Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»


Орындалатын жұмыстың мазмуны мен сипаты



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі391 Kb.
#205003
түріДиплом
1   2   3   4

Орындалатын жұмыстың мазмуны мен сипаты.

Сабақтың, үйірмелер мен факультатив сабақтарының


кестелерін жасау.

Мамандарды орнықтырып, жүктемелерін нақтылап беру.



  1. «Қазіргі мектепте басқару мәселелері» - бірлестік
    жетекшілерімен кеңес өткізу.

  2. Мектеп қүжаттарын толтыру мен жоспарлау ісіне жас
    мамандарға кеңес беру.

  3. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік-зерттеу жұмыстарын
    жоспарлау, іс-тәжірибелік бағдарлама жасау, нақтылау.

Қорыта келгенде , қазақ тілі пәнінен жүргізілетін кластан тыс жүмыстардың маңызы зор. Жоспары, жүйелі түрде жүргізілетін бұл жұмыс оқушылардың тілін дамытып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелік жұмыс та атқарады.



2.2. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.
Ойын басшысы әр жауапты қадағалап отырады. Қате жіберушілер ойыннан шығарылмайды. Қате жібермеген, жылдам айтқан оқушы жеңімпаз атанады. Бүл қандай сөздер

Жауап: Қазақстан, Қарақалпақтар, қызғылықты, Татарстан. Кім жауап береді ?

Басшы сұрақты оқиды. Балалар ойланып жауап береді. Кім дұрыс жауап берсе, сол алға шығады.


  1. Бір дыбыстан тұратын қандай сөзді білесіңдер?

  2. Дыбыс емес, белгі?

3. Қандай әріп эрі дауысты , әрі дауыссыз бола алады, жұмсақ әрі қатаң? Кім дәлелдеп, мысал келтіре алады?

Жұмбақ жауап ойыны.

Басшы жқмбақты өзі оқиды немесе текстпен қарталар беріледі, одан кейін жауапты тыңдайды.



  1. Егерде «Ж»-дан басталса жыл мерзімі . Ал «Қ»-дан басталса үй құсы.
    Бүл қандай сөздер? Жауабы: жаз, қаз.

  2. «А» дыбысы болса - адам мүшесі. Егерде «А» «Е-ге» өтсе, сан есім.
    Қандай сөз? Жауабы: бас, бес.

  3. Басы - ашық, аяғы- жабық екі дыбыс. Оқысаң, көл мен өзенге жақын
    түрсаң, саған да ол керек болар. Жауабы: ау.

Әзіл - жұмбақ ойыны.

Жоғарыдағыдай түрде жүргізіледі.



  1. Екі фонетикалық түсінік бірі-бірімен дос. Біреуі айтылады және естіледі, екіншісі жазылады және көрінеді. Жауабы: дыбыс және әріп.

  2. Оның құрамы үш буын, 6 әріптен тұрады, ал оған бағынышты әріп
    саны 6 есе көп. Ж: алфавит.

  3. Алма ағашта 36 алма бар.
    Оларды жегің келсе ,
    Оны еркін өтер тамақтан,

Қалғаны қиындықпен. Жауабы: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Ойынды мұндай түрде жүргізу мағыналы өтеді, оқушылар мұндайдан шаршамайды, апта қызықты өтеді. Қазақ тілі апталығын қызықты ұйымдастыру, мектеп оқушыларының білімін көтереді.



Көрме

Қазақ тілінен кластан тыс жұмыстардың қорытындысына арналған көрме оқушылардың білімін, дамуын бағалауға мақсатталады. Оны ұйымдастыру оқушылардың кластан тыс жұмыстарға тартуға көмектеседі. Жұмыстарды көрмеге қою өзге оқушыларға үлгі болады, оларды өз күштерін тексеруге итермелейді. Мектепте мұндай көрмелерді ұйымдастыру әр жарты жылда өткізіледі, мұнда оқушылардың жақсы бақылау жұмыстары, мазмұндама, жаттығулары қойылады, қабырға газеттері, қазақ тіліне арналған көрнекі құралдар, мазмүнды баяндамалар қойылады. КВН, олимпиада жеңімпаз атанған команда мен оқушылардың альбомдары мен суреттері қойылады.



Қазақ тілі кештерін ұйымдастыру және өткізу.

