Мәтіннің түрлері
1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды
еске түсіріп айтып шығу. Мүндағы баяндау, негізінен оқиғаның өту
тәртібі мен уақытын, оның көрсету жолымен іске асады. Мәтін
құрылысы:
а) оқиғаның басталуы
ә) дамуы
б) аяқталуы болып 3-ке бөлінеді.
Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.
Бұл да көркем-әдеби жанрына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкерлердің) іс-әрекеттері, олардың арасындағы диалогтар келтіріледі. Тағы бір негізгі ерекшелігі: - Мүнда ең басты оқиғалар мен фактілерге көңіл бөлінеді. Сондықтанбұл мәтінде зат есімдер мен етістіктер көп кездеседі. Хабарлау мәтінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мыс: кейіпкерлердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, себептік негіздер ой қорытынды пікірлеуге жатады.
2. Сипаттау - затты, қүбылыстарды, адамдарды белгілі бір
мекен-жайды бейнелеп (жазып) шығу. Мүндай мәтін көбінесе
бейнеленетін заттың, қүбылыстың, орынның ең негізгі белгілерін,
19
өзіндік ерекшеліктерін саралайды. Сипаттау мақсатымен жазылған мәтіндерге көбінесе: 1. Алғаш алынған әсері. 2. Сол зат не орынға, құбылысқа бағасы, пікірі байқалады. Сипаттауда көбірек белгіні, сынды аңғартатын сөздер (сын есім, есімше) жиі қолданылады. Сипаттау мәтініне келсек, мұнда кейіпкерлер болмайды. Табиғат көрінісі заттар мен құбылыстарды суреттейді. Заттардың елеулі және елеусіз қасиеттері жайында сөз болады. Сондықтан бұл мәтінде сын есім көп қолданылады.
Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда тіл білімінде: сөз, сөздің тіркесуіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты қүрастырылуына, одан қайырым жасалатынына назар аударылуда. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарым қатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдермен ғана емес, түтас бір пікірді білдіретін, бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі. Мысалы:
Мәтін әр жақты лингвистиканың объектісі болумен қатар, қазіргі кезде оның анықтамасы әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріліп жүр.
Мәтін туарлы оқушыларға түсінік беру ойдың сөйлемге қарағанда күрделі бөлшегін игеруге, ал сай келуі деген ұғымдардан басталады. Мәтін дегеніміз не? Ол синтаксистің қарастыратын мәселесі не? Деген сұрақтар мектеп оқушылары үшін өте қиын да күрделі мәселе. Сондықтан стилистиканы оқытуда, тіл дамытудаосы мәселелердің басын ашып алуға тиістіміз.
20
Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінен жасалады. Оны сөйлем дейміз. Сөйлем синтаксистің қарастыратын объектісі. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни қүрмалас сөйлемнің анықтамасы «екі, я одан да көп сөйлемнен қүралып күрделі ойды білдіреді» деп көрсетеді. Ал бірнеше емес ондаған сөйлемнің беретін мәнін не демекпіз? Лингвистикалық зерттеулерде осы мәселе, әсіресе-, қайырым мәтін деген терминдерге лингвистикалық анықтамалар берілмей жүр. Тек оны көркем шығармаларға байланысты түрліше түсіндіру байқалады. Атап айтқанда, қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтінді сол шығарманың, іс-қағаздың толық жазбаша формасы деп үғынылады. Яғни, мәтін дегеніміз - шығарманың немесе іс-қағаздың мазмұнды бөлшегі екендігі байқалады.
Көркем мәітннің барлық лементтері өзара тығыз байланыста мағыналық бірлікте келеді. Көркем мәтін - бірбүтін қүрылым. Оның архитектоникасын лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде көптеген лингвистикалық әдістерді пайдаланамыз. Мәтіннің барлық деңгейін қамту үшін осы әдістерді өзі азшылық етуі мүмкін. Мәтіннің табиғатын тану үшін оны бөлшектеп шағын лингвистикалық бірліктер деңгейінде қарастыру әдісі тиімді. Мәтін лингвистикасында бұл мәтіннің интерпритациялануы деп аталады. Кез келген мәтін қүрылымына сай, мағыналық және сюжеттік мақсаттарға орай үлкенді-кішілі бөлшектер жиынтығынан қүралады. Бұл қүбылысты мәтін лингвистикасы мәтін сегминтациясы деп түсіндіріледі.
Мәтін бөлшектерінің мәтін түзіміндегі рөлі бірдей дәрежеде болмайды. Осының нәтижесінде осы екі терминнің қиылысынан
21
тағы бір түсінік туындайды. Оны И.В.Арнольд "мәтін иерархиясы" деп атайды.
Мәтін ерекшеліктеріне төмендегідей ерекшеліктер тән болып келеді:
мәтіннің бірбүтіндігі;
мәтіннің байланыстылығы;
мәтіннің бөлектігі;
мәтіннің метареферентілігі.
Осы ерекшеліктердің барлығы мәтіннің семантикалық сипаты ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Қазіргі әлемдік лингвистикада мәтін құрылымдық - мағыналық жағынан бетбұрыс болып келуі, қамтамасыз ететін құралдар бар. Солардың қатарында қайталамалар аталады. Қайталамалрдың мәтін түзу және мәтін дамыту қызметі туралы айтқан кезде, ең алдымен, мәтіннің семантикалық түтастығын ұйымдастыру қызметі ерекше аталады.
Жоғарыдағы белгілерді жеке-жеке талдайық: 1. Мәтіннің біртүтастығы. Мәтіннің семантикалық жағынан бүтіндігі мәтін лингвистикасында жетекші орын алатын мәселенің бірі болып саналады. Мәтіндегі семантикалық түтастық-күрделі категориялардың бірі. Кез-келген мәтін бір бүтін категория болып есептеледі. Олардың бүтіндігі тек қүрылымы жағынан ғана сипатталмайды. Оған мәтін бөлшектерінің, яғни микромәтіндердің бір мағынаға бірігуі де кіреді. Мәтін қүрылымында кейбір микромәтіндер өзіне тән мағыналық дербестікпен дараланады. Бірақ мүны
22
микромәтіннің мағынасы мәтіннің мағына жемісінің бір бөлігін құрайды.
Мәтіннің байланыстылығы. Мәтін бірнеше микромәтіндер
мен микромәтіндердің жиынтығынан құралса да, осы
бірліктердің арасында тығыз байланыс болады. Ол байланыс
түрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сол
байланыстың үлкен бір бөлігін семантикалық байланыс
қүрайды. Микромәтіндердің мазмұндас келуі олардың араға
бірнеше микромәтіндер, тіпті кейде бірнеше микромәтіндер
тастап мағына сабақтастығын жалғастыруы мәтін
байланыстылығының белгісі болып саналады.
Мәтіннің бөлектігі. Мәтін - ең алдымен бір-біріне
үқсамайтын микромәтіндердің жиынтығы. Әрбір микромәтін
мен микромәтінді бөлек-бөлек қүрылымға жатқызуға болады.
Себебі, бұл бірліктердің әрқайсысының басы мен аяғы онда
баяндалатын сюжет жемісі, мәтіндерден басты
айырмашылығының бірі - оның осы ерекшелігінде. Мәтіннің
бөлектігінің бір белгісін микромәтіндердің семантикалық
дербестігі қүрайды. Бір микромәтін - бір мағына, ал бір
микромәтін - бір сюжет. Сюжет жемісі микромәтіндердегі
сюжеттердің жиынтығынан қүралса, соңғысын
микромәтіндердегі мағыналар қүрайды. Алайда олар мәтін
қүрылымында дербестікке ие болады.
Мәтіннің метареференттілігі. Мәтіннің метареференттілігі
деп көркем шығармадағы автор мен оқырманның арақатысы,
оқиғаның болған жері мен уақыты, ол ұғымдардың авторлық
позициясы, автордың сюжет жемісіне көзқарасы саналады.
23
Бұл категориялардың мәтін де айқындалуы да мәтіннің семантикалық құрылыммен тығыз байланысты.
Қайталамалар экспрессивті синтаксистің көркемдегіш құралына жатады. Олардың қатарына қайталамалрдан басқа парцелляциялық құрылымдар, сегменттенген түзілістер, сұрақ-жауап түріндегі құрылымдар және инверсиялы қолданыстар кіреді. Экспрессивті синтаксистің осы құралдарының кеңінен қолданылып, түрлі стильдік және қүрылымдық-стильдік атқаратын ортасы - мәтін.
Қайталау кезінде сөздің мағынасы өзгермейді, тек оның экспрессиясы күшейді. Мәтін семантикалық жағынан екі бағытта қүрылады: тізбекті (цепное) қүрылым және қапталдас (параллельное) қүрылым.
Достарыңызбен бөлісу: |