Диплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»



бет2/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#152490
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Қоршаған орта


Модель бірнеше блоктан тұрады:

1 – блок кәсіпорынның міндетті ресурстарын өзгерту;

2 – блок кірістердегі еңбек-ресурстары материалдық, қаржылық шығындар;

3 – блок шығыстағы ресурстар (өзгертілген) даиын өнім, өндіріс қалдықтары, пайда, ақша қаражаттары;

4 – блок әлеуметтік орта, оңдағы кәсіпорын, мемлекеттік муниципалдық органдардың заңды өзара қимылы;

5 – блок табиғи орта – табиғи ресурстарды пайдалану: қазба байлық, ауа, су т.б.

6 – блок нарықпен байланыс: маркетинг, сонымен бірге бұл блок кірістегі (2 - блок), шығыстағы (3 - блок) блоктармен өзара байланысты;

7 – блок ресурстардың кірістегі және шығыстағы ара қатынасы кәсіпорынның экономикалық жұмысын бағалайды[13. 336б.].

Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауына байланысты кәсіпорын пайда немесе зиян шегетін болады. Кәсіпорынның рентабельді жұмыс істеуі немесе тек қана шығынды жабатын деңгейде істеуі тікелей ресурстарды пайдалануымен нарықтық сұранысы баға деңгейімен байланысты.

Кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігі мынадай көрсеткіштермен анықталады:


  1. Өндірілген өнімнің еңбек сиымдылығы = орташа жұмысшылар саны (еңбек сағаты) / жалпы және таза өнім мөлшері.

  2. Қор қайтарымы = жалпы немесе таза өнім өндірістік қордың орташа жылдық қоры.

  3. Қор сиымдылығы = негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны / жалпы немесе таза өнім.

  4. Материал қайтарымы = жалпы немесе таза өнім көлемі / ағымдағы материалдық шығындар.

  5. Материал сиымдылығы = ағымдағы материалдық шығындар / жалпы немесе таза өнім.

  6. Кәсіпорынның пайдасы = сатылған өнімнен түсім және өнімнің толық өзіндік құнынан айырмасы.

  7. Кәсіпорынның рентабельділік нормасы = Пайда / негізгі қор айналым қоры х 100%.

Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніммен иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады.

Сапа дегеніміз – тұтыну қажеттілігін қанағаттандырудағы өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Қандай да болмасын өнім өзінің қасиеттік жиынтығын құрайды: сенімділік, эстетикалық қасиеттері, қауіпсіздік, экологиялық тазалық. Тұтынушылар сапалы өнім сатып алуға ынталанады, себебі: қажеттілігін толық қанағаттандырады, пайдалану шығындарын азайтады және т.б. Мысал ретінде «Адидас», «Тайота», «Фольксваген» фирмаларының тауарларын алуға болады. Өнімнің сапасы еңбектің, еңбек заттарының, еңбек құралдарының, басқарудың, жалпы өндіріс сферасының сапасының нәтижесі.

Көпшілік экономистердің пікірі бойынша кәсіпорын мына принциптерге сүйеніп, дамуы керек:


  • Сапа кәсіпорының барлық функцияларын қамтитын үздіксіз процесс;

  • Өнімнің сапасын арттыру кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің ынталылығына байланысты;

  • Сапа бұл жаңа техниканы, технологияны қолдану;

  • Сапаны тікелей басқару керек, өндірісті, қаржыны, құрал-жабдықты басқару тәрізді.

Кәсіпорын өз қызметін, міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.

Шын мәнінде кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерләк пайда[14.187б.].

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалса, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.

Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар құрылған, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылған.

Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканы жеке меншік экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой парасатты жұмысқа негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етті.

Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеттілік қаражаты бар топты құру үшін, бірінші білім керек, екінші үкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын іскер азаматтар болуы тиіс.[15.235б.]

Экономиканың қай саласы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызметтер көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Кәсіпорын құрылымы:



  • Негізгі өндіріс

  • Көмекші өндіріс бөлімшесі

  • Қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі

  • Басқарушылық қызмет және бөлімшесі

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:

  • Ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;

  • Белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;

  • Мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;

  • Мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;

  • Кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілік формасына негізделеді;

  • Шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;

  • Оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелер және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі жақсартады.

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшілік, әміршілік-экономикалық жағдайда мына тәсілмен жұмыс істейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет