Диплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»



бет7/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#152490
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халқын жолдауында «…өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік IТ-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.

Үкіметті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет».


Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы басымдықтары тұрғысынан «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасының басты мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметін барынша кеңейту және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада баяндалған жеделдетілген шараларды іске асыру үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 11181,12 млн. теңге, 2006 жылы – 10215,12 млн. теңге, 2007 жылы – 10000,0 млн. теңге бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін аталған бағытта мынадай міндеттерді іске асыру көзделуде:

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;

Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою;

Шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;

Мемлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру;

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде тіршілікке қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құру және қамтамасыз ету;

Инновациялық экономикаға кәсіпкерліктің қатысуы.

Жоғарыда аталған міндеттер мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:

2006 жылы:


  • Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттің және акционерлік компаниялардың бейінді емес функцияларына талдау жүргізу және шағын және орта кәсіпкерлікке беру;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.

2007 жылы:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттің жеке секторымен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық модельін әзірлеу шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестің өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшуді білдіруі қажет. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін мемлекеттің бұдан әрі қолданатын шаралары (нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) осы ұстанымды іске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модель шеңберінде қолданылады.

Экономикалық дамудың қазіргі кезенінде мемлекеттің негізгі ролі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.

Кәсіпкрлікті қолдаудың инфрақұрылымы – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс-тіршілігіне орта мен жағдайжы қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетіктері қалыптасқан.

Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:

Қаржы институттары;

Қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;

Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;

Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;

Халықаралық институттар.

Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрінеді: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның өңірлік бөлімшелері; лизингтік компаниялар; микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының» негізгі мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.

Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар. Қордың несие портфельі өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚҚДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.

Қордың қаражаты шағын кәсіпкерліктің қалыптасу процесінде оң роль атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.

Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аиалған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд.теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласында - 23% келеді. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы Республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Қордың проблемалары: оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.

Микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихын, рентабельді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендету үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын бизнесті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсеңді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық тізілімі мәліметтері бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 жылы 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7% (72 бірлік) құрайды, уақытша бостары – 10,2%(18 бірлік), бір ұйым тарау процесінде, қалғандары қалыптасу сатысында. Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдарының проблемалары – осы уақытқа дейін микрокредит беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микрокредит беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаларды, әлеуетті инвесторлар үшін аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы.

Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсіпкерлік ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.

Қазақстандық Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлі жас. Қазіргі ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың ішінде тіркелген және кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыруда жеткілікті тәжірибе жинақталған жоқ, мемлекеттік органдар үшін де, нысаналы аудиторлар үшін де байсалды әріптестердік имидж құрған жоқ.

Сондықтан үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бір-бірімен байланыссыз әрекет етеді, олардың қызметі бір біріне қайшы келеді. Қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың едәуір бөлігі шетелдік және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшін бәсекелеседі, осыған байланысты олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты проблемалары мен қажеттіліктеріне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзірлейді және іске асырады.

Қазіргі уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғанда мемлекет мүддесінің жүйесіне жалғауға қабілетті барабар үкіметтік емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, ҮЕҰ-ның қызметі қалың бұқарада нақты жобаға бекітусіз және міндеттердің нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелерді шешуге тіреледі, жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әріптес ретінде қарамайды және шешім қабылдаудың нақты прцесіне тартпайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар қызмет етеді. Олардың мүлдем барлығы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша қалыптасу кезенінде.

Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдік жағдайда жекелеген шағын кәсіпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлік және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететін құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың орнықты қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

Негізінен жоғары оқу орындарының базасында немесе ғылыми-зерттеу институтарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерциализациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.

Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық практикасына сәйкес емес: офистік және өндірістік үй-жай ұсынумен заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледі және өзінің нақты міндетін әлсіз орындайды не мүлде орындамайды:



  • бизнес-инкубаторлардың менеджерлері мен ұйымдастырушыларының теориялық және практикалық даярлығының әлсіздігіне;

  • биліктің жергілікті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсіну мен қажетті қолдаудың болмауына;

  • қаржы қаражаты мен ақпараттың болмауына әкеліп соғады.

Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауды қажет етеді.

Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, шағын және орта кәсіпкерлік құрылудың бірінші кезеңінде бірқатар проблемалармен түйіседі, олар: шағын және орта кәсіпкерлікті тіркеу куәлігін қалай алу, қандай салық режимін таңдау, қаржыландыру мәселесі бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезенде негізгі рөл консалтингтік компанияларға берілетін болады. Консалтингтік компаниялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетеді:



  • құқықтық қамтамасыз ету;

  • аудит және бухгалтерия;

  • маркетингтік зерттеулер;

  • бизнес-жоспарлау;

  • салық заңнамасы;

  • кедендік рәсімдер және т.б.

Консалтингтік компаниялардың қызметтері қымбат және әрбір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің оларды пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Консалтингтік қызметтер рыногы тіпті ірі қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңірлерде мүлдем дерлік жоқ.

Бүгінгі күнде қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістік және ақпараттық қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдік халықаралық ұйымдар әрекет етуде. Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдік қорлардың өкілдіктері іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қолдаудың шетелдік институттары арасындағы тиімді кері байланысты қолдайтын бірыңғай орган жоқ. Көптеген шетелдік ұйымдар үшін олардың жұмыстарының басты нәтижесі тапсырыс берушіге бөлінген қаражатты “игеру” нәтижелері туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды(бұл ретте тапсырыс берушіден басқа ешкімге жұмыстардың нәтижелері ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бір жоба оған қатысты іске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдік және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиі іске асырады.

Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі касынан 2002 жылы Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия концультациялық-кеңес орган болып табылады және оның шешімі ұжымдық сипат алады. 2002-2003 жылдары мемлекеттік органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлері және кәсіпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіретін Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесі құрылды. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипат алады.

Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия мен Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесінің негізг міндеттері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негізгі проблема – бұл қатысушылар арасында өзара іс-әрекетті бастайтын және ұйымдастыратын бірыңғай үйлестіруші орган немесе институттың болмауы.

Экономиканы және әкімшілік кедергілерді төрешілдіктен арылту жөніндегі негізгі күш салулар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін, барынша аз реттеуші аясын құруға бағытталатын болады.

Экономиканы бюрократизациясыздандыру саласында. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң жобасында кәсіпкерлік қызметті реттеу, оын мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары, кәсіпкерлік проблемалары жөнінде консультациялық-кеңесші мәселелері, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және жою тетіктері, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде жауапты мемлекеттік органдардың құзіретті және билікті бизнес – қоғамдастықпен өзара іс-әрекеті нақты көрсетілетін болады.

Әкімшілік кедергілерді жою саласында мемлекеттің бюрократиялық жүйесінің негізін рұқсат беру жүйесі құрайды. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет түрлерін мемлекеттік реттеудің рұқсат беру жүйесін нақты регламенттеу үшін:

Мемлекеттік монополия терминін айқындау;

«Лицензия туралы» жаңа заң әзірленіп, лицензияланатын қызмет тізімін ұсыну;

лицензиялық тәртіптің қажетті қол жетімділігн қамтамасыз ету;

олардың үнемділігін қамтамасыз ететін біліктілік таалптарын жеңілдету.

Сертификаттау саласында қауіпсіздіктердің көрсеткіштері тұрғысына ғана өнімнің, жұмыстардың(процестердің) және қызметтердің Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ережесі бойынша халықаралық заңнама негізінде сертификаттау процессі жүзеге асырылатын болады.

Аккредиттеу саласында рәсімді тек ерікті сипатта және оны мемлекеттік емес, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады, ал оның бөлігі лицензиялау санатына беріледі.

Мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік кедергілерді алып тастау үшін сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) жеткізуге кәсіпкерлік субъектілерін барынша тарту жұмысы жалғастырылады.

Кәсіпкерлік қызметіне еркіндік құқығының кепілділігін іске асыру мемлекеттен ғана емес, кәсіпкерлердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де байланысты. Әрбір іскер қазақстандық ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға ұмтылуда.

2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегияны тиімді іске асыру және оған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көбірек қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды іске асырудың алғы шарты негізінен отандық және шетелдік ғылым әлеуетін пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім құруды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі жаңа инновациялық жүйе болады.

Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуетті дамытады, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берілетін гранттар түрлерін кеңейту және венчурлық қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының элементтерін және т етіктерін дамытуда.

Технологиялық бизнес-инкубаторларды – технологиялық инновацияларды құратын және іске асыратын және оларға консалтингтік, заңгерлік, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететін арнаулы пысықталған жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгілі бір мерзімге орналастыратын құрылымдар құрылуда.

Коммерциялық тиім жағынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа иехнологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулік және тәжірибелі конструкторлық әзірлемелердің гранттарын беру жүйесін қайта қаралуда:



  • шағын гранттар – ғылыми зерттеулік және тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді өткізу үшін 7,2 млн. тенгеден кем емес сомаға тартылатын;

  • жоба алдыңдағы гранттар құжаттардың толық пакетін дайындау үшін (ТЭН, бизнес-жоспар т.б.) 650 мың теңгеден кем емес;

  • үлкен гранттар – зерттеулерді аяқтау және пайдалы модельге немесе ойлап шығаруға жеткізу үшін 33млн.теңгеден кем емес;

  • патенттеу үшін гранттар – шетелдегі патентті рәсімдеу үшін 13,2 млн.теңгеден кем емес.

2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі Бағдарлама шеңберінде ұлттық технологиялық парктерді, ақпараттық аймақтарды, ядролық технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін, мұнай-химиялық технопаркті құру көзделуде.

Қорытынды


Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ».[40.4б.]

Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резертері баршылық.

Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.

Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 70 пайыздан астамы шығарылады.

Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындары тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.

2005 жылғы қаңтардың басында 208,4 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бұл 2004 жылғы сәйкес күнге қарағанда 13,5пайызға көп. Республикадағы шағын кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7 пайызға ұлғайып, 524,6 мың адамға жеткен. 2005 жылғы қаңтарда өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағы деңгейден 11,9 пайызға артық.

Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласында бірқатар түбейгелі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.

Қ.Р. Президентінің және Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті-заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар әйгілі ғалым-экономистердің зерттеулерінің негізінде диплом жұмысында келесі қорытындыларды тұжырымдадық:



  1. Кәсіпкерліктің теориялық негізіндерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстарын тектілік түсініктері дәлелденді. Ғалым-экономисттердің еңбектерін жалпылау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды.

  2. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.

  3. Кәсіпкерліктің бір түрі – қаржылық кәсіпкерліктің бөлімі сақтандыру қызметі. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары. Нарықтағы сақтандыру компанияларының орнын бағаланылды. Сақтандыру нарығынын дамуына әсер ететін факторлардың мәні ашылды.

  4. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының кәсіпкерлік орны мен баму бағыты айқындалды. Сақтандыру қызметінің түрлері, топтары, класстарының жіктелімі берілді.

  5. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі, мемлекеттік қолдау, салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру, несие ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету, нормативті құқықтық базаны жетілдіру кәсіпкерлерге көмек беру немесе жеңілдіктер тағайындау мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаларының тиімділігі айқындалды.

Осы экономикалық қызмет формасымен айналысуды ұйғарған кәсіпкерлік функцияларды орындауға әркімнің кәсіпқой біліктілігі керек, ал оған алдағы практикадан жинақталған барлық мәліметтерді тиімді игеру, яғни тек қана білім, теориялық дайындық арқылы жетуге болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Егемен Қазақстан. 2 наурыз 2006жыл 4-бет;

2. Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М.1992год 245с.

3. Найт Ф. Риск, неопределенность и прибыль Thesis. –1994 год –Выпуск 5.-214с.

4. Кирцнер И. Конкуренция и предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-494с.

5. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология экономической классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с.

6. David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van Nostranal. 1961).

7. Макконел К., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Таллин, 1995год-Т 1.-538с.

8. Колесникова Л.А. Формирование государственной системы развития предпринимательства в переходной эконоки (вопросы теории, метологии и практики): докторская диссертация. М, 2001год- 294с.

