Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға дағдыландыру»


Тақырыптың практикалық қолданылымы



бет3/11
Дата19.06.2022
өлшемі316.5 Kb.
#459344
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-Бастауыш-мектепте-оқушыларды-мәтін-қүрастыруға-дағдыландыру

Тақырыптың практикалық қолданылымы
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытуға болады. Тілді үйретіп, дамытуға қатысты А.Байтүрсынүлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды үсынған:

  1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.

  2. Мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының
    ұғымына таныс және жақын болуы керек.

  3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдыр, қызық
    әңгімелер маңызды орын алуы қажет.

  4. Тілді оқытуда тіл үстартуға көркемсөзге де ден қойғаны дұрыс.

Қазақ тіл ғылымының негізін салуына А.Байтүрсынүлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бірі игертуге, екіншісі білуге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз.
Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:

  1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-
    қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне
    қаратып баулып алуы яғни тіл мәдениетінің жоғары болуы
    шарт.

  2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.

  3. Өтілетін мәтіндер, жаттығу жұмыстар қазақ баласының
    халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы.

  4. Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу.

  5. Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны
    іс жүзінде қолдана білу.

  6. Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
    жазуға үйрету.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті
Қазіргі қазақ тіл білімінде мәтін мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі мәтін туралы білім негізін беру мектеп бағдарламасында қарала бастады. Яғни, мәтіннің қүрылымдық, мазмұндық ерекшеліктер туралы мәліметтер беріле бастады. Демек,
мәтін тураыл мәселе қазіргі тіл білімінде маңызды мәселе болып табылатындықтан, диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналған.
Жұмыстың мақсаты: - "Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруға дағдыландыру".
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

  1. Мәтіннің сипаттамасы.

  2. Мәтін, оның құрылымын анықтау.

  3. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс істеу.

  4. Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту ерекшеліктері.

Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Диплом жұмысының зерттелу объектісі әдебиеттерді талдау барысында мәтіннің анықтамасы туралы бір тұрақты пікір қалыптаспағандығы анықталды.
Біздің елімізде XX ғасырдың 2-ші жартысынан бастап лингвистердің,әдіскер-ғалымдардың назарын аудара бастады.
Мәселен, А.Байтүрсынұлы, М.Жұмабаев, А.Айғабылов, Х.Арғынов, Б.Шалабаев, Т.Қордабаев, А.Жаппаров сынды ғалымдар еңбегін ерекше атауға болады. Яғни, мәтіннің кейбір мәселелері өз шешімін тапқан деп айта аламыз.
Әйтсе де, мәтін синтаксисіндегі оның құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері туралы мәліметтер қазақ тіл білімінде әлі де маңызды мәселе болып табылатындықтан диплом жұмысының зерттелу объектісіне арналған.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттердің тізімі және сілетемелерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет