нәтижелерді оқу орындарында, әр алуан тақырыптық іс-шараларда дерек көзі ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 негізгі тараудан, 7 тараушадан, 1 практикалық бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жaлпы жұмыc көлeмi 70 бeт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет