Диплом жұмысы Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»


Қазақстан темір жолының» Шымкенттегі вокзалы



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#132064
түріДиплом
1   2   3   4   5

Қазақстан темір жолының» Шымкенттегі вокзалы


13-сурет


2.6. ОҚО –ң ауыл шаруашылығы
2006 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі (республиканың ағымдағы орташа бағамен), 97506,7 млн. құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 0,1% артық, оның ішінде өсімдік шаруашылығы -тиісінше -5709553 млн. теңге және 3,8% кеміген, мал шаруашылығы - 40411,4 млн. теңге 6,4% артық.

Мал шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемінің 54,5% - мал мен құс еті, сүт -34,8%, жұмыртқа 4,6%, жүн — 1,3% және басқа өнімдер 4,8% құрады.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемінің негізгі бөлігі (36,5%) картоп, бақша, көкөніске, мақтаға- 33,1%, 8,6% - дәнді дақылдарға тиесілі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал -18,9% немесе 18426,0 млн. теңге, Сарыағаш – тиісінше - 17,1%, немесе 16684,1 млн. теңге және Сайрам аудандарында 10,3% немесе 100013,9 млн. теңге тиесілі.



Өсімдік шаруашылығы

2006 жылы алдын ала мәліметтер бойынша 2005 жылғыдан облыста бақша өнімдері -33,4 мың тоннаға артық жиналды. Ал, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 7,2%, мақта – 6,2%, майлы дақылдар -27,1%, картоп -17,6%, көкеністер-0,7% жеміс-жидек-4,0%, жүзім - 1,4% аз жиналды.

Облыс бойынша 2006 жылғы жиналған жалпы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың (206,2 мың тонна немесе жалпы көлемінің 55,5% ), шитті-мақтаның (411,4 мың тонна немесе 94,5%), майлы дақылдардың (28,4 мың немесе 69,6%), бақша дақылдарының (272,4 мың немесе 83,1%) көбірек үлесі шаруа (фермер) қожалықтарының үлесінде; жұртшылық шаруашылықтарында негізінен, картоп - (80,8 мың тонна немесе 65,9 %), көкөніс (244,4 мың немесе 51,3%) және жеміс-жидек (43,2 мың тонна немесе 72,4%) өндірілді.

Мал мен құстың өнімділігі. 2006 жылы облыс шаруашылығының барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2% артып, 1990 кг құрады, ал бір мекиен тауықтан орташа алынған жұмыртқа – тиісінше -4,5% және 184 дананы, қой жүні өткен жылдың деңгейінде қалып-2,7 кг құрады.

Орташа облыстық дейгейімен салыстырғанда бір сиырдан сауылған сүт-Түлкібас-25,2% (25,3 кг), Мақтаарал-14,9% (2354 кг), Сайрам ауданында -6,7% (2124 кг) және Түркістан қ.ә. - 4,1% (2071 кг), бір мекиен-тауықтан алынған жұмыртқа - Сайрам ауданында -19,0% (219 дана) бір қойдан қырқылған жүн - Қазығұртта -22,2% (3,3 кг) және Түлкібаста -14,8% (3,1 кг) жоғары алынды.

Мал мен құс саны. 2007 жылдың 1 қаңтарына 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы ірі мүйізді қара малдың саны-7,1% артып, 650,8 мың басты құрады, соның ішінде сиыр - тиісінше -1,2% және 272,6 мың, қой мен ешкі 6,8% және 3180,7 мың, жылқы -4,8% және 126,1 мың, түйе -7,9% және 15,6 мың, шошқа -0,6 % және 29,7 мың басты, құс -5,2% және 2203,1 мың басты құрады.

Шаруашылықтың ішінде ірі қара мал (33,1%-ға), оның ішінде сиыр (27,1%-ға), сонымен қатар, қой мен ешкі (17,0%-ға) және түйе (39,9%-ға) басының өсуі - фермерлер қожалықтарында, жылқы (52Д%-ға) және құс (5,5%-ға)-ауылшаруашылық кәсіпорындарында байқалды

2007 жылдың 1 қаңтарында 2006 жылдың осы күнімен салыстырғанда облыстың барлық дерлік қалалық әкімшіліктері мен аудандарында түйе саны артқаны байқалады. Ірі қара мал саны Шымкент қ.ә. (13,5%-ға), қой мен ешкі саны – Көктау қ.ә. (9%-ға), жылқы саны - Созақ ауданында (3,8%-ға), шошқа саны - Сайрам (20,9 %-ға) және Шардара аудандарында (20,3% -ға) жеткен / 1,2 /.


Шымкент құс фабрикасы


14-сурет
14-сурет

Егін шаруашылығы. Үстіміздегі жылы облыс бойынша ауыл шаруашылық дақылдары 748,3 мың гектарга орналастырылды.

Дәнді дақылдар 247,7 мың гектарға, оның ішінде бидай 210,4 мың гектарға егілді.

Масақты дәнді дақылдар әр гектардан 12,5 центнерден барлығы 283,7 мың тонна, оның ішінде бидай әр гектардан 12,8 центнерден 259,2 мың. тонна өнім алынды.

Дәндік жүгері әр гектарьнан 37,5 центнерден, барлығы 63,8 мың тонна өнім жиналды.

Майлы дақылдар 46,4 мың гектарға орналастырылып, 40,1 мың. тонна өнім алынды.

Мақта дақылы облыс бойынша 200,0 мың гектарга орналастырылып, оның 196,3 мың гектарынан 435,3 мың тонна шитті мақта жиналды.

2006 жылы көкөністен 476,8 мың, картоптан 122,7 мың, бақшадан 327,9 мың, жеміс-жидек 59,6 мың, жүзімнен 29,9 мың, тонна өнім жиналды.

Бүгінгі күнде облыста 7 элита тұқымын өндіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Оның 4 дәнді дақылдар, 3-і мақта тұқымын өндірумен айналысады. Элиталық тұқым шаруашылықтарында өндірілген тұқымды одан әрі қарай көбейту үшін 26 шаруашылық арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесін алды, оның 8-і мақтадан, 18 дәнді дақылдан.



Мал шаруашылығы. 2006 жылы облыс бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында 137,7 мың тонна – мал мен құс еті (тірідей салмақпен), 526,8 мың тонна – сүт, 215,5 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна қой жүні өндірілді. 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру-5,4 % , сүт-8,5%, жұмыртқа -5,5%, қой жүні-10,2 жоғары.

Үстіміздегі жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 137,7 мың тонна ет, 526,8 мың тонна сүт, 215,4 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна жүн өндіріліп, ірі қара саны 650,8 мың, кой мен ешкі 3180,6 мың, жылқы 126,1 мың, түйе 15,5 мың, шошқа 29,7 мың, құс 7203,1 мың басқа жетіп отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін арттырумен бүгінгі таңда 83 асыл тұқымды мал шаруашылықтары мал тұқымын асылдандыру қызметімен айналысуда. «Оңтүстік-құс» АҚ-на жұмыртқа бағытындағы «Родонит» кросс асыл тұқымды жұмыртқаларын және балапандарын Германиядан алып келу үшін облыстық бюджеттен 10 млн. теңге қолдау қаржы (субсидия) бөлініп, игерілді.

Асыл тұқымды малдың үлес салмағын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша 30 шаруашылық құжаттарын дайындап, ведомство аралық сараптау комиссиясында қаралуда.

2006 жылы облыс бойынша 233 қолдан ұрықтандыру бекетінің 197-і жұмыс істеп, барлығы 84,5 мың бас сиыр қолдан ұрықтандырылды немесе жалпы сиырдың 36,7 пайызын құрады.

Ветеринариялық қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен жыл сайын 23 түрлі ауруға қарсы қаржы бөлініп, емдеу алдын алу және диагностикалық жұмыстар атқарылуда. 2006 жылы осы мақсатқа 277,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Диагностикалық анықтау іс-шараларына 218,2 млн. теңге бөлінген, 12 айда 218,2 млн. теңге игерілді.

Облыста орталықтандырылған 46 ветеринарлық қызмет көрсету орталықтары, 93 мал соятын орындар, 40 «Беккари» шұңқыры, 191 мал шомылдыратын ванналар салынды.

Қазіргі таңда 9 ауданның 24 ауыл округінде бруцеллез ауруы ірі қара малдан — 5, уақ малдан - 19 қолайсыз ошақтары тіркеліп, шектеу жарияланып, қолайсыз ошақтарда кешенді сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Басқа аудандарда бұл ауруды алдын алу, болдырмау шаралары жүзеге асырылуда.

Малдардың есебін толық алу, мал қозғалысын реттеу мақсатында аудандарда бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға межеленген 118,0 мың бас ірі қараның 84,0%, қой мен ешкінің 78%, шошқаның 100% сырғаланып, жылқының 94, түйенің 100 пайызы таңбаланды, немесе 189 мың бас малға паспорт берілді.

Шымкенттегі қаракөл фабрикасынде



15-сурет


Қойлар жайылымда

15-сурет
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту. 2006 жылы облыс агроқұрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ- ы арқылы 66 ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг негізінде алды, оның ішінде 48 дана МТЗ маркалы доңғалақты трактор, 16 дана астық оратын комбайн және 2 дана трактор соқасы.

2006 жылы облыста бар 45 машино-технологиялық стансалар шаруалардың 71,2 мың гектар жерін өңдеп, 17,14 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетті.

Қайта өңдеу. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 70-тен аса акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, сонымен қатар 750-ге жуық кішігірім цехтар айналысады. Олар 15 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің көлемі 2006 жылы - 27 млрд. 600 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 14 млн. теңгеге артты (2005 жылы - 27 млрд. 586 млн. теңге). Оның ішінде кішігірім цехтар бойынша өндірілген өнім көлемі 5 млрд. 260 млн. теңгені құрады.

Талдаулар көрсеткендей, 2006 жылы облыс бойынша өндірілген 83,7 мың тонна еттің 9,8 мың тоннасы (11,7%), 526,8 мың тонна сүттің 27,0 мың тоннасы (5,1%), 5523,8 тонна жүннің 1903 тоннасы (34,4%), 1125,9 тонна көкөніс-жемістің 3,40 тоннасы (0,2%) ғана қайта өңдеуден өткен.

Жекелеген аудандар бойынша жүргізілген талдаулар да ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде әлі де болса жүргізіліп жатқан жұмыстардың баяу екенін көрсетіп отыр. Мәселен, көкөніс-жеміс өнімдерін өңдеу жұмысы облыста тек Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында, ішінара Түлкібас ауданында ғана қолға алынған. Отырар, Бәйдібек, Созақ, Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Түлкібас Түркістан Шардара сияқты аудандар мен қалаларда бірде-бір сүт өңдеу цехтары жоқ.

Сондай-ақ, ет өңдеу цехтары Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Созақ, Отырар, Түлкібас, Шардара аудандарында қарастырылмаған.

Осындай жағдай мал терілері мен жүн өңдеу цехтары бойынша да орын алып отыр. Мал басы жеткілікті болып есептелетін Бәйдібек, Созақ, Отырар сияқты аудандарда бірде-бір мал терілері мен жүн өңдейтін цехтардың болмауы көңіл қынжылтады.

Осыған байланысты облыста өндірілген ет, сүт, көкөніс өнімдері, мал терілері мен жүндері шикізат ретінде облыстан тысқары жерлерге әкетілуде.

Облыс бойынша 2006 жылы межеленген, жаңадан ашылуға тиісті 25 ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың саны 31-ге жетіп, 124 пайызды құрады. Оның ішінде көкөніс өнімдерін өңдеу цехтары - 5, сүт өңдеу - 2, ет өңдеу — 2, күріш ақтау - 2, мақта тазалау, түту - 3, жүгері түтікшелерін тазалау - 1, наубайхана - 8, үн диірмені - 2, кондитерлік цехы - 2, өсімдік майын сығу - 2. Осы жұмыстың нәтижесінде қосымша 260-тай адам жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының қарқынды дамуына Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қомақты қолдау көрсетілуде.

2006 жылға реслубликалық бюджеттен бөлінген, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы берілетін 3,5 млрд. теңгелік жеңілдетілген несиенің 14 жоба бойынша 556,0 млн. теңгесі біздің облыста игерілді.

Осы Бағдарламаның негізінде биылғы жылы жаңадан 20-дан аса ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеңтін цехтар мен кәсіпорындар ашылады деп күтілуде. Оның ішінде көкөніс-жеміс өңдеу - 6, ет өңдеу - 7, сүт өңдеу- 5, балық өңдеу- 1.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы 2006 жылы 16 кәсіпорынға 1 млрд. 480 млн. теңге несие бөлінді. (2004 жылы - 1 млрд. 269 млн., 2005 жылы - 1 млрд. 200 млн. теңге) / 1,4 /.



қорытынды
Әулиелер мекені саналатын Оңтүстік өлкеге ат басын тіреген жұмыр басты пенденің тебіреніп толқымауы мүмкін емес. Бабтардың бабы Арыстанбаб кесенесі, әлем мойындаған Әл-Фарабидің Отаны - көне Отырар қалашығы, оның маңайындағы тарих сырын бүккен төбелердің кімді де болса өзіне баурап алары анық. Мұндағы Отырар өркениетімен бірге өрбіген Оқсыз, Тектұрмас, Рабат, Ақжар, Төрткүл, Сумағар атты орта ғасырлық тарихи кент орындары болып есептелетін төбелер сырына бойлауға талпынсаңыз-ақ болды, тек осынау өлкенің ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихын тамтұмдап ұға бастағандай әсер аласыз.

Басқасы басқа, исі қазаққа Түркістаннан асқан қасиетті мекен бар ма екен, сірә! Өйткені мұнда қазақтың елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгіден тер төге жүріп ғұмыр кешкен хан да, би де, батыр да, бағлан да мәңгіге тыныстап жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшің атқарған қызметінің қасиеті бізді үнемі желеп-жебеп жүретіні сөзсіз.

Бұл орайда киелі елдің азаматтары кеменгерлік таныта алса, ер елге тірек тарихи жауапкершілік пен мойнымызға артылған жүгі жеңілдей түсері дауыссыз. Бір қуанарлығы, бірге қимылдап, бірлесе қайрат көрсетудің ел ес жиып, етек-жеңін жинап үлгерді. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрынғыдай емес, елдің іргесі нығайды, халықтың тұрмысы жақсарды. Қоғамдық өмірімізде, экономикалық, әлеуметтік - тұрмыстық салалардың барлығында да айтулы өзгерістер жүріп жатыр. Әр саладағы алға басушылықтың әсерін айқын сезінген қарапайым халықтың алдағы күндерге деген сенімі орныға түсуде.

Халықтың әл-ауқатының артуы ел экономикасына тікелей байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Нақтылы көрсеткіштерге жүгінер болсақ, облыс бойынша 2005 жылдың қаңтар-шілде айларында 84 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл 2004 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,8 пайыз құрап отыр. Ең бастысы, ағымдағы жылдың өткен жеті айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамығанын атап өтуіміз керек. Аталған саланыңүлесі өңдеу өнеркәсібі келемінің 31,4 пайызын құрайды. Рас, осыдан біраз уақыт бұрын облыс өңірінің өнеркәсібінің ахуалы күрт төмендеп кеткен тұста, кейбіреулерге енді еңсе көтерместей болып көрінген. Қазақстан халқына Жолдауларында атап көрсетілген міндеттер мен «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасы басты таянышымыз, шамшырағымыз болды. Нәтижесі жаман болған жоқ. Облыс өңіріндегі тоқыма және тігін өндірісі, былғары бұйымдар мен аяқ киім шығару, қағаз өнеркәсібі мен баспахана ісі, кокс, мұнай өнімдері өндірісі, химия өнеркәсібі, резина және пластмаса бұйымдарын шығару, машина жасау және өнеркәсіптің басқа да салалары қазір жүйелі түрде жұмыс істей бастады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының 2004-2005 жылдарға арналған индустриялық - инновациялық жоспарын» іске асыру шеңберінде облыстың кәсіпорындарында жоғары технологиялық өндірістер құру, құрал-жабдықтарды жаңарту, даму институтарының қатысуымен, коммерциялық банктердің несиелері және өз қаражаттары есебінен жобаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазір бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі жүйелік жұмыстар аясында кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға көшіру шаралары атқарылуда.

Облысымыз инвестиция игеру саласында да қомақты көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Дәлірек айтсақ, 2005 жылдың қаңтар-шілдесінде жасырын және бейресми қызметті қоса есептегенде негізгі қорға бағытталған 24,7, млрд. теңге инвестиция игерілді немесе 2004 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 155,3 пайыз құрайды.

Ел экономикасын арттыруда шағын кәсіпкерлікті дамытудың атқарар ролі ерекше. Бұл саланың дамуы сандық та сапалық жағынан өсуімен сипатталады. Облыстық статистика басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, заңды тұлға ретінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 13,4 мың бірлікті құраса, осынау кәсіпорындардық 70 пайызы ел экономикасын дамытуға айтулы үлес қосуда. Біздің өңір-ақ алтынның Отаны. Ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде мақтаның алатын орны ерекше. Мақта өңдейтін, жіп иіру және мақта тоқу өндірісінде бәсекелестікті арттыру мақсатымен, Елбасының жарлығы бойынша «Оңтүстік» арнайы экономикалықаймағы құрылған болатын.

Аймақты дамытуға 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартылды. Жоғарғы технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындары ашылып, 6000-ға жуық адам жұмыспен қамтылмақшы.

Міне, ел экономикасының зор қарқынмен дамуының нәтижесінде халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы қазір күн өткен сайын жақсарып келеді. Нақтылы мәліметтерге сүйенсек, облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 7900 теңгені құрады, бүл өткен жылдың сәйкее мерзімімен салыстырғанда 16 пайызға артық. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша облысымызда 5 мың пәтер салынып пайдалануға берілмек. Оның бір мыңнан астамы биыл салынып біткелі отыр. Бес мың адамның баспана жағдайын түзетуге септігін тигізеді.

Тек тұрғын үй ғана емес, аурухана, спорт алаңы, балабақша, өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Жүзге жуық отбасы тегін коммуналдық үй алады. Облысымыздың бірінші болып жастар үшін арнайы құрылыс бағдарламасын жасағанын атап өту орынды.

Облыс ауылдарының да тұрмыстық жағдайы жақсарып енледі. Ркспубликалық және облыстық бюджеттен 27 салада ауыз сумен жабдықтау орындарының құрылысы қаржыландырылуда, ауыл жолдарын жөндеуге 500 млн. теңге бөлінеді. Бірқатар аудандарды газбен қамтамасыз ету, электр қуатын реттейтін желілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 35 ауылда мектеп құрылысы басталып, ауылдық білім мекемелерінің 70 пайызына байланыс жүйесі тартылды, осы шамадағы мектеп интернет жүйесіне қосылып, толықтай компьютерлендірілді.

Халықтың денсаулығына да баса назар аударылуда. Темірланда, Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында, барлығы 6 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы басталды. Ана мен баланың денсаулығын нығайту мақсатында 1994 жылы «Бөбек» қорының төрайымы С.А.Назарбаеваның тікелей араласуымен «Ана мен бала» оңалту орталығы ашылған болатын. Мұнда өткен жылдың сегіз айында орталықта 1539 ана мен бала емделіп шықса, биыл 1693 адам сауықтырылды, оның ішінде ауылдық жерден келгендері 76 пайыз. 2005-2007 жылғы денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша амбулаториялық қараудағы әйелдер құрамында темір және йоды бар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі. Облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбилерге арналған реанимация бөлімі жұмыс істейді., барлық дербес перзентханаларда интенсивті терапия бөлімдері ашылған. Облыста 100515 көп балалы аналар тұрады, бұл барлық республикадағы көп балалы аналардың 34 пайызы, 9575-сі «Батыр ана» мен Алтын алқамен, 18547-сі Күміс алқамен және ІДІ дәрежелі «ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар, 42392 отбасы төрт және одан да көп бала тәрбиелеуде.

Облыста балаларға арналған 2 интернат үйі бар. Оның ішінде 162 бала Көкәйектегі жарымжан, 256 бала Шымкенттегі ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде тұрады. Әйел ардагерлер мен қарт мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, Ардагерлер үйінде, Сарыағаш, Манкент шипажайларында 339-дан астам әйелдер мен көп балалы сауықтырылды. 38 әйел мен 27 мүгедек бала қол арбамен қамтамасыз етілді.

Иә, бүгінгі оңтүстік өңірде атқарылып жатқан игі істердің ауқымен бір мақала аясын сыйғысып айтып шығу мүмкін емес. Ең бастысы іргелі ел болу үшін қысқа мерзімде атқарылған орасан зор жұмыстарды одан әрі дамыту түсу басты парыз екенін оңтүстік азаматтары жақсы түсінеді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Нұрбеков Ж.Н. Нұрын шашқан Оңтүстік,- Алматы, «Эфект», 2003ж. -288 бет.

  2. Бас редактор Аяған Б.Ұ. ОҚО Энцклопедиясы Алматы «Қазақ энцклопедиясы» 2005ж. 560 бет.

  3. Бас редактор Нысанбаев. Ә. Қазақ ұлттық энцклопедиясы Алматы Қазақ ұлтық энцклопедия 1998ж. -720 бет.

  4. Шымкент Кітап 1998ж.

  5. Шымкент дизаины және полеграфия Кітап баспасы. 2003ж.

  6. Казахстан – 2030. – Алматы: Юрист, 2002. – 132 с.

  7. Казахская Советская Социалистическая Республика./ Гл. ред. Каз. Сов. энц.- А – А.: 1981.- 487с.

  8. Казахстан за годы независимости. /Отв. ред. Амбурова Х. К.//Инф. аналит. сб.-Алматы.: 2006.-350с.

  9. Геология и металлогения Каратау. Т. I и II, Алма-Ата Наука, 1986 г.

  10. Геология и полезные ископаемые Южного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1988г.-345с.

  11. Геология СССР. Т. 40, Южный Казахстан, Кн. 1, 2, 3. Москва, Недра 1971, 1977г.

  12. Кварцевые пески Южного Казахстана – сырье для производства стекла. В кн.: произвозительные силы Южного Казахстана Т. I. Алма-Ата Наука, 1966.- С.105.

  13. Переспективы нефтегазоносност Южного Казахстана. Алма-Ата Наука, 1966. 246с.

  14. Рудные месторождения СССР. Том 1, 2, 3. Москва, Недра, 1978.

  15. Тефрито-базальты Чимкентской области – сырье для камнелитейного производства. Алма-Ата «Наука», 1966.168с.

  16. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана./ Чупахин. В.М. А-А.: Мектеп, 1968.- 260с.

  17. Юшко С.А. Главнейшие минеральные ассоциации в свинцово-цинковых месторождениях хребта Каратау. Изв. Вуз. Геология и разведка, 1960, №2.-С.87-95.

  18. Генплан г. Арыс. Архив институт № 6234 Қазгарстройпораект Алма-Ата1975г.

  19. История индустриаизации Казахский ССР. Алма-ата 1976г.

  20. Сарыагаш БСЕ Масква 1975г. 603; Казак совет энцклопедиясы Алма-Ата 1971 35 б.

  21. Курорт Казахстана Алма-Ата 1973г.

  22. Туркестанский край СПб. 1913. Ташкент

  23. Кентау –город юностй Алма-Ата 1971г.

  24. Чардара Древности Чардары Алма-Ата 1971г.

  25. Дүйсенов Ә.Б. Жаңарған Шардара Алматы 1971ж.






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЫҢ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Факультеті ____________________________________________________________________

Мамандығы ___________________________________________________________________

Кафедрасы ____________________________________________________________________


Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған

ТАПСЫРМА

Студентке ______________________________________________________________________

(аты-жөні)

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы _________________________________________________

_____________________________________________________________________________

ЖОО бойынша “____” “_______________” 200 ____ жылғы № _______ бұйрығымен бекітілген.

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі “____” “____________” 200____ж.

Жоба бойынша қортынды мәліметтер ______________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны:

1. _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2. ____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырап):

1._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиет: ______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер: _______________________________________________

_____________________________________________________________________________


Бөлім

Кеңесші

Кафедра


















Тапсырманың берілген күні: “_____” “_______________”200___ж.

Кафедрамеңгерушісі:______________________________________________________________ (аты-жөні, қолы)

Жобаның (жұмыстың) жетекшісі:___________________________________________________

(аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған:____________________________________________

(аты-жөні, қолы)

Студент:_______________________________________________________________________ (аты-жөні, қолы)



Мерзімі: “______”“_______________”200___ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет