Шарикті қаламсап.
Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады. Шарикті қаламсап бұрыштан 50 – 55 0, перо – 35 – 45 0.
Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5 ,2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. Қызыл түсті сияны мұғалім ғана қолданады. Қызыл түспен қатені, бағаны таңбалайды.
Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек мұғалімде ғана болады.
Дәптер.
1 сыныпқа арналған қазіргі дәптерлер екі түзу сызықпен сызылған, кіші әріптің биіктігі – 4 мм, бас әріптің биіктігі – 8 мм.
2 – 3 сыныпқа арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптердің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі – 7 мм.
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерге жазылуы. Тек 1 сыныпта арнайы дәптер болады. 1 сыныпқа әріптердің жазу үлгісін мұғалім өзі кезіп көрсетеді.1 – 3 сынып әріптердің жазылу үлгілері әрбір оқушының жазу ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.
Жұмыс көлемі: 1 сыныпта – 2 жол ( екінші жарты жиындықта ), 2 сыныпта – 3 жол, 3 сыныпта – 3 – 4жол болуы тиіс.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда әрбір жеке оқушының қалай жазғаның елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауы,оның колеграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады:
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
2.Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т.б.), (сынып, мектептің номері мен аты, оқушының фамилиясы мен өз атын жазып қою)
1 – сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазаы.
3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
4. 1 – сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмысары.
1 – сынып екінші жарты жылдықтан бастап, сондай – ақ 1 – 3 сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі. Күн аты – араб цифрмен, ай аты жазумен беріледі. Цифрлардың соң дефис қойылмайды.
5. Жаттығу мен есепнөмерлерін қо, жазба жұмысының қайта орындалғаның ( сыныпта, үйде ) көрсету.
6. Азат жолдарды сақтап жазу.
7. 1 – 3 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен тақырыбы (аты) көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.
8. Қазақ тілінен орындалатын жұмыстың датасы мен тақырыбы арасына жол қалдырмай жазу. Математика дәптерінде мұндай жағдайларда тек екі тор көз тастау керек.
Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған текстен кейін қазақ тілі дәптерінде екі жол, математика дәптерінде төрт тор көз тастап жазу ( бұл – бір жұмыспен екінші жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін керек).
9. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді төмендегідей тәртіппен түзету: қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу сызықпен сызып тастау керек, қате жазылған сөз бөлігі мен сөйлемді жіңішке сызықпен сызу: сызылған таңбалардың орнына керекті әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазу; қате жазыл- ғандарды жақшаға алмау.
10. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарандашпен, аса қажет жағдайда – сызғыш арқылы орындау қажет. Барлық оқушылардың қазақ тілі мен математикаға арналған дәптерлері әрбір сабақтан соң тексеріледі. [3. / 112 – 130б/ ]
Тақта.
Сыныптағы тақта қара немесе күнгірт жасыл түске боялуы тиіс. Тақтаның қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болу керек. Міндетті түрде тақтаның бір бөлігі дәптердегі сызықтармен тепе – тең прапорцияны сақтай отырып сызылуы тиіс. Әсіресе 1 – 2 сыныпта міндетті түрде тақтаның бір жағы жазу сабағына, екінші жағы математика сабағына арналып сызылуы керек. Тақтаның ортасына күнделікті күнді жазып отырады. Тақтаның ортасындағы жазу біркелкі болу үшін арнайы сызықпен сызылады. Мұғалім тақтаға ақ бормен жазады. Бор тақтаны сырып кетпеуі үшін жұмсақ болу керек. Кейде дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды ажырату үшін түрлі – түсті борлар қолданады. Мұғалім тақтаға жазғанда: біркелкі, байланысын дұрыс сақтап, бағытын дұрыстап жазу керек. Оқушы мұғалімнің жазуынан әріпті жазу үлгісін көруі тиіс. Тазалық пен дұрыс жазу барлық сабақтарда, сондай – ақ үйге тапсырма бергенде де сақталуы керек. Сабақ өту барысында мұғалім оқушыны тақтаға шығарып әріпті жазудағы қолының қозғалу бағытын байқап отыру керек. Байқай отырып тақтаға жазумен дәптерге жазудың бағыты бірдей емес екенін ескеру қажет. [1. / 28 – 29 б./, 2 /170 – 171 б./ ]
Айырмашылығы мынада:
1. Дәптерге жазуда қолдың ұсақ бұлшықеттері жұмыс істейді. Ал, тақтаға жазуды қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де жұмыс істейді.
2. дәптерге жазуда көпнесе өзімізге қарай жазамыз және әріптің көлбеулігі дәптердің орналасуына байланыты жүзеге асырылады. Тақтадағы жазу оңға қарай жазылады. Бірақ екеуінің нәтижесі бір болуы тиіс.
Егер оқушының дәптердегі жазуының тексеру үшін мұғалім әріптің үлгісіне көз бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біраз жер алшақ тұру керек.
Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу де жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбалардың әдемі, көркеметіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуында ықпалы бар. Мектепке алғашкелген күннен бастап баланың жазуына жетекөңіл бөлмеу көпжағдайда оның өзісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талапету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркемжазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді жазуға өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс – тәсілдерін, тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірген жұмыстар оқушыларды қызықтырыпқана қоймайды, логикалық ойлауын артырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігімен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі затиесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланы қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын активтендіреді. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әр түрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе оларды өздері дайын геометриялық фигуралар трефаратынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім альбомына салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балаларзаттардың пішінің, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, « оң », « сол», «шеті», «жоғары », « төмен», « түзу », « қисық », « дөңгелек », т.б. ұғымдарды меңгереді.
Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау процесін арқару деген сөз. Ал, мұнын өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс - әрекет.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратының, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазудан меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күннен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементтін жазудағы қимылдын аяқталуы келесі элементтін басталатын жерінде бітіп, әрі қарай келесі элементіне жалғастырылады. « Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаларға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс»деп бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғаліммен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданып жүрген әр түрлі жаттығулар, айталы, әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттерсалғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу т.б. тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларына сапасын арттырады.
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі. Егер баламен жақын боламын десеніз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.[11. /№ 8 / ]
Достарыңызбен бөлісу: |