Тіл бойынша кластан тыс жұмыстың барлық формаларының ішіндегі маңызды кештер , ол үйірме жұмысының жарты немесе толық оқу жылындағы жұмысын аяқтау болып табылады. Бұл кештердің тәрбиелік жалпы танымдылық мәні зор, өйткені ол оқушылардың көңілін тілге аударуға көмек береді, күнделікті үйренген грамматикалық ережелер мен жаттығулардан көптеген қызықты нәрселерді, ана тіліміздің жүйесін үйренетіне көз жеткізеді.



Оқушылардың өзіндік жүмысы.

Н.К. Крупская оқушылардың өзіндік жұмысына көп көңіл аударды . «Бізге өсіп келе жатқан ұрпақты өз беттерінше ойлауға, коллективпен жұмыс істеуге, жинақылыққа, өзіндік инициативаны өркендету аса маңызды» - деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол үй жұмысын ұйымдастыру мен оның формаларының маңызын атап көрсетті.

Өзіндік жұмыстарды мұғалім тексеріп, бағалауы тиіс. Кітаппен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор екендігін айта кетіуіміз керек. Сонымен қатар Н.К. Крупская жазу жұмыстарына, пікірлердің жазылуына, оқылған ертегілеріне иллюстрация жасауға үйретудің маңызын атап көрсетті.

Сөздікпен жүмыс

Мектеп оқушыларына әртүрлі орфографиялық, географиялық, саяси сөздіктермен жұмыс істеу пайдалы. Жазу және ауызша тексті оқу кезінде кездескен қиын сөздерді сөздік бойынша анықтаймыз. Сөздікпен жұмыс істей отырып, оқушы өте аз кездескен сөздердің мәнін оқып үйренеді. Бүл олардың тілін дамытады. Оқушы сөздік арқылы орфографикалық жазуды және сөздікпен жұмысты қамтиды.



Өзіндік оқу.

Оқушылардың өзіндік оқуы ең маңызды болып табылады. Өз бетінше оқуды мұғалім, кітапханашы қадағалайды. Бұл оқушы ата-аналарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Ата-ана баланы үйде қадағалайды.



Кластан тыс жұмыста техникалық құралдарды пайдалану.

Соңғы кездері оқу-тәрбие процесінде техникалық құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Оның маңызын оқу әдістемесі мен балаларды тәрбиелеуде орасан зор екендігін мұғалімдер көз жеткізеді. Техникалық құралдар - бұл оқу информациясын алып жүруші құрылым, оқушыларға тиісті анықтама беруші, оқу үшін маңызы зор процесс жинақшысы болып табылады, білімді басқаруда өзіндік және активті қызығушылығын арттыруға көмек береді, сонымен қатар оқу процессін басқаруға, мұғалім дайындығына көмектеседі.



Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру және оның мазмүны, білім құрылымы.

Техникалық жабдықтың бұл функциясы мынадан тұрады: ғылыми техникалық процесстің дамуына байланысты мұғалім және оқушы еңбегі де жанама мәнге ие болады, класс және кластан тыс тәрбие жұмыстарының

жүргізілуі мен ұйымдастырылуыда өзгереді. Осыған байланысты академик С.Я. Батышев: Мұғалім қызметі өзгерсе, бала жұмысы өзгереді, - деп атап көрсетеді. Мұғалім берілген тапсырманы дұрыс шешу үшін сабақ ұйымдастырушысы, бастысы, кеңесшісі бола түседі. Ол оқушылардың әр түрлі хабар құралынан алған білімін бір жүйеге келтіреді. Мұғалім қызметінің ауырлығы сонда, ол оқыту тәсілінен оқу тәсіліне көшеді, яғни ол жай орындаушыдан жасампаз қалыпқа ауысады, техникалық жабдықты пайдалану, оның жұмысын өзгертеді. Оқушы өзі үшін беймәлім факты мен заңдылықтың ашушысы ретінде болады. Ол оқу процесінің мүшесіне айналады.

Қорытынды


  1. Қазақ тілі бойынша кластан тыс жұмысы оқушылардың өзіндік ой өрісін дамытуға, білімге қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өз беттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Бос уақыттарын дүрыс пайдалануға талпындырады.

  2. Әр түрлі кластан тыс жүмыс қазіргі таңдағы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, жаңа заман талабына бейімдейді қанағаттандыра. Сондықтан да, үйірме және топтық жұмыстарды ұйымдастыра білудің маңызы зор.