9. Демин А.И. Информационная модель экономики. Макромедель. М., 1996год-348 с.

10. Кошанов Е. Инновация и рыночная экономика Каржы-Каражат.1999 год-№5.-66 с.

11. Кабалина В. Инновация на постсоветских промышленных предприятиях Вопросы экономики. 2001 год.-№7.19-22с.

12.Қазақстан Республикасының заңы «Инновациялық қызмет туралы » Заң газеті. 2002 жыл №30, 31- шілде 4-бет.

13. Блинов А.О. Малое Предпринимательство: организационные и правовые основы деятельности. М.: Ось –89, 1998 год-336с.

14. Чепуренко А.Ю. Предпринимательский класс в возрождающийся в России.- М.: Мир России, 1993. –478 с.

15. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүсінов Б.А, Байжамартов Ү.С, Комягин Б.И «Жалпы экономикалық теория » Ақтөбе –2004 жыл, 145-бет.

16. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл

17. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл.

18. Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл.

19. Дауранов И., Курбанова Г., Рудецких А., Шишкина А. Малый бизнес Казахстана: тенденции и проблемы развития. Алматы: РГП «Институт экономичских исследований», 2002 год 167с.

20. Малый бизнес в России: Аналитическое пособие. М.: КОНСЭКО, 1998год -223с.

21. Скрополис Николас К. Управление малым бизнесом. Пер. с анг.-М.: Дело, 1997год -440с.

22. Мейірбеков. «Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері ». «Ә.ғ.к» ғылымт дәрежесін алу үшін ұсынған кандидаттық дисертациясы. Алматы 2002 жыл.

23. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005- 2007 жылдары арналған бағдарламасы. Юрист – ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2006 жыл 39-бет.

24. Матхов Т.В. «Страховые компании не институцианальные инвесторы на рынке капилов ». Страховое дело, сентябрь 2005год. 9с.

25. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126 II Заңы. Юрист – ақпараттық-құқықтық жүйесі. 2006 жыл, 4-бет.

26. «Этапы капитализации страховых органов», Рынок страхования, март 2006год.

27. «Развитие страхового рынка Казахстана», Рынок страхования, январь 2006год.

28. Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы (2006 жылғы 1 қантар) Интернет сайты:www.afn.kz

29. «Қазақшетсақтандыру» компаниясы туралы қысқаша мағлұматтар. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz

30. «Қазақшетсақтандыру» компаниясының 2005 жылға арналған бизнес-жоспары. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz

31. «Қазақшетсақтандыру» компаниясының 2006 жылға арналған бизнес-жоспары. Интернет сайты: office@halyk-kis.kz

32. Мухаметханов Б. Основной движущей силой пеемен в Казахстане, как и во всех государствах с переходной экономикой может стать только собственник. Панорама- 1995. №38. 30. 09. – 7с.

33. Приватизация и развитие новых форм хозяйствования Казахстан:1991-2001 годы. Информационно – аналитический сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2002- 170-174с.

34. Назарбаев Н.А. Все наши усилия направлены на повышение блогасостояния народа// Мысль.- 2002. №9 – 3с.

35. Афанасьев В. Анатомия малого бизнеса. Россиская экономика.- 1994 год №2 – 56с.

36. Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А., Бикетова Е.Б., Асангалиева Р., Абдуллина З.Г., Даирова Р. Предпринемательство В Республике Казахстан. Алматы, Экономика, 1999год-102с.

37. Дауранов И. «Государственная поддержке малого и среднего бизнеса в современных условиях». Вестник предпринимателя № 2-3, 2005год- 20с.

38. Токсанова А. Развитие систем управления малым бизнесом в Республике Казахстан: Докторская диссертация. Кокшетау, 2000 год – 268с.

39. Какимжанов З. Поддержка малого бизнеса – приоритетная сфера государственной политики. Малый и средний бизнес Казахстана № 1. 2002 год – 22с.

40. «Қазақстан –көшірмесіз реформалар» 4.7.2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы «Ресей бизнес-газетінде» 2003жылғы 10 маусым

41. Аташева Д.О. «Шағын кәсіпкерлік: тәжірибесі, өзекті мәселелері және дамуын кешенді бағалау» диссертация. Тараз 2004жыл. 102-бет.

Қосымша А

«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер», «кәсіпкерлік пайда немесе табыс» терминдерінің эволюциясы.


Ілімдер,мектептер, бағыттар жүйесі

Жариялану жылы

Экономикалық бағыттар, мектептер, теориялардың негізін қалаулар

Экономикалық көзқарастар, бағыттар, мектептер, теориялардың негізгі қағмдалары

1

2

3

4

Классикалық саяси экономия. Меркантилизм саудагер, көпес –кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдамалары )

1615

Антуан де Монкретьен (Montchr, etien A de.)

-көпес- кәсіпкердің сауда қызметі- бұл елге байлықты тартатын насос;

-кәсіпкелік қызметтен алатын пайда пайда- бұл сыртқы саудадан түсетін ақшалай формадағы жиналымы немесе бағалы метелдар мен тастарды шығару



-

1669-1683

Ж.Б.Кольбер (Сolber J.B.)

-кәсіпкер- әнеркәсіпші функциялары өз кәсіпорына салымдарды ұлғайтудан, жаңа технологияны және техникалық құралдарды қолданудан, өндірісті ұлғайтудан және өнім сапасын жақсартудан, бағаларды төмендетуден, өткізу нарықтпрын кеңейтуден тұрады. Өнеркәсіптік тауарларды импорттау нәтижесінде ел байлығының жинақталуы қамтамасыз етіледі.




1725

Ричард Кантильон (Cantillon R)

-кәсіпкер түсінігін алғашқы болып енгізді (француз тілінен аудармасы «делдал»); -кәсіпкерлер –бұл кәпестер, қолөнершілер, фермерлер, қарақшылар;

-кәсіпкерлік табыс өнім бағаларының арасындағы айырмашылық пен

анықталады: арзан бағамен сатып алу және едәуір жоғары бағамен қайта сату;

-кәсіпкер қауіп жағдайларының әрекет етеді, өйкені ол алдын –ала өзінің болашақ табысын білмейді;

-кәсәпкер істегі капиталдыдың меншік иесі болыу міндетті емес


Классикалық саяси экономия. Физиократизм (табиғатты басқару)

1756

Франсуа Кенэ (Quesnay F.)

-кәсіпкер – бұл жер иесі, сауда және өнеркәсіптің негізгі қозғаушы күші бола отыр, өз еңбегімен мемлекттің ілгері дамуына ықпал етеді;

-кәсіпкер өндірісті ұйымдастыру үшін белгілі экономикалық ресуртарға ие болуы керек, жаңа әдістерді енгізу мен өз өнімі үшін өткізу нарықтарын іздестіруі қажет;

-жер және оған салынған жер иелерінің еңбегі таза өнім көздері (қазіргі тұсітінікте ұлттық табыс ) болып табылады





1766

Анн Робер Тюрго (Turgot A.R.J)

-кәсіпкер (капиталист)- қоғамды өзінің даму жолында алға қарай жылжыту үшін барлық қалған азаматтарға аванстар беретін, капиталды және сәйкес ақпараты бар адам;

  • таза өзім тек жай табиғат сыйлығы емес, ол жер иесімен меншіктелген, егін шаруашылығындағы жұмыскердің өнімді еңбегінің нәтижесі;

пайда, кәсіпкер – капиталис-пеналынатын табыстың дербес түрі ретінде таза өнімнің бөлігі болып табылыды




1767

Николас Бауде

-кәсіпкер –жаңалықтарға, инновациялық менеджментке бейімді адам;

-кәсіпкер түбінде меншік иесінен ерекшеленеді.

Меншік иесінің капиталы бар, ал кәсіпкер, капиталды меншікті иесінен қарызға алып, өз қаупі мен тәукеліне бел буып өндірістік процесті ұйымдастыруға болады





1797

Карно Бодо

-кәсіпкер кәсіпкелік іске жеке жауапкершілік алады;

-оның белгілі ой өрісі бар; өз кәсіпорының қызметін іскерлікпен ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды



Экономикалық жүйе

1776

Адам Смит

-капиталист, жер иесі- бұл еңбек бөлінісінің артықшылықта-рын ұтымды пайдаланатын, өндірісті жоспарлайтын, ұйымдастыра-тын кәсіпкерлер

(меншік иелері) және «елеусіз қол » олардың еркіне және ойына тәуелсіз ең жақсы нәтижелерге бағыттайды;

-капиталистің кәсіпкерлік табысы- бұл материалдарды және төленген жалайқыны шегергендегі жұмысшылар- мен құрылған құнның бөлігі;

-жер иесінің кәсіпкерлік табысы –бұл өндірілген өнімнен жұмысшылар еңбегін шегерумен анықталатын рента






1803,1823

Жан Батист Сэй

-кәсіпкер тәуекел мен белгісіздік жағдайларында жұмыс істейді және капиталиспен түбейгулі ерекшеленеді;

-кәсңпкерлердің негізгі функциясы –бұл үш факторды еңбек, капитал және жерді дұрыс үйлетіру. Егер факторлардың белгілі кобинациясы кәсіпкерге табылса аз, әкелсе, онда ол факторларды жаңа комбинацияда нарықтық кеңістіктің едәуір табысы сегменттеріне ауыстырады;

-өз еңбегіне сұранымды қамтамасыз етуде оның моральдык және кәсіби қасиеттерінің белгілі жинағы бар;

-кәсіпкер табысы капитал табысынан өзгешеленеді.

Кәсіпкер табысы жалақыны, капитал табысын (егер ол онда болса ) және тәуекелділік ұшін қосымша төлемдерді қамтиды


Неокклассака-лық теория (маржинализм)

1826

Иоган Генрих Тюнен

-кәсіпкерлік тәуекелділік ауыртпалығы көтеру фынкцияласы болып табылады, және де тәуекелділік болжанбайды, оған сақтануға болмайды;

-кәсіпкер пайдасы, жалпы пайдадан инвестициялан- ған капитал пайызын, басқару төлемі мен сақтандыру жарнасын шегергенде, алынатын қалдық табыс ретінде анықталады



Неоклассика-лық теория (австриялық мекиеп )

1871

Карл Менгер

-тәукелдер кәсіпкер жұмысында сирек құбылыс, бірақ егер олар болсада, оның қызметінде үлкен роль атқармайды;

-шешімдерді қабылдау үшін кәсіпкер ақараттарды жинауы тиіс, өндіретің тиімді вариантын таңдау мақсатымен сәйкес есепиеулер жұргізуі; кәсіорын мақсаттарына ең көп жауап беретін өнімді таңдау және өндірістік процестің жүргізілүін ұтымды басқару керек.



Экономикалық жүйе

1890

Альфред Маршалл

-кәсіпкерлік –бұл жекелеген кәсіпорындар шеңберінде алынған өндіріс факторларының комбинациясы;

-кәсіпкер тәуекелділікті және бизнестің табысты болуы ұшін жауапкершілікті алуымен менеджерден ерекшеленеді;

-кәсіпкер –бұл жаңа өнім мен қызметтерді өндірумен айналысатын, өндірістің жаңа тәсілдерін енгізетін, өткізудің жаңа нарықтары мен шикізаттың көздерін игеруші, қоғамның салалық құрылымын өзгертуші жаңашыл;

-капиталлистер (фабрикант –саудагерлер ), «индустрия капитандары», «директорлар», негіз салушылар (делдеалдар ) кәсіпкерлер болаалады. Капитал иесі әлі кәсіпкер емес;

-капиталистер өз жұмысын саалы орындауға ұмтылады, оларға кәсіби жаукершілік, «жаңа жеңістер», «творчество-лық қуаныш» тілегі тән, сыртқы ортадағы кедергілерді үнемі жеңеді;

-кәсіпкер үшін өндіріс табыстарының өсуімен немесе шығындардың төмендеуімен байланысты, кәсіпкерлік табыс стимул болып табылады.



Кейнсиаство

1936

Джон Мейнард Кейнс

-кәсіпкерлік белгілі мемлекеттік шаралармен реттелуі керек;

-кәсіпкелік тәуекелділік, өзіне сенімділік, оптимизм, жарқындық сияқты дербес сипаттамалар-дың болуымен байланысты;

-кәсіпкер –бұл шаруа адамының әлеуметтік- психологиялық типі, табысты екі бөлікке: тұтыну және жинақтауға дұрыс жатқызу қабілеті соншалықты тән;

-кәсіпкердің негізгі мінездемелері: сақтық, үнемшілдік, жақсыға ұмтылу, тәуелсіздік, іскерлік, тәкапарлық, сарандық



Неолиберализм

1921

Френк Хайнеман Найт

-кәсіпкерлік қауіп және белгісіздік ауыртпалығы-мен, өндірістің негізгі өлшемдерін анықтаумен және кәсіпкерлік пайданы алу мақсатындағы айырбаспен байланысты;

-кәсіпкерлік пайда – бұл күткен және жүзеге асырылған түсімдер арасындағы қарастырылма-ған айырмашылық;

-кәсіпкердің ерекше дербес қасиеттері, сонның ішінде сенуі болуы тиіс.





1961

Давид Макклеланд

-кәсіпкер пайдаға арқа сүйеуі, қоршаған ортадағы болашақ өзгерістерді көре білуі тиіс,жігерлі, қабылданған шешімдердің салдарына жауап бере алатындай болуы керек.




1964

Питер Друкер

-кәсіпкерлік -бұл жаңалық;

-кәсіпкер – бұл жаңалықтарды максималды пайдасымен қолданатын адам;

-кәсіпкер фунциясы бизнесті дамытудың қолайлы мүмкіндіктерін іздестіруден тұрады





1967

Фридрик фон Хайек

-кәсіпкелік екі ережеге негізделген: бөтен меншікті иеленуден бас тарту және өзіне алынған міндеттемелерді орындау;

-кәсіпкер –алда, батыл, «ережеле бойынша» бәсекелестік күресті жүргізетін адам






1975

И.Кирцнер

-кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайыда, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді;

-кәсіпкердің пайданы алудағы пайда болған мүмкіндіктерге жоғары сезімталдығы бар;

-кәсіпкер–алыпсатарлық келісімдермен айналысатын адам,өнімді өндіруші және арзан өзіңді игеру жағдайында өнімді тұтынушы;

-кәсіпкерлік функция тауарларды арзан бағамен сатып алып және едәуір жоғары бағамен сату айырмасына,қолданылған ресурстар және дайын өнім бағаларының айырмасына негізделген






1990

К..Макконелл С.Брю

-кәсіпкер-бұлкәсіпорында жаңа өңімді немесе қызметті өндіруді ұйыдастыруға, жаңа технологиялардың және өндірісті ұйымдастыру-дың жаңа формалары еңгізуге ұмтылатын, өз капиталы мен немесе акционерлер капиталымен, уақытпен, беделімен әр қашан тәуекелділікке бел буатын жаңашыл




1997

Л. А.Колесникова

-кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайында, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраныс мен ұсынымы сәйкессіздігімен қамтылған, әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді. Бұл процесс олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің кешенің қанағаттандырудағы кәсіпорынның негізін салушылар мен жетекшілерінің мүмкіндіктерін максимализациялауға жету мақсатында оларды қалыптастыру-дың микро және макро ортасымен жеке және ұжымдық әрекетесуде жүзеге асырылады.

Қосымша Ә





Алдыңғы қатарлы сақтандыру компаниялар «бестігінің» өтімді активтер динамикасы.

(млн. тенге)




Қосымша Б



ҚР-дағы сақтандыру нарығындағы сыйақы жинау динамикасы (млрд. тенге)




Қ


ҚР-дағы сақтандыру нарығындағы сақтандыру кластарының даму динамикасы

(млрд. тенге)
осымша В

Қосымша Г




Алдыңғы қатарлы сақтандыру компанияларының рейтингі (01.10.2005ж)

(мын.тенге)




*




63%

Қосымша Д




*


Қосымша Е


Қазақшетсақтандырудың сақтандыру түрлері бойынша резервтері

(мың теңге)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет