2005 жылғы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 27 145,0 млн.теңгеге ұлғайды және 2004 жылғы жиналған көлемнен 67,9%- ке көп болып , 67 123,1млн . теңге болды .
Кесте - 9
Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі
млн . теңге
Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі
|
01.01.2005.
|
01.01.2006.
|
1.01.2005 ж .
салыстыр-ғы
өзгеріс, %-пен
|
Сомасы
|
%
|
Барлығы , оның ішінде мыналар бойынша :
|
39 978,1
|
67 123,1
|
100,0
|
67,9
|
Міндетті сақтандыру
|
4 446,2
|
12 950,9
|
19,3
|
2,9 есе
|
Ерікті жеке сақтандыру
|
4 546,3
|
7 831,0
|
11,7
|
72,2
|
Ерікті мүліктік сақтандыру
|
30 985,6
|
46 341,1
|
69,0
|
49,6
|
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
Кестені қарағанда 2006 жылғы 1 қаңтарда міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 2,9 %-ке өскені көрінеді . Ерікті жеке сақтандыру бойынша ұлғаю - 72,2%-ті , ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 49,6%-ті құрады.
Кесте – 10
Түскен сақтандыру сыйақыларының құрылымы
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
2005 жылғы сақтандыру сыныптары жөнінде келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының құрылымына қатысты мынаны айта кетуге болады:
міндетті сақтандырудағы - сақтандыру сыйлықақылары түсімінің - 46,5%-і (6025,2 млн. теңге) еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердің өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушінің азаматтық–құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру жөніндегі түсімге келсе, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша түсім 37,4% (4 838,5 млн.теңге) болып келсе, өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша – 7,1% (918,7 млн.теңге), қызметі үшінші тұлғаларға зиян кетіру қаупімен байланысты объект иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша 5,4 % (695,8 млн. теңге)болды.
ерікті жеке сақтандырудағы - сақтандыру сыйлықақылары түсімінің - 47,4%-і(3 711,0 млн.теңге ) жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру жөнінде түскен түсімге келсе, 33,2%-і (2 602,4 млн.теңге) медициналық сақтандыру бойынша ,17,8%-і (1 391,3 млн.теңге ) өмірді сақтандыру бойынша болып келеді.
ерікті мүліктік сақтандырудағы - сақтандыру сыйлықақылары түсімінің -33,3%-і (15 440,0 млн. теңге) мүлікті сақтандыру бойынша түскен түсімге, зиян келтіргені үшін азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша – 23,2%-і(10 761,0 млн.теңге), шарт бойынша азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөнінде 13,6%-і (6 314,3 млн. теңге), ал жүктерді сақтандыру бойынша - 9,5% (4 406,5млн.теңге) және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша 9,4% (4 373,9 млн.теңге)болып келеді. (Қосымша В)
Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады :
Кесте - 11
Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуі
млн . теңге
Сақтандыру салалары бойынша
Сақтандыру сыйлықақыларының
түсуі
|
1.01.2005.
|
1.01.2006.
|
1.01.2005ж .
салыстыр-ғы
өзгеріс, %-пен
|
Сомасы
|
%
|
Сомасы
|
%
|
Сақтандыру салалары бойынша
Барлығы
|
39 978,1
|
100
|
67 123,1
|
100,0
|
67,9
|
Өмірді сақтандыру
|
661,9
|
1,7
|
1 432,5
|
2,1
|
116,4
|
Жалпы сақтандыру
|
39 316,2
|
98,3
|
65 690,6
|
97,9
|
67,1
|
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 38б.
2005 жылғы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1432,5 млн.теңге болды, бұл 2004 жылға қарағанда 116,4%-ке көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сыйлықақылардағы үлесі есепті күні 2005 жылғы 1 қаңтардағы 1,7%-ке қарсы 2,1% болды.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2005 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 65 690,6 млн.теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 67,1%-ке артық. "Жалпы сақтандыру " саласында негізгі үлес алатын сақтандыру сыныптары арасында мынадай сыныптарды айтуға болады :
"мүлікті сақтандыру " сыныбы – 23,5% (15 440,0 млн. теңге);
"зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру " сыныбы–16,4 % (10 761,0 млн. теңге);
“шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру ” сыныбы -9,6% (6 314,3 млн. теңге);
“еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердің өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушінің азаматтық–құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру» сыныпы-9,2% (6 025,2 млн. теңге);
“көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру "сыныбы – 7,4% (4 838,5 млн. теңге).
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен есепті күндермен
салыстырғанда үлесіне сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша 52,7% келетін негізгі 5 сақтандыру компаниялары -көшбасшыларының арасында бірқатар өзгерістер байқалды. Олардың ішінде:
"Еуразия " СК ” АҚ -ы -17,2%;
“Казахинстрах ” КИС ” АҚ ” –.10,7%;
"Алматы халықаралық сақтандыру тобы ”- СК ” ААҚ – 8,8%;
“Казкоммерц -Полис “ СК ” АҚ - 8,2%;
“AТФ полис ” СК “ АҚ –7,8%.
ҚР резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру компанияларының 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 18,5% (12 420,4 млн. теңге) болып отыр. (Қосымша Г)
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 26 652,5млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 39,7 %-і болды.Бұл ретте резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының
жиынтық көлемінің 35,2%-і берілді .
Кесте - 12
млн . теңге
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары
|
1.01.2005
|
1.01.2006
|
Сомасы
|
Жиынтық
Сыйақы-дағы
Үлесі, %-пен
|
Сомасы
|
Жиынтық
Сыйақы- дағы үлесі, %-пен
|
Қайта сақтандыруға берілген барлығы , оның
Ішінде
|
18 724,0
|
46,8
|
26 652,5
|
39,7
|
Резидент еместерге
|
17 118,7
|
42,8
|
23 629,8
|
35,2
|
Резиденттерге
|
1 605,3
|
4,0
|
3 022,7
|
4,5
|
Қайнар көзі: Қ.Р.-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. «Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы» (2006 жыл 1 қаңтар) 37б.
01.01.2006 ж. қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының құрылымы:Швеция - 14,2%; Ұлыбритания - 14,2%; Ресей Федерациясы - 20,3%; басқа елдер - 8,7%; Бермуда аралдары - 2,9%; Франция - 3,9%; Германия - 4,4%; Швейцария - 6,4%; Қазақстан - 11,3%; Америка Құрама Штаттары - 13,7%.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгі үлесті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар - 93,2% құрады. Міндетті сақтандыру бойынша -5,9%, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 0,9% болды.
2005 жылы жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59,7%-ке арта отырып, 10 769,8 млн.теңге болды. Сонымен бірге, қайта сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру жөніндегі өтемақы есебінен сақтандыру төлемдерінің үлесі 21,5% (2 315, 9 млн. теңге) болып отыр.
Кесте – 13
Сақтандыру төлемдері
млн. теңге
Сақтандыру төлемдері
|
1.01.2005.
|
1.01.2006.
|
1.01.2005ж.
салыс-дағы
өзгеріс, %-пен
|
Сомасы
|
%
|
Барлығы, оның ішінде мыналар бойынша:
|
6 742,5
|
10 769,8
|
100,0
|
59,7
|
Міндетті сақтандыру
|
2 839,1
|
3 328,0
|
30,9
|
17,2
|
Ерікті жеке сақтандыру
|
1 265,5
|
1 677,8
|
15,6
|
32,6
|
Ерікті мүліктік сақтандыру
|
2 637,9
|
5 764,0
|
53,5
|
118,5
|
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
1.01.2006 жылғы жағдай бойынша сақтандырудың сыныптары бойынша жасалған сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айта кетуге болады :
міндетті сақтандыруда - көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлемдер 95,6% (3 182,2 млн. теңге) болды ;
ерікті жеке сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 82,5% (1 385,0 млн. теңге) - медициналық сақтандыру төлемдеріне келеді, жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру бойынша 12,4 % (207,6 млн. теңге) және 4,5% (76,3 млн. теңге) - өмірді сақтандыру бойынша келеді.ерікті мүліктік сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 38,3 % (2 208,8 млн.теңге ) мүлікті сақтандыру бойынша, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша 23,9 % (1 376,7 млн. теңге), 19,5% (1 123,2 млн. теңге) - автомобиль көлігін сақтандыру бойынша келеді(Қосымша Е).
2005 жылы жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы бойынша
сақтандыру төлемдерінің мейлінше көп көлемі көлік құралдары иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақталып, төлемдердің жиынтық сомасының 29,5%-і болды. Сақтандырудың осы сыныбы бойынша (сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы) шығын коэффициенті 2005 жылғы 1 қаңтардағы 73,7%-ке қарсы 65,8% болды. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті сақтандыру жөнінде тұтас алғанда шығын коэффициенті 2005 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 63,9%-тен кеміп, 25,7% болды. Бұл бәрінен бұрын, міндетті сақтандырудың жаңа түрлерінің пайда болуымен және олар бойынша түскен сақтандыру сыйлықақылары түсімінің серпінді өсуімен негізделді.
Ерікті жеке сақтандыру сыныбы бойынша шығын коэффициенті өткен жылғы осындай күндегі 27,8%-ке қарсы тиісінше 21,4% болды.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша шығын коэффициенті ұлғайды және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5%-ке қарсы 12,4% болды.Жалпы алғанда, есепті күнге шығын коэффициенті 16,0% болды[28.38б.].
Кесте - 14
Шығын коэффициенті
Сақтандыру қызметінің түрлері
|
Шығын коэффиценті, %-пен
|
|
1.01.2005.
|
1.01.2006.
|
Барлығы, оның ішінде :
|
16,9
|
16,0
|
Міндетті сақтандыру бойынша
|
63,9
|
25,7
|
Ерікті жеке сақтандыру бойынша
|
27,8
|
21,4
|
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша
|
8,5
|
12,4
|
Қайнар көзі: Рынок страхования. январь 2006 года. «Развитие страхового рынка Казахстана» 38стр,
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дамуына әсер етуші факторлар
Позитивті:
-
Қазақстан Республикасы экономикасының жалпы өсуі;
-
Республикадағы халық ауқаттылығынаң өсуі;
-
БСҰ-на кіру үшін Қазақстан Республикасының дайындығы:
-
Халықтың өзінің мүліктік тәуекелін қорғау қажеттілігінің өсуі;
-
Ипотекалық несиелеудің өсуі;
-
Міндетті сақтандыру түрлерін енгізу;
-
Сақтандыру ұйымдарының капиталының өсуі;
-
Сақтандыруға жаңа технологияларды енгізу және дамыту;
-
Сақтандыру қызметтерінің инфрақұрылымын дамыту;
Негативті:
-
Жергілікті сақтандыру ұйымдарының тәуекелділік шығындарын ұстап қалу үлесінің өсуі.
-
Қазақстанның сақтандыру нарығында брокер-резидент еместердің жоқтығы,бұл сақтандыру нарығындағы және оның субъектілеріне барлық төрт брокер-резиденттердің монопольды әсерінің өсуі;
-
Сақтандыру нарығында ірі кэптивті компаниялардың пайда болуы;
-
Жоғары деңгейлі мамандардың жетіспеушілігі.
2.3 Қазақстанның сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» Сақтандыру компаниясының кәсіпкерлік орны және оның даму бағыты
Акционерлік Қоғам «Шетелдік сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» 1994 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №1658-ші жарлығымен құрылған. Үкімет тарапынан қамсыздандырушы болып, Қаржы министрлігі компанияның жарғылық капиталына 3 миллион тенге және 1 миллион АҚШ долларын салған. Қатысушының заңды статусы мен аты «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Акционерлік Қоғамы.
Тіркеуден өткен орны: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 69
Адресі және негізгі қызмет көрсету орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 26А.
06 маусымда «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының қайта ұйымдастырылып, оның құрылымына ААҚ «Өндірістік сақтандыру тобы» кірді. Бұл қайта ұйымдастырылудың мақсаты - «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясыныі меншікті капитал деңгейінің өсуі. Қазақстан Республикасының территориясында осы компанияның 15 филиалы, жалпы персонал саны 220 адам және 1000-нан аса сақтандыру агенттері жұмыс істейді. Лицензия №
-
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2006 жылдың 31 қаңтарынан сериясы ОС №11-8⁄1
-
Ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2006 жылдың 31 қаңтарынан сериясы ДОС №11-8⁄1
Қайта сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия. 2003 жылдың 31 желтоқсаннан сериясы ПД №11-1⁄1 Мемлекеттік органдармен келісілген, белгілі бір сақтандыру түріне сақтандыру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес сақтандыру ережелерінің болуы:
-
АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, ерікті мүлікті сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
-
АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, ерікті келтірілген зияндар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
-
АҚ «Шетел сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандыру» Директорлар Кеңесімен бекітілген, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру ережелері 14.11.2003ж. №16 протокол және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен 30.12.2003ж. келісілген.
1995 жылдан бастап, сақтандыру нарығында жұмыс істеу тәжірибесі, мунайгаз секторында жұмыс істеу тәжірибесін қоса алғанда – 10 жылдан асты.
Қаржы ресурстарын (ақша құралдары, несие т.б.) туралы ақпарат, «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы несие ресурстары ешқашан тартылған емес. Бұл компанияның өзінің ақша құралдары және өз борыштарын ақтауға жеткілікті эквиваленттері жетеді. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы жоғары өтімді активтеріне (ақша құралдары мен оның эквиваленті) иелік етеді, олар «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының Мемлекеттік Бағала қағаздар (Евроноттар) меншік құқығы негізінде, Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар, жылдам салымдар, ағымдағы есепшоттағы ақшалар, ағымдағы картшоттағы ақшалар, кассадағы ақшалар.
Жарғылық және меншікті капиталдың минималды көлемі. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының жарғылық капиталы- 540 010 000 тенге. «Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясының меншікті капиталы баланстан- 2 048 268 000 тенге. Активтерінің құны, баланстан- 3 979 774 000 тенге
Соңғы бес жыл ішіндегі потенциалды жеткізушілерге жыл сайынғы қызмет көрсету көлемі, теңгемен алғанда:
2001 жылы – 2 967 281 000
2002 жылы – 4 413 301 000
2003 жылы – 5 750 385 000
2004 жылы – 6 446 291 000
2005 жылы – 7 100 000 000
«Қазақшетсақтандыру» АҚ компаниясы Халықаралық брокерлармен, қайта сақтандыру компанияларымен: AON Group, EOS RISQ, Marsh Ltd, Heath Lambert Group, HSBC Insurance Brokers Ltd, LIovds″s Svndicates, Partner Re, Zurich Re Company, ARIG Re, Ингосстрах және т.б.мен жұмыс істейді. Халықаралық сақтандыру нарығында өзара қарым-қатынастың болуы, халықаралық тәжірибені пайдаланып жрәне клиенттерге барлық сақтандыру түрлері бойынша қызметті әлемдік деңгейде көрсетуге септігін тигізуде.
Акционерлік қоғам «Шетелдік сақтандыру компаниясы «Қазақшетсақтандырудың» мынандай сақтандыру түрлеріне лицензиясы бар:
Міндетті сақтандыру:
-
Ауыл шаруашылық өндірісі;
-
Соттарды сақтандыру және олардың мүлкін;
-
Автомобиль көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Тасымалдаушының пасажирлер алдыңдағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Аудитор және аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Туроператор және турагенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Үшінші тұлғаларға келтірілген залалдар үшін объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Қызмет барысында қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген залалдар үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Ерікті жеке сақтандыру:
-
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
-
Медициналық;
Ерікті мүліктік сақтандыру:
-
Автокөлік транспорты;
-
Темір жол транспорты;
-
Әуе транспорты;
-
Су транспорты;
-
Жүктерді сақтандыру;
-
Мүлікті сақтандыру;
-
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
-
Автомобиль көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Темір жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Әуе жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Су жол транспорт иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Тасымалдаушының пасажирлер алдыңдағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
-
Келтірілген залалдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;[29.3б.]
Кесте -15
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының сақтандыру сыйақыларының сақтандыру класстары бойынша түсуі (01.01.2006)
мың теңге
Қайнар көзі: «Қазақшетсақтандыру» компаниясының сайты: office@halyk-kis.kz
Кестеден көрініп тұрғандай, ҚШС-дың сақтандыру портфельінің үлкен бөлігін ерікті мүлікті сақтандыру – 79,63%.
01.10.2005жылы ҚШС-дың сақтандыру портфельінің үлесі нарық портфельінің үлесімен салыстырғанда 12%. Ал 2003 жылы 20%, 2004 жылы 16%.
Міндетті сақтандыруда нарық класстарымен салыстырғанда 5,97% төмен. Ары қарай дамыту және сақтандыру қызметінің қауіпті объектілердің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ұсыныстары, ҚШС үлесі 6,67% және 1,65% құрады.
Ерікті жеке сақтандыру классындағы үлесі нарық классымен салыстырғанда – 10,12%. Бұл жерде сақтандыру сыйақыларын жинау болашақта өседі, өйткені сақтандыру өнімдерінің ассортименті жақсаруы жазатайым жағдайлардан сақтандыру үлесінен 9,75%.
Ерікті мүліктік сақтандыру классынан нарық классымен салыстырғанда 14,15% үлесті құрайды. Бұл класс бойынша сақтандыру портфельінің жақсаруы сақтандыру қызметінің келесі класстары бойынша жүзеге асады: автокөлікті сақтандыру, жүкті, келісім бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және келтірілген зияндар үшін үшінші тұлғаларға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. (Қосымша Е)
Кесте - 16
“Қазақшетсақтандыру” компаниясының ерікті мүлікті сақтандырудан түскен сыйақылары
мың теңге
Қайнар көзі: «Қазақшетсақтандыру» компаниясының сайты: office@halyk-kis.kz
Өткен жылдың аналогтық кезеңімен салыстырғанда брутто-сыйақыларының өсуі 21% болды. Мүлікті және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру үлесі 56,3% ҚШС-дың сақтандыру портфельінің барлық брутто-сыйақыларынан 62%-ке өскен, ал автокөлікті сақтандыру үлесі 87%-ке ұлғайды. Ал жүкті сақтандыру үлесі едәуір төмендеді.
Сақтандырудың барлық түрінен үлкен келісім-шарттарда міндеттіліктің(сақтандыру сомасы) төмен екенін көреміз, өйткені ірі келісім-шарттар қайта сақтандыруға берілген. ҚШС-дың шығындарын талдағанда осы көрсеткіштің былтырғы жылмен салыстырғанда барлық сақтандыру түрлерінен төмендегенін көреміз. Бірақ, нарықтық көрсеткіштермен салыстырғанда бұрыңғыдай жоғары, мүлікті сақтандыру мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру класстарын ескермегенде. Резервтерді талдауда сақтандыру төлемдері мен нарықтық көрсеткіштерінің қатынасы жақсы корреляцияны көрсетіп тұр.
Сақтандыру тарифтерін талдауда 40% пайдаланылған тарифтер бекітілген базалық тарифтергесәйкестігін көрсетеді. Ал 30%-і пайдаланылған тариф базалықтан жоғары. 10%-тен азы базалық тарифтен төмен, соған қарамастан өз тәуекелін жаба алады.
“Халық Банктің” мүлкін сақтандырудан сақтандыру сыйақыларын жинау динамикасы өсуде, ол ҚШС-дың сыйақы портфельінің 25%-ін құрайды.
ҚШС-тың негізгі қаржылық көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке өсті, бұл өсім жалпы сақтандыру нарығының көрсеткішінің өсуіне алып келді.[30.19б.]
ҚШС-дың міндетті сақтандырудың барлық түрінен үлесі төмен. Жоғары потенциалды міндетті сақтандыру түрлерінде қауіпті объект иелері және жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыруда, әсіресе қажетті заң шыққаннан кейін. Жақын болашақта міндетті экологиялық тәуекелді сақтандыру ауқымды дамуы күтілуде.
Медициналық сақтандыру мен жазатайым жағдайдан сақтандыруды дамытуда үлкен резерв бар. Медициналық қызмет көрсету бойынша ҚШС-дың инфрақұрылымын жақсарту қажет.
Ерікті мүліктік сақтандыру түрлері бойынша ҚШС алдыда, нарықтық көрсеткіштердің әуе транспортын сақтандыру және әуе тасымалдаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда 70% құрайды. Бірақ, нарықпен салыстырғанда ҚШС осы сақтандыру түрлері бойынша үлесі аз. Қаржы тәуекелін сақтандыруды дамыту қажеттілігі туып отыр, әсіресе «Халық» тобын қолдауда негізінен кәсіпкерлік тәуекелділік пен келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда.
Жылдан жылға сақтандырылып келе жатқан клиенттерге сапалы түрде қатынасты өзгерту, оларға жаңа қызмет түрін ұсыну, қызметті неғұрлым төмен тарифпен көрсету, «фиделизация» жолымен жүру – яғни, тұрақты клиенттерді ұстап қалу.
Сақтандыру қызметін көрсетуде ғана емес, сонымен қатар сақтандыру жағдайы болған кезді бақылау.
Маркетингтік және бренч-маркетингтік зерттеулердің қажеттілігі.
Жалпылай алғанда, сақтандыру нарығы ірі заңды тұлғалардан құралған және ірі сақтандыру компаниялары арасында өзара бөлінген, олар түрлі қаржылық топтардың қызығушылықтарын көрсетеді.
ҚШС-дың алдағы уақыттағы дамуы негізінен шағын және орта кәсіпкерлікті және халықты сақтандыруға бағытталған. Сапалы сақтандыру қызметін көрсетуге кең ассортимент ұсынылады.
Жаңа типтегі компания ретінде – барлық халықаралық сапа стандарт талаптарына жауап бере алатындай, ҚШС-да реинженериг міндетті түрде жүргізу қажет, компанияның бизнес процесін қазіргі технологиялар негізінде құру, имиджін қалыптастыру.
Компанияның мақсаттары:
-
2007-2009 жылдарға «Қазақшетсақтандыру» АҚ даму стратегиясын жасау;
-
ТМД және Қазақстан нарығында көшбасшы орнына жету стратегиясын жасау;
-
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін, жаңа типтегі компания имиджін қалыптастыру.
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының қазіргі уақыттағы міндеттеріне жаңа типтегі компанияны құру үшін, технологиялық және материалдық базаны қалыптастыру. Ол үшін:
-
сақтандырудың қазіргі технологияларын оқыту мен енгізу;
-
ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартына кіру үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясының бизнес процесін құру;
-
«Халық» тобының кросс-сату қызметін ұйымдастыру мақсатында қарапайым, әрі қолжететін тапсырысқа жауап беретін өнім сызығын жасау және енгізу;
-
қазіргі сақтандыру технологияларына сай келетін, программалық қамсыздандыруды енгізу;
-
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының қызметкерлерін мотивациялау жүйесін жасау;
-
капитализацияны өсіру.
Бірінші тапсырма - сақтандырудың қазіргі технологияларын оқыту мен енгізу массалық сатуды ұйымдастыру қажет, яғни сақтандыру қызметін сатудың негізгі жолы IT-технолгиялар потенциалын есепке алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялардың өз қызметі мен товарларды массалық сатуда пайдаланатын: интернет, мобильді байланыс, банкомат және т.б. Шығыс Еуропа, Тынық мухиты аумағындағы дамыған елдердің сақтандыру компанияларының жұмыс істеу тәжірибесін алу(Қазақстандағы халықаралық қаржы институттары мен халықаралық брокерлар өкілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану). Дайын сақтандыру өнімдерін енгізу немесе сатып алу. Екінші тапсырма - ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандартына кіру үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясының бизнес процесін құру. Бизнес процесті ұйымдастыру үшін:
тұтынушы қажеттілігіне бағытталу, басшының ұмтылысы, адамдарды тарту, процестік әдіс, менеджментке жүйелік қарау, компания қазметінің үнемі жоғарылауы, тиімділікті жоғарылату, дәлелге негізделген шешімдерді қабылдау, жеткізушілермен екі жақты тиімді қатынаста болу. Мыналар ол үшін қажет: сапа менеджменті, басшы жауапкершілігі, іс-қағаздарды сапалы толтыру, ресурс менеджменті, өнім шығару, сатып алу, өлшеу, талдау, жақсарту.
Үшінші тапсырма - «Халық» тобының кросс-сату қызметін ұйымдастыру мақсатында қарапайым, әрі қолжететін тапсырысқа жауап беретін өнім сызығын жасау және енгізу үшін «Қазақшетсақтандыру» компаниясы «Халық» тобының ажырамас бөлігі екенін позициялау. «Халық» компаниясының қаржы институттар тобының техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін өзара интеграция үшін пайдалану. «Халық» компаниялар тобына қаржылық қызметтерді тұтынушыларға көрсетуге жалпы категориялар мен белгілерді анықтау. «Халық» компаниялар тобынын клиенттерге қызмет көрсету үшін универсалды менеджерлер институтын құруға қатысу. «Халық» компаниялар тобынын клиенттеріне 20 қарапайым, әрі қол жетерлік сақтандыру өнімдерін дайындау.
Төртінші тапсырма - қазіргі сақтандыру технологияларына сай келетін, программалық қамсыздандыруды енгізу үшін «Premia» прграммалық қамсыздандыруды енгізу және «Халық» тобының клиенттеріне қызмет көрсету үшін біркелкі база жасау. Массалық сатуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану. Басқару есептілігін енгізу, классификатор, кодификатор әдісін негізгі және көмекші бизнес-процесте пайдалану, клиент типін, персонал категориясын, дистрибьютер каналын, шығын мен кірістің құрылымдық бөлімдерін және т.б. енгізу. Статистикалық есептілік қазіргі бақылау органдарының талаптарына жауап беретін, сонымен қатар ERP – шешім - бюджетті жоспарлау мен талдауда ретроспективтік және перспективтік көрсеткіштер сақтандыру шешімін қабылдаудағы ақпараттық-аналитикалық мүмкіндіктер. CRM – клиенттермен қатынасты басқаруды қарастыру.
Бесінші тапсырма - «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қызметкерлерін мотивациялау жүйесін жасау үшін әрбір қызметкерлерге қазіргі дизайнға сай персоналды техникалық инфрақұрылым жасау. «Қазақшетсақтандырудың» қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін жасау, яғни front – back – office есебімен бөлу. Қызметкерлердің инновациялық ұсыныстарын (табысты жоғарылату, жұмысты тиімді орындау) мотивациялау. Білім деңгейін, квалификациясын, жаңа мамандықтарды меңгерген қызметкерлерді мотивациялау жүйесін жасау. Жұмыс қорытындысын марапаттау, мысалы «жыл андеррайтері», «жыл менеджері», «жыл филиал директоры» және т.б. «ҚШС-дың қызметкерлеріне әлеуметтік пакет» жасау.
Алтыншы тапсырма - капитализацияны өсіру үшін андеррайтинг қабылдайтын тәуекел жүйесін енгізу, қайта сақтандыруда облигаторлық экцедент саясатын пайдалану, 2006 жылы таза табысты компанияның өзінің ұстап қалуынан 1200 млн.теңгеге жеткізу.[31.29б.]
-
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және болашағы
3.1 Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік
аренадағы оның даму деңгейі
Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқықтық актілер негізінде іске асылылады. Қабылданған нормативті-құқықтық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:
-
1987 – 2001 жылдардың аралығы кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады.
-
2002 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белгілі теоретикалық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүлдендіретін басты тетіктердің бірі екенін көрсетті. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап, «Қазақстан Руспубликасының 2002-2004 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» қабылдауға байланысты, кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылды.
-
Экономикасы дамыған елдердегі кәсіпкерліктің дамуында қол жеткен әлеуметтік-экономикалық параметрлеріне сәйкес, мәні инновациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады.
Сөйтіп, кәсіпкерліктің дамуының әрбір кезеңіне, қызметтің осы түрін қалыптастыратын, өзінің факторлары мен нәтижелері тән. Кәсіпкеріктің даму кезеңдері қосымшада көрсетілген. Кәсіпкеріктің дамуынын әр кезеңіндегі өзгешеліктерді қарастырайық.
Экономиканың осы секторының дамуының бірінші кезеңі, 1987 жылдан бастап, он төрт жыл уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Республика бұған дейін болып көрмеген қарқынмен елде кәсіпкерләктә қалыптастырды. Бұған бірінші кезекте нормативті-құқықтық базаны құру ықпал етті. (Кесте - 5)
1987 жылы Қазақстандағы кәсіпкерліктің пайда болу жылы болып саналады, осы кезде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) Үкіметі «Жеке еңбек қызметі туралы» заңды қабылдады.
Кесте – 17
Достарыңызбен бөлісу: |