3. Қазақ тілі бойынша кластан тыс жұмыс негізінде жас жеткіншекке тәрбие беру және оқыту барысында, бірінші орынға оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырмалар мен жаттығулардың құрамы кездейсоқ, ғажайып дүниелерге толы болуы тиіс, ал эмоцианалдық таным мен даму таным қызығушылығын арттыра түседі.

4. Кластан тыс жұмыс пен оның жүргізу әдісінің мәні, балаларды


өмірлік тәжірибе жинақтауға ұмтылдыру, олардың жаңа ілімдерді
зерттеуге қызығушылығын арттыруға лайық болуы тиіс .

  1. Қазақ тілінен өткен класс сабағының байланысы кластан тыс
    жұмыспен ұштасуы үшін білімге мән беріп, мектеп курсындағы әртүрлі
    пәндердің өзара байланысын, білім және тәрбие тапсырмаларын
    ұштастыра отырып бала бойына дарыту.

  2. Ана тілі бойынша кластан тыс жұмыс формаларын кеңейту
    төмендегінше көзделеді:




  1. Үйірме - бұл кластан тыс жұмыстың кеңінен тараған түрі, ол бір
    немесе паралель класс оқушыларынан құрылады, оқушы саны
    жиырмадан аспауы тиіс.

  2. Үйірменің алған тақырыбынан өзгеше аты болуы тиіс: "Қызықты
    грамматика", "Сөйлеу мәдениеті үйірмесі" және т.б. Біздің жүргізген
    тәжірибе жұмысымыз оқу жылының барысында 14-15 сабақ , әр
    қайсысының ұзақтығы 1-1,5 сағат болуы тиіс екенін анықтады.

  1. Кластан тыс жұмыс оқушылардың ұжымға, қуаныш пен өкініш мәнін түсінуге, ұжым мүддесін жеке мүдде деп үйретуге итермелейді ,сондай форманың бір түрі - жарыс (КВН) . Мүндай жарыстарды класаралық немесе паралель кластар арасында өткізуге болады. Әр класс командасында 10-12 адам болады. КВН - ді әр ай сайын өткізу көзделеді.

  2. Білімде өзіндік жарыс және оқушылардың жұмыс нәтижесі ретінде -олимпиадалар класс, мектеп, аудан масштабында, оқу жұмысында 1 -2рет өткізеді.

  3. Оқушылардың шығармашылық білімін дамытуда әртүрлі конкурстар үлкен орын алады: мәнерлеп оқу конкурсы, түрлі шығарма бойынша инсценировка өткізу, өте жақсы шығарма, қазақ тілінен жақсы дәптер, өте жақсы қабырға газеті конкурстары.

  4. Қазақ тілі апталығы, алдын-ала дайындалған мейрам ретінде өткізіледі . Кластан тыс жұыстың бұл түрі әтүрлі болады:
    әгімелесу, баяндама, конкурстар мен олимпиадалар, кештер мен
    жарыстар. Қазақ тілі апталығы бойынша жылына бір рет өткізіледі.

  5. Әр жарты жылдықта көрме өткізіледі, мүнда өте жақсы орындалған жаттығулар, сынақ хат, мазмүндама, шығарма, қазақ тіліне арналған қабырға газеттері, көрнекі қүралдар, баяндамалар, мәнерлеп оқудың магнитофонға жазылған нүсқалары қойылады.

  6. Тіл бойынша кластан тыс жүмыстың кең тараған түрі кештер болып табылады, ал үйірменің жарты немесе толық оқу жылындағы жүмыс нәтижесін тексеру мақсатында жүргізіледі. Тақырыптық кештер оқу жылында 4-рет өткізілді.

  7. Қазақ тілінен кластан тыс сабақ бойынша эңгіме, хабар, баяндама, лекция, ерекше орын алады. Лекцияны арнайы шақырылған маманоқиды, хабар мен баяндаманы оқушы жасайды.

10)Қазақ тілі сабағында көп көңіл бөлінетін жаттығу жүмыстары кластан тыс жүмыста өз мэнін жоғалтады, мүнда тілге талдау жасау әдісі кеңінен қолданылады жэне жаттығу алған білімді толықтыру үшін қолданылады.

  1. Кластан тыс сабақтарда оқушымен жеке жүмыс жүргізу ерекше орын
    алады. Таныс емес тақырыптарды оқуда оқулық пайдаланылмайды.
    Кластан тыс жұмыс тақырыбы бағдарламамен сәйкес келсе, ол база
    ретінде қызмет атқарады.

  2. Кластан тыс жұмыста техникалық жабдықтарды пайдалану
    оқушылардың жеке дамуына эмоционалдық түрде эсер етеді, мұғалім
    жұмысын жеңілдетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Асқарбаева А. Кластан тыс оқыту методикасы. Бастауыш сынып
    мұғалімдеріне арналған Алматы - 1992

  2. Әуелбаев Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі.
    Алматы- 1997

  3. Әімжананов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
    Алматы -1965

4. Бегалиев Г. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мэселелері.
Алматы - 1980

5. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дэстүрлері мен әдет-ғұрыптары.


Алматы, Ана тілі 1999

  1. Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Қазақстан -2030

  2. Молдабеков Қ., Сандабай Қ., Балқыбекова Ы. Бастауыш мектепте тіл
    дамыту. Шымкент-1999

8. Қазыбеков С. Қазақ тілінің жаттығулар жинағы. (1-2-3 сыныптарға
арналған). Алматы - 1991

9. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы - 1990



10. Құлмағанбетова Б. Мемлекеттік тілді меңгертудегі тіл дамыту.
Бастауыш мектеп, 1996 №11.

  1. Ишмүханбетов Ә. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
    Алматы - 1964

  2. Самуратов Г.Б. Халық педагогикасы негізінде тэрбие беру - өмір
    талабы. Әдістемелік құрал. Арқалық - 1992

  3. Бозжанов К. Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар
    жүйесі. Алматы - 1991




  1. Боранғалиев Т. Мектеп кеші көңілді. Алматы - 1990

  2. Ысқақ Б., Ысқақова Д. Бастауыш мектепке кластан тыс жұмыстар.
    Алматы - 2003

  3. Абдрахманова Р. Кенжебекова Р. Мүсабекова М.Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. Алматы - 2002

17. Көпжасарова М. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда
коллективизмде тәрбиелеу. Алматы - 1978

  1. Күлкенова К. Тіл үстарту. -Алматы Қазақ университеті. 1992

  2. Ысқақов Б. Қазақ тілінен олимпиада ұйымдастыру.Алматы - 1973

  3. Ысқақов Б. Қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
    Шымкент - 1972

  4. Табылдиев Э. Халық тағылымы. 1992 Алматы - Қазақ университеті.

  5. Ысқақов Б. Қазақ тілінен көрмелерді ұйымдастыру . Алматы - 1998

  6. Ильина Т.В. Педагогика. Алматы - 1979

  7. // Қазақстан мектебі. Алматы № 10
    25.//Бастауыш мектеп 1993 - №2. 1992-№ 10,11,12.

26. // Қазақ тілі мен эдебиеті. 1993 - № 4, 1992 - № 7,9.

  1. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы -
    1994

  2. Омарүлы О.Е. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер; құрылуы,
    дамуы. Алматы - 2001

  3. Болдыров Н.И. Класс жетекшісі. Алматы - 1980

30. Буртовой И.Д. Бастауыш класс оқушылардың оқу икемділігін
қалыптастыру. 1979

  1. Ілиясов А.Н. Класс жетекшінің жүргізетін тәрбие жұмыстарының
    жүйесі. Алматы 1991

  2. Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және
    болашағы. Алматы 2000

33. Богданова О.С., Петрова В. И. Бастауыш класстағы тәрбие
жұмысының методикасы. Алматы — 1980

  1. Болдырев Н.И. Мектептегі тэрбие жүмысының методикасы. Алматы -
    1987

  2. Сәрсенбаева Г. С. Халықтық тағылымдар: Оқу құралы. Алматы - 2001

  1. Әуелбаев. Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы.
    Алматы — 1987

  2. Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір
    жолдары. Алматы - 1989




  1. Ысқақ Б., Ысқақова Д. Бастауыш мектепте кластан тыс жұмыс.
    Шымкент 2003

  2. Абдрахманов А.Н. Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сын
    тыс жұмыстарда қолдану. Шымкент 2002

  3. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ).
    Алматы . Мектеп 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет