Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика» факультеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары».
501топ студенті
күндізгі бөлім
«Экономикалық теория» мамандығы Қызырбек Д.Қ.
Ғылыми жетекшісі:
э.ғ.к., доцент
_______________ Доскалиева В.К.
Рецензент:
э.ғ.к., доцент
________________ Дуламбаева Р.Т.
Жұмыс қорғауға жіберілді:
«____»_______________ 2006жыл
Кафедра меңгерушісі
Э.ғ.д., профессор
________________ Пасеченко П.С.
Алматы 2006
ЖОСПАР:
Кіріспе………………………………………………………………………….. .. 3
1. Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
-
Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы…………… 5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері……………………………. 19
2. Кәсіпкерлік – нарық қатынастарының негізі
2.1 Кәсіпкерліктің қызмет атқару жағдайлары, олардың ұйымдастыру – экономикалық формалары………..…………………………………………. 23
2.2 Сақтандыру қызметі – кәсіпкерліктің түрі ретінде……………………….. 28
2.3 Қазақстанның сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру»
Сақтандыру компаниясының кәсіпкерлік орны және оның дамубағыты… 38
3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және
болашағы
-
Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік аренадағы
оның даму деңгейі…………………………………………………………… 46
-
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің проблемалары және
кәсіпкерліктің дамуы………….…………………………………………….. 55
3.3 Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі……………………. 60
Қорытынды………………………………………………………………………. 71
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………… 73
Қосымша…………………………………………………………………………... 76
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»[1, 4б.].
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің, барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске араласады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарықтық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең сонында көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса, болашақта өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Бұл жұмыста халық шаруашылығының негізгі буыны кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады. Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы негізінде, жаңадан пайда болып жатқан әр түрлі меншік формалары мен нарық жағдайына, өндірістің әлеуметтік- экономикалық проблемаларына сүйенеді. Осыған байланысты тақырыптың мақсаты:
-
Кәсіпкерлік, оның қалыптасуы, мәні, мазмұны және түрлері;
-
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық негізін зерттеу;
-
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру – экономикалық формалары;
-
ҚР-дағы халық шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және даму процестері;
-
Сақтандыру – кәсіпкерлік қызметтің түрін айқындау;
-
Қазақстан Республикасының сақтандыу нарығының даму тенденциялары;
-
Кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін қорыту;
-
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары болып табылады.
-
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.
Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нактылау қажет ашып және айқындалған орынды.
Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
-
Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
-
Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
-
өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;
-
меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
-
өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
-
нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары.
Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің өнімі болып табылады.
«Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» эволюциясының барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік тұғызады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік пайда (табыс)» терминдерінің эволюциясын қарастыруға талпынайық (Қосымша А).
Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.
Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы – табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс.
Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді.
Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет.[2. 245б.] Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен толықтырылды [3. 214б]. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді. Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін, инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады [4. 485б].
Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, «кәсіпкер»(enterpmeneur) категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді:
-
кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;
-
кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;
-
кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
-
кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке; т.б.
-
кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
-
кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;
-
кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.
Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Ол:
-
сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
-
өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;
-
бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;
-
өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;
-
берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;
-
халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті [5. 465б.].
«Кәсіпкер» түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, «кәсіпкерлік» анықтамасын нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып, сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі. Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын инновациялық процесс.
Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет. Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды[6. 258б.]. Басқа ғалымдар иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт белгісін «ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына көмектесудің» факторы ретінде кең түрде қарастырады [7.538б.]. Осының нәтижесінде нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет:
«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы».
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде[8. 294б.].
Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:
-
Қазақстанның азаматтары;
-
Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
-
Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсеңділігі және іскерлігі. Белсеңділік және іскерлік – адамның адамның еркін өмір сүру түрі. Белсеңділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсеңді,іскер болар екен? Өздерініз ойланызшы: холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсеңділік өте азғантай энергетикалық шығыннан шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін бару мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсеңділік (ішкі себептермен пайда болған, сартқы әсерлерден болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсеңділік (қайғы-қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсеңділік. Адамдардың белсеңділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, аудандық т.б. болып бөлінеді.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы,1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.[9.348б.]
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Барлық күш қуатын жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін экономикалық қызметі. Ал кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.[10.66б.]
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
-
Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнасы;
-
Өнім, қызметкерден түскен түсіммен пайда;
-
Құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
-
Инвестиция және бюджеттік дотация;
-
Қайырымдылық жарнама;
-
Мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
-
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
-
Мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу:
Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлуеметтік-экономикалық рольі өзгереді: негізгі талап – пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту; банкроттықты болдырмау т.б.
Өндіріс процесіндегі басты элемент таңдап алынған технология варианты. Тек қана таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология ресурстардың құрылуын айқындайды. Таңдап алынған технология екі көрсеткішпен: өндірілетін өнім бағасымен және оның сапасымен тығыз байланысты.
Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты. Кәсіпорыннан басты мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім қызмет бәсекелестікте жеңілдетіп, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе, ол банкрот болуы мүмкін. Таза пайда формуласы. Таза пайда = жалпы түсім алу өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары.
Ал жалпы түсім: W=∑NiCi
i=1
Ni - өндірілген өнім саны;
Ci - өнімнің бағасы;
n – тауар түрлерінің саны;
i - нақты тауар түрі;
Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді еркін қолдануы керек: а) баға тағайындау; б) шығындарды жасақтау; в) өнім көлемін анықтау; г) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау[11.22б.].
Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса (несостоятельный), яғни несие төмендерді қайыра алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынадай қолдану мүмкін: қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын бақылаумен немесе арбитраж сотының қаулысымен шешім қабылданады; бейбіт келісім – несие беруші мен беріжақтық арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды. Бережақ кәсіпорынның мүмкін болуы мынадай кезекпен жасалады:
-
Арбитражға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
-
Азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін берешек;
-
Жұмысшыларға еңбек ақы;
-
Бюджетке немесе бюджет сыртындағы төлемдер;
-
Кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
-
Басқа меншіктілерге;
-
Басқа қалған талаптарға төлем төлеу.
Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек деген сұраққа жауап беріп көрейік. Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау. Кәсіпкердің басты мақсаты жұмсаған қаржысына қосымша өнім алу. Саяси экономикада бізге таныс формула: өндіріс құралдары
Ақша –Тауар , … Ө …Т1 …А1
Ақша – бастапқы авансталған қаржы;
Тауар – оған сатып алынған өндіріс құралдары, жұмыс күші;
Ө - өндіріс процесі;
А1 – жаңа тауарларды сатқаннан түскен ақша. Ол:
А1 =А + ▲а,
▲а – қосымша құн, жұмыс күшін қанағаннан түскен құн.
Ол социализмге қоғам пайдасына, ал капитализмде – меншік иелеріне тиеді. Біріне бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі жейді, екіншісі желінеді. Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны ауыспалы капиталдан.
V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V – ауыспалы капитал. Жұмыс күшінің құны (қажетті уақыт), m – қосымша құн, жұмыс күшінің қосымша уақыт ішінде қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс құны қажетті уақыт, қосымша болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада қосымша құн пайыз, өсім кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді[12.89б.]. Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар:
-
Еңбек өнімділігін өсіру;
-
Прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу;
-
Өндірістік шығындарды азайту;
-
Өндірістік қатынастар жүйесі;
-
Қосымша өсімнің өсуі;
-
Нарық бағасының қолайлы ауытқуы.
Кәсіпкердің жұмысының нәтижесін рентабельділік деңгейі арқылы бағалауға болады. Пайданы бөлу. Бірінші қор жинау. Қор жиналып, өндірісті ұдайы ұлғалмалы өндірістік жағдайға келтіру керек (C+V+m). Тек жай ұдайы өндіріс, ол тек қана шығындарды жабады, пайда болмайды (C+V). Ал егер зиянмен аяқталса, онда (C±V), яғни еңбек ақы да түгел төленбейді. Екінші қор жинау бөлігі резерв қорына жинақталады.
Сурет – 1.
Кәсіпорынның нарықты модельі:
4 - блок
Әлеуметтік орта
7 - блок
Кәсіпорын экономикасы
6 – блок 1 –блок 6 - блок
Маркетинг кірістегі
Кәсіпорын ресурстарын өзгерту
Маркетинг шығыстары
2 – блок 3 – блок
Ресурс Ресурс
шығындары нәтижелері
5 - блок
Достарыңызбен бөлісу: |